kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ая?талма?ан повесть." атты ерте?гілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?аты: Ая?талма?ан повесть.

Ма?саты: 1. Білімні? сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта ал?ан  білімні?  негіз болып ?аланатынына к?з жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, ал?аш ?олына ?алам ?стат?ан ал?аш?ы ?стазымен ?оштаса отырып, орта буында д?ріс беретін ?стаздармен таныстыру,?р баланы? ерекшелігін  таныта отырып, с?т – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті, ?стаздарын ??рметтеп, білімге деген ??штарл?ын арттыру.?з Отаныныны? адал ?лы мен ?ызы болу?а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: «Шуа?ын т?ккен 4 жыл» фотомонтажы.Ата-аналарды? клипі. Слайдтар.

?анатты с?здер мен та?ырып.

Руслан:

?ош келіпсіздер, ??рметті ата-аналар, ?ымбатты ?ріптестер, ?адірлі ?она?тар! Б?гінгі к?н осында отыр?ан б?ріміз ?шін ерекше к?н, оны? ерекшелігі сол – 4 жыл б?рын мектеп табалдыры?ын ж?рексіне атта?ан кіпкішкентай бал?ындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да ?сіп, бастауыш білім сатысынан орта буын?а ?ш?алы отыр.
Бесіктегі баланы?, к?лгенін к?рген бірм?рат.
Алдына т?сіп ананы?, ж?ргенін к?рген бір м?рат, -
дегендей, б?л да бір ?уанышты к?н.
Армандаса? да, ?иялдаса? да балалы? ша?ы? к?з алды?а келеді. ?йткені, биік асу?а беттеген аяулы ??мыр, ?ажайып ?мір осынау бал к?лкілі балалы? ша?тан басталады. Міне б?гін бізді? б?лдіршіндер ?міріне ?шпес із ?алдыр?ан бастауыш сыныбымен ?оштасып бір жыл?а та?ы да есейгелі отыр. Ендеше ?ызы?ты да, ?аламат ?згерістер сыйла?ан, білім н?рімен сусындат?ан, ?мірде ?з жолдарын табу?а жол сілтеген ?стаздарына, ата-аналарына ?з ?нерлерін к?рсетуге дайын.
Зере

Тол?имыз, тол?ып т?рсыз барша?ыз да

М?ндай к?й бол?ан сір? ?анша?ызда

?ол со?ып, ?ошеметтеп ша?ырайы?

4- сынып о?ушыларын  ортамыз?а!

Музыка ?уенімен бастауыш сынып т?лектері орта?а келеді.
Камила:

Шашу, шашу, шашайы?,

А? санды?ты ашайы?.

Б?л мереке, б?л тойды?

Баста??ысын жасайы?.

(шашу шашылады)
 М??алім:

Той б?гін -ке? сарайда шал?ып тас?ан
Той б?гін- ж?рт жиналып шашу шаш?ан,
 Той б?гін- шат ?мірді к?йге б?леп,
  Би билеп, ас?а?татып ?нге ?ос?ан.
  Б?л тойда жан табылмас тасыма?ан,
  А? с?уле ?рбір т?стан шашыра?ан,
   Ж?парлы г?лге оран?ан осы тойды?
   Иелері- Аяулы ш?кірттерім- ?л-?ыздарым!
Жансерік: Армысыздар, ?стаздармен о?ушылар, ата-аналар мен а? жаулы?ты апалар!
Камила: Б?гінгі « Ая?талма?ан повесть.» ерте?гілігіне ?ош келіпсіздер. ?р жан?я?а береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастау?а р??сат еті?іздер.

Медет:

?оштасу тойын бастайы?,
?н мен биге басайы?.
?нерімізді к?рсетіп,
??рметіне б?л тойды?.
?н мен шашу шашайы?.
?н: «?йретеді мектепте»
 Сабина:

Жиналыппыз с?тті к?ні б?ріміз де,
?лкен, кіші жасымыз, к?ріміз де.
Т?рлеті?із ?адірменді кона?тар,
Г?л-г?л жайнап, б?гінгі с?ні?ізбен.
Шаттанамын мен б?гін шаттанамын,
?ылым сырын т?сіндім, ма?танамын.
Осы сырды ?йреткен бастауышым,
Т?стей болып, міне б?гін артта ?алды?.
Айту?ан:

Білімні? ?айнар б?ла?ы.
?нерді? жары? шыра?ы.
Т?ра?ы ?зі?, мектебім.
Мектебімде шыр?алма?ан жыр бар ма?
Мектебімде айтылма?ан сыр бар ма?
Мектебімде алаула?ан жас жалын.
Кетер м??гі с?нбей талай жылдар?а.
Бахтияр:

 Есігі?ді аш?ан бала?а,
??ша? жайды? мектебім сен ?уана.
Сол бір с?тті м??гі ?мыта алам ба,
Сенен арты? д?ниені таба алам ба?
Мектебім – м??гі бапкерім
?арызбыз са?ан б?ріміз
?зі?е деген парызды,
А?таймыз талай ?лі біз.
Руслан:

Айдында а??удай сыла?да?ан
Біреулер к?й, біреулер жыр арна?ан
 Шы?сын енді орта?а биші ?ыздар
Тал шыбы?тай иіліп мы? б?рал?ан.
Би «Ертегілер»
М?лдір:

Білім деген байлы? бар,
Еш байлы? о?ан жетпейді.
Жасы?да о?ып, жиып ал.
Тепкілесе? кетпейді.
?рті?е де к?ймейді,
?рылар да тимейді
Жатып ішер жамбастап,
Жал?ауды ол с?ймейді
 Бекс?лтан:
 Есімде ?стазды? ал?ан ?арсы ал?аны,
Ай?ара есік ашып таста?аны.
Бір мереке думан болып осы ма?да,
Жетелеп бір сынып?а ап бар?аны,
Енді міне, са?ымдай ?те шы?ты,
Т?рт жыл уа?ыт аз ба екен кім біліпті.
?стаз ана жасады мына бізден
Ел танымас азамат бір- бір мы?ты.
Батырхан:

Анамдай с?йем мен,

Шеберін ?ылымны?.
?стаздан ?йренем,
?нерін білімні?,
?йретіп іс сазын,
Мы? жаса ?стазым!
 «?стазым» ?ні.
Берік:

С?йікті м??алім,
 Бес алсам ?надым,
Екі алсам сынады?,
Алды?да ?р?ашан,
Бас иіп т?рамын,
С?йікті м??алім!
М?хамед:

?ріптерді ?йретіп,
Жа?ын бол?ан кім бізге?
Жаманды?тан жиреніп,
А?ын бол?ан кім бізге?
Десек, ол жан - м??алім
?апаста?ы елдерді?
М??ын айт?ан кім бізге?
К?рікті сан жерлерді?,
Сырын айт?ан кім бізге?
Рахмет, са?ан м??алім!
Жансерік: сынып о?ушылары мен ата- аналары ?мірінен к?ріністер.
«Есеп».
Баласы-Батырхан

Атасы-Бекс?лтан
Баласы:
Ата, кешегі шы?арып берген
есебі?із т?п т?гел ?ате екен.
Атасы: Не дейді? М?мкін емес!
Баласы:
Ашуланбай а? ?ойы?ыз, ?зге балаларды?
Аталары  да сол есепті шы?ара алмапты.

«Е? ?иын с?ра?»
Баласы-Берік

Анасы-Сабина
Баласы: Мама, мен б?гін б?кіл сынып
О?ушылары жауап бере алма?ан с?ра??а жауап бердім.
Анасы:
?те жа?сы балам, ол ?андай с?ра??
Баласы:
Сынып б?лмесіні? терезесін
Кім сындырды деген с?ра??а…
«Емтихан»
?кесі-Бахтияр

Баласы-Айту?ан
?кесі: Балам, кешегі емтиханды ?алай тапсырды??
Баласы: Жа?сы тапсыр?ан шы?армын. ?йткені м??алім жазда та?ы келесі? деді ?ой.
?кесі: Жарайсы? балам, ?зіме ??са?ан екенсі?.

Зере:
-Балалар, айты?ыздаршы, м??алімдер осы сіздерді  ?андай ?алыпта к?ргілері келеді?

-«М??алімдер бізді осылай к?ргісі келеді»(?олдарын ?стелге ?ою)

— Аналары?ыз  ше ?

-Аналарымыз  былай к?ргісі келеді (сыпыру)

 ?келері?із  ше ?

-?келеріміз мынаны ?алайды, к?ргісі келеді (ма?дайларын керіп,?арындарын сипау)

-Сыныптастары?ыз ше?

-Сыныптастарымыз мынаны к?ргісі келеді (?олын ж?регіне ?ойып, ж?ректерін  ?сыну)
Зере:

Сіздер нені ?йренді?іздер?

М?лдір: о?уды

Дильназ: жазуды

Алуа: есеп шы?аруды

Айту?ан: ?н айтуды

Медет: би билеуді.
Батырхан: ?лкенді сыйлауды

Сабина: кішіге ?ам?ор болуды

Берик: жерімізге

Мухамед: елімізге жа?сылы? жасауды

Бексултан: Хал?ымызды? салт- д?ст?рін

Бахтияр: ?дет- ??рпын ?йрендік

Жансерік:Сіздер  нені с?йесіздер?
Хормен: ата- ананы, хал?ымызды, жа?ынымыз бен алысымызды, ??рбы ??рдастарымызды, таби?атты, ел байлы?ын, ?стаздарымызды, алтын ?я мектебімізді!
Камила: Сіздерді  болаша??а не бастайды?
Хормен: ?стазды? к?рсеткен жолы, ата- ананы? а?ылы, болаша??а деген берік сезім.
Жансерік: Сіздер кім боласыздар?

Хормен: адал азамат, а?ылды ару, ?алым, елін с?йген ер, на?ыз адам.

«Ата-аналардан тосын-сый» клип
Би: «Белорусский»

 Алуа:Біз бастауыш сыныпта жо?ары сыныптарда ?тілетін:?дебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия т. б п?ндерге негіз болатын ?дебиеттік о?у, математика,д?ниетану, орыс тілі п?ндерін зер салып о?ып ?йрендік.

Медет:  ?тті сенде ?ызы? ша?ым.
Бастауышым - балб?ла?ым.
?оштасар к?н жетті міне,
?имасты?пен ?ол б?л?аймыз!
?ош бол, ?ош бол,

Б?рі:
С?йікті бастауышым!
Б?рі : Мы? ал?ыс сізге біздей т?лектерден,

Мы? ал?ыс мына отты ж?ректерден!
Б?рі: Баулы?ан 4жыл бойы ата- анамдай.

?р?ашан ?асиетті аты? ма?ан.

Арада ?тсе да?ы д?ркіреп жыл,

?р к?ні балалы?тай бір ж?рек б?л.

?зі?е борыштармын ?мір бойы

Есейген ш?кірті?ні? серті деп біл.
Хормен: Біз орта буында білім алу?а, ?лкенді сыйлау?а, Отанды с?юге, тілімізді ??рметтеуге, ?лгілі болу?а, ерінбей саба? о?у?а, мектеп да??ын к?теруге АНТ ЕТЕМІЗ! 
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ая?талма?ан повесть." атты ерте?гілік»

Тәрбие сағаты: Аяқталмаған повесть...

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы.Ата-аналардың клипі. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.

Руслан:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Зере

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сынып оқушыларын ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Камила:

Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.

(шашу шашылады)
 Мұғалім:

Той бүгін -кең сарайда шалқып тасқан
Той бүгін- жұрт жиналып шашу шашқан,
 Той бүгін- шат өмірді күйге бөлеп,
  Би билеп, асқақтатып әнге қосқан.
  Бұл тойда жан табылмас тасымаған,
  Ақ сәуле әрбір тұстан шашыраған,
   Жұпарлы гүлге оранған осы тойдың
   Иелері- Аяулы шәкірттерім- ұл-қыздарым!
Жансерік: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!
Камила: Бүгінгі « Аяқталмаған повесть...» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Медет:

Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
Ән: «Үйретеді мектепте»
 Сабина:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз қадірменді конақтар,
Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.
Айтуған:

Білімнің қайнар бұлағы.
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын.
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.
Бахтияр:

 Есігіңді ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана.
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,
Сенен артық дүниені таба алам ба?
Мектебім – мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
Руслан:

Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға биші қыздар
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.
Би «Ертегілер»
Мөлдір:

Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал.
Тепкілесең кетпейді.
Өртіңе де күймейді,
Ұрылар да тимейді
Жатып ішер жамбастап,
Жалқауды ол сүймейді
 Бексұлтан:
Есімде ұстаздың алған қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,
Енді міне, сағымдай өте шықты,
Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел танымас азамат бір- бір мықты.
Батырхан:

Анамдай сүйем мен,

Шеберін ғылымның.
Ұстаздан үйренем,
Өнерін білімнің,
Үйретіп іс сазын,
Мың жаса ұстазым!
 «Ұстазым» әні.
Берік:

Сүйікті мұғалім,
 Бес алсам ұнадым,
Екі алсам сынадың,
Алдыңда әрқашан,
Бас иіп тұрамын,
Сүйікті мұғалім!
Мұхамед:

Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жиреніп,
Ақын болған кім бізге?
Десек, ол жан - мұғалім
Қапастағы елдердің
Мұңын айтқан кім бізге?
Көрікті сан жерлердің,
Сырын айтқан кім бізге?
Рахмет, саған мұғалім!
Жансерік: сынып оқушылары мен ата- аналары өмірінен көріністер.
«Есеп».
Баласы-Батырхан

Атасы-Бексұлтан
Баласы:
Ата, кешегі шығарып берген
есебіңіз түп түгел қате екен.
Атасы: Не дейді? Мүмкін емес!
Баласы:
Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың
Аталары да сол есепті шығара алмапты.

«Ең қиын сұрақ»
Баласы-Берік

Анасы-Сабина
Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып
Оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.
Анасы:
Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?
Баласы:
Сынып бөлмесінің терезесін
Кім сындырды деген сұраққа…
«Емтихан»
Әкесі-Бахтияр

Баласы-Айтуған
Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?
Баласы: Жақсы тапсырған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.
Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.

Зере:
-Балалар, айтыңыздаршы, мұғалімдер осы сіздерді қандай қалыпта көргілері келеді?

-«Мұғалімдер бізді осылай көргісі келеді»(қолдарын үстелге қою)

— Аналарыңыз ше ?

-Аналарымыз  былай көргісі келеді (сыпыру)

Әкелеріңіз ше ?

-Әкелеріміз мынаны қалайды, көргісі келеді (маңдайларын керіп,қарындарын сипау)

-Сыныптастарыңыз ше?

-Сыныптастарымыз мынаны көргісі келеді (қолын жүрегіне қойып, жүректерін  ұсыну)
Зере:

Сіздер нені үйрендіңіздер?

Мөлдір: оқуды

Дильназ: жазуды

Алуа: есеп шығаруды

Айтуған: ән айтуды

Медет: би билеуді.
Батырхан: үлкенді сыйлауды

Сабина: кішіге қамқор болуды

Берик: жерімізге

Мухамед: елімізге жақсылық жасауды

Бексултан: Халқымыздың салт- дәстүрін

Бахтияр: әдет- ғұрпын үйрендік

Жансерік:Сіздер нені сүйесіздер?
Хормен: ата- ананы, халқымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді!
Камила: Сіздерді болашаққа не бастайды?
Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы, ата- ананың ақылы, болашаққа деген берік сезім.
Жансерік: Сіздер кім боласыздар?

Хормен: адал азамат, ақылды ару, ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам.

«Ата-аналардан тосын-сый» клип
Би: «Белорусский»

Алуа:Біз бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін:әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т. б пәндерге негіз болатын әдебиеттік оқу, математика,дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік.

Медет:  Өтті сенде қызық шағым.
Бастауышым - балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймыз!
Қош бол, қош бол,

Бәрі:
Сүйікті бастауышым!
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!
Бәрі: Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Хормен: Біз орта буында білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды сүюге, тілімізді құрметтеуге, үлгілі болуға, ерінбей сабақ оқуға, мектеп даңқын көтеруге АНТ ЕТЕМІЗ! 
Ән: «Мұғалім ол біздің».
Руслан: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі.
Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мың бір алғысымызды білдіреміз.
Мұғалім: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинацияларда Сіздерді медальдармен марапаттаймыз.
 Дильназ:

Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзінде
Өсиет көп сөзінде
Көңілінің хошын –ай,
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті кең пейіл,
Біздің бастық осындай!

«Ең сүйкімді де сүйікті» номинациясымен мектеп директоры марапатталады.  
Айтуған:
 Қасымызда қашанда
 Қамқор болып жүреді
Ақ ниетті кең пейіл,
Сандуғаш тате осындай.

  Мұғалім: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының көмекшісі марапатталады
Алуа:

Әдемі ғой ән сабағы мектептің,
  Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
   Серік аға, бас иеміз сізге де,
    Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.

Мұғалім: «Күміс көмей» номинациясымен ән-күй пәнінің мұғалімі
марапатталады..  
Мөлдір:

Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Айтжан тәте амандасып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.

Мұғалім: «Ұйымшылдығы үшін» номинациясымен тәрбие жұмысының орынбасары марапатталады
Берік:

Білімнің байыбына барып терең,
Жанбота тәте бастап еді әліппеден.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,
  Бастаған тәрбиесін алып келем.

Камила: «Ардақты ұстаз» номинациясымен алғашқы ұстазы марапатталады.
Мұхамед:

Читать и писать на руском
 Нас научила она
Это наша царица
Жамал Хайюрловна

Мұғалім: «Самая справедливая и обаятельная» номинациясымен орыс тілі пәнінің мұғалімі марапатталады.                         
Сабина:

Спорттан талай шәкірт даярлады,
 Шәкіртіне бәрін берді, аямады,

Әзілі бірге жүрер өзімен
 Альбина тәте қашып кетсек аямады.

Мұғалім: «Тәні саудың, дені сау» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі марапатталады.

Бахтияр: Үйреткен сөз өнері қыр сырларын,
Гүлденткен үлес қосып бала бағын,
Руслан ағайға арналар шексіз алғыс,
Жүріңіз шәкірттерге беріп дәріс.

«Алтын қалам» номинациясымен Руслан ағай марапатталады.
Бексұлтан:

Дайындық топта оқытқан

Есімі бізге қымбатты

Ұмытпаймыз Балдырған тәтенің

Тал бойын әсем, сымбатты.

«Шығармашыл ұстаз» номинациясын Балдырған Айтмұрзақызы марапатталады.

Алуа:

Ұмытпаймын жаныма,
Білім нәрін еккенің.
Қош қымбатты ұстазым,
Қош бастауыш мектебім!

«Кішкентай асханашылар» биі
Бексұлтан: Жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырған ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі сол ата-аналарымыздың арқасы.

Батырхан: Біздің ата – аналарымыз ұстазымызбен бірге оқып, шыдамдылық танытып көп еңбек етті. Бала тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз үшін мың да бір рахмет!
 «Үлгілі ата-ана номинациясымен

1 «Қамқор ата-ана» Флюра Танатқызы
2. « Ізденімпаз ата-ана» Марал Халкамановна
3. «Жанашыр ата-ана» Замзагүл Шорақызы
4 « Ұқыпты ата-ана» Әлия Сапарғалиқызы
5. «Білімді ата-ана» Жанет

6.«Жан-жақты» Сандуғаш Аманжолқызы
7. «Батыр ана» Құралай Ермекқызы
8. « Мейірімді ата-ана» Шолпан Қайроллақызы

9.«Қайырымды ата-ана» Жазира Тұрсынқызы

10. «Ұйымшыл ата-ана » Салтанат Тұрсанқызы

11. « Ардақты ата-ана» Айнагүл Қажымұратқызы

Ата-аналарға алғыс хат тапсыру.

«Дос болайық бәріміз» әні
1.Сыныпқа жаймен кіресің , (Слайд №1)

Ойланып үнемі жүресің
Сабағыңды асықпай,жаймен айтып бересің
Қашан енді Мөлдіржан пысық болып жүресің?
Дей отырып жолың болсын шәкіртім!
2.Сабинам сыныбымның сүйкімдісі,
Тостағандай мөлдіреп оның көзі
Бидің түрін билейді тамылжыта
Өнерге өте бейім оның өзі-деп қайда жүрсеңде аман бол!
3.Сыныптағы екпіндінің біреуі
Есеп десе оның жаны кіреді
Сап-салмақты мінезімен әрқашан
Алуа біздің жымиып ғана күледі.
4.Сыныбыңды 4-жыл бойы басқардың
Бойыңнан бір жаман қылық таппадым
Ұстазбенен шәкірт болып сыйласып
Озат оқып Дильназ бүгін біліміңді шыңдадың.

Ұлдарды енді айтайық

Риза болсын халайық

Айтуған, Медет, Батырхан да,

Бексұлтан да,

Берік, Мұхамед, Бахтияр да,

Балалардың сардары

Болу дәйім мақсаты.

Қазақстанның алда әлі

Шығарар осылар жақсы атын!
Қайда жүрсеңде аман бол жолың болсын!
-Кешімізді қортындылай келе шәкіріттеріме «жолың болсын шәкіртім» дегім келеді.

-Бәрі оқушы жақсы, бірақ араларында белсенділігімен көзге түскен балаларды атап өткім келеді.

Олимпиада, конкурстерге қатысып, сертификат алған-Медет,Дильназ, Сабина, Алуа, Батырхан,Мөлдір,Мұхамед,Бексұлтан, Бахтияр.

Қала бойынша «Бала-барыс» конкурсында қазақ тілі пәнінен Дильназ 3-ші орын әкелді.

, оқушыларға марапат қағаздарын тапсыру.

Каратэшілер

«Құпия досты» ашу. Слайд: «Мектептегі мерекелер»

- I тоқсаннан бастап ,біз құпия дос ойынын ойнаған болатынбыз, соны ашуға рұқсат етіңіз!

Ұстаз тілегі: «Соңғы қоңырау» слайды

-Міне, балалар, сыннан сүрінбей өттіңдер.Сендерге ақ жол тілей отырып мына өлең жолдарын ұсынғым келеді.

Бастауышты бітірді балаларым,

Бастауыштан нәр алған даналарым,

Өзі жазып,оқитын хәлге жетті

Құтты болсын білімі балалардың.

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын

Білімдерін ары қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын!
Руслан :

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- деп ,  келесі сөзді қонақтарымызға директор- Имаков Серік Салиұлы,оқу меңгерішісі-Жамал Хайюрлқызы, Самал Екпенқызы. Тәрбие меңгерушісі-Айтжан Абулқызына берейік.
Қане,қолды жаяйық
Үлкеннен бата алайық.
Бастауышым, қош бол,- деп
Қол соғайық халайық! (Ата-аналарға сөз беру.)

Камила: Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар.
Зере:
Қоңырау үні күмбір қағып, тынады үндер
Зымырап өтер-кетер бала күндер.
Тұрады шәкірттерін шығарып сап,
Көз жасын жасыра алмай мұғалімдер.

«Ақ жол»
Камила:
Осымен «Аяқталмаған повесть» атты кешіміз аяқталды.

Жансерік:

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз

Музыка


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ая?талма?ан повесть." атты ерте?гілік

Автор: Кошкенова Жанбота Абаевна

Дата: 17.01.2016

Номер свидетельства: 278295


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства