kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Аяулы анашым" сыныптан тыс іс-шара.

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 наурыз мерекесі. Халқаралық әйелдер күніне арналған сыныптан тыс іс шара.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Аяулы анашым" сыныптан тыс іс-шара.»

Сценарий тақырыбы: «Ару қыз
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін — өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.Ананы құметтеуге, ардақтауға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті Ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар, сұлу арулар! Сіздер 8- Наурыз Халықаралық аналар күніне арналған «Ару қыз!» атты мерекелік ертеңгілікке жиналып отырсыздар.

Жүргізуші:
Армысыздар ақ тілекті әжелер,
Ертегімен өмірімді әсемдер.
Мерекеңмен аялаған аналар,
Бір өзіңнен бар қуаныш таралар.
Шуақ шашқан алтын көңіл арулар,
Дарынды боп өнерменен қарулан.

Міне, алдарыңызда сіздердің балаларыңыз, еліміздің болашағы, менің шәкірттерім бар өнерін көрсетпек.
Құрметті жиналған қауым бәріміз ана деген асыл жаннан жаралған бір тұлғамыз. Сол аналарымызға ұзақ өмір, талмас қанат, таусылмас бақыт тілей отырып, мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.

Жүргізуші:
— Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бұл кім?

Балалар: Ана,ана,ана.

Жүргізуші:
Тамаша, білімді екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
1. Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ, жоқ!
2. Ал, таңертең ерте тұрып, мектепке өзі киінетін, үйде анасына көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!

Жүргізуші: Ана - перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тілегіне кезек берейік

Хор: «Анашым »

Іңкәр.
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.

Мейірім

Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын.
Шарапат.
Еркелеткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде мархабат
Анамызға мың алғыс

Жанарыс.
Бүгін Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Айзере.

Жүре берсем қасымда
Әйбат анам әй анам
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.

Талғар.
Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем

Нарбол.

Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық ұлассын

Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз


Бекжан.
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
Айым.
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен басиеміз

Шалқар.
Жанымызды жайнатқан
Сіздер ғой ол аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар

Дильназ.

Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем

Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі

Азамат.
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң сағынам

Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет

Дильнура.
Әр сөзіңді жаттағам
Жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам

Айтсаң болды тіл алам
Әйбат анам әй анам
Сені көрсем қуанам
Сен керексің қашанда.


Алина.

Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Балдай тәтті бал әжем

Сабина.

Тірегі болып жанында
Бірге еріп жүремін
Жанашырым жанымда
Тек әжем деп білемін

Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін

Абдрахман.

Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі

Немересін жанындай
Әжем жақсы көреді
Қонаққа барса ұмытпай
Кәмпит әкеп береді

Әли

Сырымды ұғатын ,
өзіңсін қуатым
Күнімсің шығатын
Айымсың туатын

Аялы алақан,
Әлпештеп өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген

Көрініс: « Не тәтті? »

Жанарыс: ән «Ақ мамам »

Әли мен Бекжан: ән: «Әкем, анам».

Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер –білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңды болсын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
«Ару қыз» атты байқауымызды бастайық.

Жүргізуші:
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.

Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне шақырылады)
Алина ару, Дильнура ару, Шарапат ару, Іңкәр ару, Айым ару, Айзере ару, Сабина ару, Дильназ ару.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін — ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі
Бірінші сайыс өзін — өзі таныстыру.

Жүргізуші:
Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән сыйлашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады
(Өнер көрсету сайысы)

Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша ер балаларымыздың
биін тамашалайық.
« Ұлдар тобының биі. Флешмоб»

Жүргізуші:
Білімсізден қаша білген,
Біліммен жарық шаша білген.
Білімді көп білетін дана болар,
Білімсіздің ісі шала болар, деп келесі сайыс

«Мақал – мәтел айту»
«Мейірім мен Абдрахман: ән: «Қошақаным»

Жүргізуші:

Саусақтары майысқан,

Шебер борлар ма екенсің,

Тұла бойы тұнған бір,

Өнер болар ма екенсің деп, -келесі сайысымыз «Қолөнері» сайысы.
Жүргізуші: Әділқазылар әділ бағасын бергенше ұлдарымызбен қыздарымыздың биін тамашалайық.

Би: «Вальс». Аналарын биге шақырады.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі — деп ару қыздарымызды ортаға қошаметпен шақырайық.

«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды марапаттау.

Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.
Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға ұсыну.



Аналар мерекесі тәрбие сағаты

«Ана - өмірдің шуағы»

1-жүргізуші:  Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді  көктемнің алғашқы  айында еліміздің барлық жерінде тойланатын  
8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.

2-жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!

1-жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың  ыстық құшағынан қасиетті  ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананның шапағат мейіріміне жетпейді.

2-жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын  өтей алмайсың.

1-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.

2-жүргізуші: Бүгінгі  8-наурыз –аналар мерекесіне арналған «Ана - өмірдің шуағы»
 атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.

1-жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

1-оқушы:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

   2-оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің 
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.





3-оқушы:
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

4-оқушы:
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

5-оқушы:
   Ана деген ақылшың,
   Анаң барда батырсың.
   Қасыңда кім болса да ,
  Тек анаңа жақынсың.


6-оқушы:
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.

7-оқушы:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз, 
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, –деп, Абай атамыз айтқандай Дулаттың орындауындағы «Адай» күйін  қабыл алыңыздар.

 
2-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге  –демекші, ендігі кезекте қазақтың 
«Қазақ биі», қабыл алыңыздар.

Би «Қазақ биі» Дамели, Аяжан

1-жүргізуші:
Дүние ойдан шығалы,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, –дей отырып, ендігі кезекті әнге берейік.

«Cups» әні   Р. Аяна, Нұрсұлу, Ламисса

2-жүргізуші:
Ойын «Анамның даусы» Барлық балалардың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың даусының арасынан, өз анасының даусын тану арқылы табу керек.

2-жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Сіздердің алдарыңызда Лезгинка
Таң қалдырып қанекей би билеңдер !

2-жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
 «Ана» деп біздің халық текке айтпаған, –деп кезекті көрініске береміз.

Көрініс «Әжесі мен немересі»  

Немересі: -Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: -Адам қымбат, қалқам.
Немересі: -Адамға не қымбат?
Әжесі: -Бала қымбат, қалқам.
Немересі :-Балаға не қымбат?
Әжесі: -Ана қымбат, қалқам.
Немересі: -Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: -Сұрай ғой, қалқам.Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: -Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: -Дүниеде не қатты?
Әжесі: -Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса –ағайын жақын,
Ақылшы болса-апайың жақын.
Бауырмал болса-інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарыңдасын.
Немересі:-Түсіндім,  әже.

«Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!

1-жүргізуші:
Жан-жақты бізде қыздар, ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей ортаға шық!
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! 
Сахнада «Спорттық көрініс» қабыл алыңыздар. Айя, Дулат-Диас, Альнұр-Алан


1-жүргізуші:
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, –деп, ендігі кезекте «Жан – анашым» әні, қабыл алыңыздар!

Хор «Жан – анашым»


 

8-оқушы:
                    Достықты  біз ойлаймыз,
                   Бірге күліп ойнаймыз.
                   Қыздарды да қүттықтап,
                   Мерекесің тойлаймыз!

  • Ендігі кезекте қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық!

Арай мен Адель «Пузыри»

2-жүргізуші:Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.

1-жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала–шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт–береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!

Сынып оқушылары аналарына жасаған ашық хаттарын береді, қыздарға арналған сыйлықтарын ұсынады.

Осымен сіздерге арналған концертіміз аяқталды, сау болыңыздар!



Жүргізүші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ақжаулықты әжелер, асыл да, аяулы аналар, ұстаздар, ару қыздар!

Сіздерді 8 Наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!
Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы мүмкін емес. Өйткені, көктем секілді, аналарымызда адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайтын жандар.

Жургізүші: Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол-ананың сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі. Ана дегеніміз-әлемнің жаң дүниесі. Ол-тіршілік, үлкен тағдыр.

Жүргізуші:- Қымбат аналар!

Ұжыммен балалар!

Тағы бүгін бәріміз,

Шуақты көктем күнінде

Алақанды соғайық,

Мектепалды тобының

Ертеңгілігін бастайық!

Күннің жылаған дауысы шығады.

Жүргізуші: - Балалар, естіп тұрсыңдарма. Біреу жылағанандай.

Күн кіреді.

Жүргізуші: - Күн, саған не болды? Неге жылап тұрсың?

Күн: - Мен сендерге қонаққа келе жатқанымда, боран мені ұстап алып, сәулелерімді тартып алды. Енді мен сендерге жылу берер алмаймын. Көктемде келмейді, мерекеде болмайды.

Жүргізуші: - Балалар, енді қа теміз? Боранның істегені дұрыс емес. Біз сендермен бұл мерекеге соншама дайындалғанбыз, бәріне бұзды ғой!

Қане онымен сөйлесейікші.

Боран кіреді: - Ха! Ха! Ха! Вот и все! Не будет солнца, не будет тепла. Не будет тепла, знчит и весны не будет! Будет вечная зима! Ха! Ха! Ха!

Жүргізуші: - Боран, бүгін аналардың мерекесі ғой! Қарашы, балалар бұл мерекеге дайындалып, қонақтарды, аналарын шақырды. Енді бәрі ренжіп, үйіне қайтатын болды. Мен білемін, сенің де мамаң бар. Ашуыңды бас, куннің сәулелерін қайтар.

Боран; - Ну незнаю. Лично мне весна не нравиться. А мама у меня есть, и я ее очень люблю. Ну ладно, ради мамы я верну лучики солнца. Только вы пообещайте что разрешите мне побыть на вашем празднике?

Жүргізуші: - Әріне, боран. Кел отыр.

Боран: - Нет-нет. Я вам не верю. Сейчас я вам верну лучики, а вы меня прогоните. У меня есть условие: Я буду давать по одному лучику. На каждом лучике, будет написано задание, которое вы должны будете выполнить. Выполните все задания, и ваше молнце засияет всеми лучами.

Біздің балалар ақылды, өнерлі. Тапсырмаларыңды орындауға тырысамыз.

Боран: - Тогда вот вам мой первый лучик.

Жүргізүші: -Тапсырма: Аналарды құттықтау.

Той пәрдесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық!

Жүргізуші: - Балалардың орындауында ән: Вальс

Жүргізуші: Что бы согреть наших любимых мам ТАНЕЦ ОГНЯ

Жүргізуші: - Боранның екінші тапсырмасы: Әжелерді құттықтау


Менің әжем бұл әжем.

Айтқан сөзді дәл әжем.

Аман болма кореді,

Қызығымды әлі әжем.


Менің әжем, гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем.

Анам үшін, мен үшін,

Нағыз ана, ол әжем.


Әжелерді ардақтап,

Қуанатын кулді күн.

Мейрамымен құттықтап

Би билейміз біз бүгін

Зайтунам Тохтахуновна: тақпақтар

Батима Хасамдуновна: тақпақтар

Жүргізушы: Ән Қошақан

Би: Гүлдер бии

Көңілді би: Чунга – чанга

Жүргізүші: Боранның үшінші тапсырмасы: Ұстаздарды құттықтау

Айтбакиева З.Т.

Құтты болсын, ардақты ана

Асыл анам мерекең

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты мерекең!


Бала, бала, бал деп,

Түнде шошып ояған.

Түн ойқысын төрт бөліп,

Тунде бесік таянған.


Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ мамам.

Менің мамам сүйлімді,

Бәріне де жақсы адам.


Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам ай мамам.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің қайда да.


Жүре берсем қасында,

Әйбат анам, ай анам.

Ботам деген даусыңнан –

Мен мәз болып оянам.


Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қыз, алтын бақ.



Аялы алақан

Әлпештеп өсірген

Аяулы жан адам

Қатемді кешірген.


Қабыл алшы анашым.

Ұзак өмір жүз жасап,

Ауырмашы анашым.


Қулпырған гүлдей,

Көктемгі күндей.

Жылылық маған,

Төгесін үзбей.

Рақмет анашым.



Жүргізүші: Вальс

Би: ВОСТОЧНЫЙ

Жүргізүші: Боранның төртінші тапсырмасы: Ару қыздарды құттықтау

Мың буралып билеген

Қыздарды кім суймеген.

Күміс көмедей қыздарға

Қімдер басын имеген.


Би: стихи на русском про бабушек

Би: Қайрат Н:

Жүргізүші: Боранның соңғы тапсырмасы: - Ертегі сахналансын

Балалар сіздердің назарларыңызға Бауырсақ ертегісін ұсынады.

Жүргізүші: - Міне балалар, күнніміздің бәрі сәулелері орында.

Күн: Құрметті қонақтар, балалар!

Жарқыраған қызыл гүлдей,

Болсын әсем өміріңіз.

Сәуле шашқан әсем кундей,

Көтерілсің көңіліңіз.

Мен күн сәулесемін! Сіздерге жылу беремін!
Көктем келді, күн жылыды!

Жүргізүші:Құрметті қонақтар!

Қымбаты қонақтар! Осымен біздің ертеңгіліміз аяқталды.

Келесі кездескенше күніміз тек жақсы болсын!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Аяулы анашым" сыныптан тыс іс-шара.

Автор: Жанбуршина Айнагуль Тыныспаевна

Дата: 18.03.2017

Номер свидетельства: 401343


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства