kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамгершілік-асыл ?асиет

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасы, Ма??ыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Ж.?алды?араев атында?ы орта мектеп" ММ-ні? бастауыш сынып м??алімі Себасова Гулнар Туркпенбаевна

Саба?ты? та?ырыбы:   Адамгершілік – асыл ?асиет

Саба?ты? ма?саты:  О?ушыларды? бойына рухани адамгершілік ?асиеттерді ?ялату ?шін мейірбан, а?ылды, шыншыл, ?айырымды адамды? асыл ?асиеттерді игеруге ы?пал ету.

Саба?ты? к?рнекілігі: ?лестірмелі материалдар, на?ыл с?здер, слайдтар.

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы, ма?саты айтылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамгершілік-асыл ?асиет »

Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.


Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі материалдар, нақыл сөздер, слайдтар.


Тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты айтылады.


Кіріспе:

Ал жақсы балалар, бүгінгі «Адамгершілік – асыл қасиет» атты тәрбие сағатымыз сіздерге терең ой салатын өзіндік салмағы бар тақырып деп ойлаймын.

Олай болса, оқушылар барлығымыз осы тақырып бойынша берілген тапсырмаларға бірдей атсалысайық.


3 – слайд: Ой толғау.

  1. Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?


Тақтаға 6 оқушы шығады. 3 оқушыда гүл болады. Бір – біріне гүл беру арқылы жақсы тілектер айтқызу (мейірімді бол, қайырымды бол, ақылды бол, адал бол).


Балалар бұл көріністен не көрдік? Не ұғындық?


Мұғалім:

  1. Адамның адамгершілігі – оның жоғарғы қасиеті.

  2. Адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу.

  3. Ақылды, мейірімді адам әр уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.

  4. Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі – адалдық, өмірде шыншыл қарым – қатынаста болу керек екен.


4 – слайд:

  • Балалар, қандай адамгершілік туралы өлең жолдарын білеміз? (кітап, пюре, т.б. өлең жолдары, сурет).


Мәриям: Жақсы адам көңілі – күн,

Жанға сәуле түсірген.

Нашар адам көңілі – түн,

Кеудеден отты өшірген.


Әсем: Мінездер бар жақсы – жаман, әр алуан,

Әдептілік әділдіктен нәр алған.

Кең болғанның кем болғанын көрмедім,

Теңізге ұқсап шашып жатқан шараңнан.


Дәурен: Ақылы бар баласың,

Айтқан тілді аласың.

Намысты боп өссең сен,

Нағыз адам боласың.


Арухан: Дәулетін көрсең біреудің,

Қарама оған таңданып.

«Өзімде жоқ» деп опынып

Күрсінбе әрі арман ғып.


Ақәділ: Жақсы болу өзіңнен,

Жаман болу өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да

Өзің үйрен өзіңнен.


Бағдаулет: Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла


5 – слайд: Шығармашылық жұмыс.

Адамгершілік туралы ұлы Абайдың

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз» деген жолдарын қалай түсінуге болады?


Бір оқушыға экрандағы сөзді оқыту керек.


Оқушыларға фостер қорғату керек.


1 – топ: Бес «жаман» іске фостер қорғайды.

2 – топ:Бес «жақсы» іске фостер қорғайды.

3 – топ: Жаман әдеттер туралы мақал – мәтел айтқызу.

4 – топ: Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өнегелі өлеңін мәнерлеп айтқызу.


6 – слайд: Көрініс.

Бұл көріністе қай баладан болашақта не күтуге болады? (оқушыларды сөйлете отырып сұрақ – жауап алу).

Көріністі қорыта келе «Жақсы адам болу, әркімнің өз қолында» екен.

7 – слайд: Маржан сөздер сыр шертеді.

Үш – ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Үш – ақ нәрсе адамның жаман қасиеті: надандық, еріншектік, зұлымдық.


Айида: Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата – ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.


Асхат: Жақсылық істеуден жалықпа,

Істеген жақсылығыңа өкінбе!


Арнұр: Жақсы адам – елдің ырысы,

Жақсы сөз – жанның тынысы.


Сергіту: Би. Аружан.


8 – слайд: Жағдаяттық сұрақтар (үш оқушы оқып, өздері жауап береді)


  1. Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы, қарым – қатынас жасағысы келмейді. Тіпті «оны мазақтаңдар» деп үгіттейді. Ал сен не істер едің?

  2. Сенің жан досың «Киноға барайық» деген болатын, ал сенің уақытың болмай жатыр. Не істер едің

  3. Ата – анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытта келіп қалды делік, сен де оны үзбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі, сен қандай шешімге келер едің?


Ал, жақсы балалар, адамгершілігі мол, мәдениетті болу үшін, сендерге мынадай ақыл – кеңестерді ұсынамын:


9 – слайд: Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесің:

  • Тамақ ішіп болған соң «рахмет» айт.

  • Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса» дегенді ұмытпа.

  • Байқаусызда біреуді қағып кетсең, «кешіріңіз» деу керек.

  • Әнді жиірек тыңдағаныңыз дұрыс.

  • Тыныштық сақтай білуге үйрен.

  • Биязы сөйлеуге дағдылан.


Мұғалім: «Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі

Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі» - деген сөз жандарыңда жүрсін балалар.


Адамгершілік қасиеттер жайында мақал – мәтелдер:

  1. Адамның ұяты бетінде , 
    Адамгершілігі ниетінде. 


  1. Кең болсаң, кем болмайсың. 


  1. Қайырымдылық жасасаң, 
    Қайырын өзің көресің. 


  1. Кішіпейілділік - кісінің көркі. 


Қорыту:

Ал жақсы балалар, адам бойында болатын жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білдік. Бір – біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын.

Үнемі қайырымды, мейірімді, адал болыңыздар! Жақсы – жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңіреді деп ойлаймын.


Хор: «Әдепті бала»


Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

























«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп» ММ










Тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет







Дайындаған: Себасова Гүлнар

Сыныбы: 4 «Ә»








2014 – 2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Адамгершілік-асыл ?асиет

Автор: Себасова Гулнар Туркпенбаевна

Дата: 18.05.2015

Номер свидетельства: 213073


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства