kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Адамгершілік-рухани тәрбие негізі" тақырыбындағы облыстық семинарда өткізілген ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Адамгершілік-рухани тәрбие негізі»

Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін  мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Адамгершілік-рухани тәрбие негізі" тақырыбындағы облыстық семинарда өткізілген ашық тәрбие сағаты»

«№5 мектеп-лицей» КММ










Адамгершілік-рухани тәрбие негізі

(«Рухани жаңғыру бағдарламасының бағыттарын тәрбие үдерісінде іске асыру»

тақырыбындағы облыстық семинарда өткізілген ашық тәрбие сағаты)









Өткізген: Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы

3 А сынып жетекшісі






2019-2020 оқу жылы


Тақырыбы: «Адамгершілік-рухани тәрбие негізі»

Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Сары жіп, нақыл сөздер, слайд, видеоролик «Көлеңке», бұлттар, күн, тамшылар, адамгершілік ағашы, сары жапырақтар.
Әдісі: пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім: Балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз күндегіден өзгеше болмақ. Себебі бізде көптеген қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өз ойымызбен бөлісіп, пікірлерімізді айтуға атсалысуға шақырамын. Ендеше бәріміз ортаға келе қояйық.

Тыныштық сәті. Балалар, шеңбер жасап тұрайық. Ал енді көзімізді жұмайық. Жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір құрметке, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Біз сіздермен ерекше бір ғалам “Адамгершілік ғаламшарына” сапар шегеміз. Біздің әуе кемеміз “Адамгершілік ғаламшарына” келіп қонды. Біз асықпай, бірімізден кейін біріміз басқышпен түсіп келе жатырмыз. Бұл ғаламшар ертегідегі сияқты ғажайып жақсылыққа, шаттыққа, бақытқа толы болғандықтан таң қаларлық әдемі болып көрініп тұр. Осы ғаламшарда күн жарқырайды, ерекше, шуақты, жылы және әдеттегіден өзгеше. Күн Әлемдегі әрбір тұрғынға өз нұрының бейбітшілік, жақсылық және достық шуағын шашып тұр. Осы ғаламшарға тап болатын адамның барлығы жақсылыққа және шаттыққа бөленеді. Біздің осы ғаламшарда ерекше жақсы жағдайға ие болуымыздың себебі біз осы ғаламшар тұрғындарының шақыруымен келіп тұрмыз. Таң қаларлық жағдай осы ғаламшар тұрғындары жақынымен де, туысымен де, танысымен де және таныс емеспен де бәрімен нағыз дос. Сол себепті де олар жер ғаламшарына әуе кемесін жіберіп бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақтайтын, ойында да, жүрегінде де сый мен құрметке ие, тату балаларды өзіне қонаққа шақырады. Адамгершілік ғаламшары біздің балалардың олардың көңілінен шығатындығына шын қуанады. Оларға күлімсіреп қараңыздар. Өз достарыңызға қол ұшын созыңыздар. Қолдарыңыздың жылылық пен мейірімділік қуатына бөленгенін сезініңіздер. Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстаймыз және бізді, біздің жүрегімізді мызғымас достық баурап алғанын сеземіз. Осы сезімдерді жадымызда сақтаймыз. Біздің Жер Ана өзінің қымбатты балаларын, 3 А сынып оқушыларын, асыға күтеді. Көздеріңізді аша қойыңыздар. Қолдарыңызды жан - жаққа созыңыздар. Жарайсыздар. Балалар біз «Адамгершілік ғаламшарына» ойша сапар шектік. Бұл ғаламшарда әдеттегіден өзгеше күн жарқырап тұрды. Ендеше сол күннің бейнесін шаттық шеңберімізде бейнелейік. Бұл ғаламшар жақсылыққа толы болғандықтан жақсы қасиеттерді бір-бірімізге тілейік.

Шаттық шеңбері

«Жарқыраған күн» (Сары жіптің ұшын мұғалім ұстап, қарама-қарсы тұрған оқушыға жақсы қасиет тілеп, жіпті лақтырады. Жіпті алған оқушы келесі оқушыға жіпті осылайша жақсы қасиет тілеп лақтырады. Осылайша сары тор пайда болады. Ол-Күн)

Мұғалім: Балалар қараңыздаршы бір-бірімізге жан тебірентер жақсы тілек тілеуіміздің арқасында керемет ерекше күн пайда болды. Ендеше осындай көңіл күймен сабағымызды бастаймыз. Рахмет сіздерге. Балалар біз ертелі жақсы қасиеттер туралы айтып жатырмыз. Бұлардың барлығын жалпы қандай қасиет деп айтамыз? (Адамгершілік)

-Дұрыс айтасыздар. Ендеше біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Адамгершілік-рухани тәрбие негізі» деп аталады. Бүгін біз адамгершілік тақырыбында пікір алысып, ой бөлісетін боламыз. Ол үшін «Тұрғын және үй» әдісі арқылы топқа бөлінеміз. Мына жерде қима қағаздар берілген кімде үй деген парақша бар және ол парақшада үйдің номері берілген бірдей номерлі үйді алған оқушылар екі-екіден қол ұстасып, үйдің шатырын құрамыз. Ал енді қалған оқушылар әркім өз үйіне барады. Яғни сіздер сол үйдің тұрғындары боласыздар. Ортаға 4 ата-ана шақырамын. Сол ата-аналар да қима қағаздар алып, сол үйлердің номеріне қарай топанасы болып үйлерге орналасады.

(Оқушылар мен ата-аналар топ-топқа бөлініп отырады)

Кіріспе сөз. Ұлы педагог В. А. Сухомлинский, «Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді» деген екен.
Тәрбиесіз адамгершілік қасиеті жоқ адам өзін де, өзгені де өлтіреді екен. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Сонымен адамгершілік дегеніміз не?


Ильяс: Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

Әлішер:  Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата - ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.
Нұрхан:  Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке - шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата - анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата - ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті. 

Мәди: Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.
Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

Кәусар: Адамгершілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынын айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңның да, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.

Адия: Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар. Ал ендеше балалар экранға назар аударайық. Қазір видеоролик көрсетіледі. Мұқият назар қойып тыңдаңыздар. (видеоролик көрсетіледі «Көлеңке») бұл видеодан не түйдік? (Оқушы мен ата-аналар пікірі)

-Сонда көлеңкенің жақсы да, жаман да жақтары да бар екен. Сол сияқты адамның да жақсы да, жаман да қасиеттері бар. Ендеше мында қарайықшы. Жарқын күн көлбейленіп тұр, күнді біз мейірбан, жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық. Күн көзін бұлттардан тазартсақ, әрине күн көзін ашатыны, жан-жағына жарығын, жылуын беретіні анық. Ендеше топ болып әр бұлттың тапсырмаларын орындайық.

Бірінші бұлт – Рухани тәрбиелі, адамгершілігі мол адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Екінші бұлт- Адамда асыл қасиеттермен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Ол қандай қасиеттер? Одан құтылу амалдары бар ма?

Үшінші бұлт- Жағдаяттық сұрақ.

Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар» деп үгіттейді. Ал сендер не істер едіңдер?

Төртінші бұлт- Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесіңдер? (Тамақ ішіп болған соң «рахмет» айт. Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса» дегенді ұмытпа. Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз» деу керек)

Мұғалім: Жарайсыздар. Біз бірлесе жұмыс жасаудың арқасында күннің көзін бұлттан аштық. Бірақ бізде жаңбыр тамшылары қалып қойыпты. Бұл тамшыларды біз бойымыздағы жаман қасиеттер деп есептейік. Кім бойындағы жаман қасиеттен арылғысы келеді? Келіп өз бойындағы жаман қасиеттерді атап, жаңбыр тамшысын қоқыс жәшігіне тастаймыз.

Мұғалім: Ендеше осы айтылған адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер бойынша ой қорытайық.

Сағадат: «Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейді Абай.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек

Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,

Қатты керек адамға бұл бір қылық.

Қолы жетпей талмай талап ізденеді,

Осыдан кеп шығады адамшылық.

Абдуллаһ: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек» дейді Абай. «Әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық. Надандық-білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық - бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны.

Мұғалім:Енді балалар біздің электронды почтамызға мынадай құпия хаттар келіп түскен екен осы хаттарға үңіліп, пікір білдірейік.

«Хаттар сыр шертеді»

1-топи Құрметті достар!

Менің көршімнің бір баласы бар, өзі өтірікші. Көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?

2-топ Құрметті достар! Менің досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін, қылығын айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба? Айтыңдаршы.

3-топ Қоңырау кезі еді. Сыныптағы оқушылардың барлығы сыртта жүрді. Сыныпқа кіріп келсем, менің бір сыныптасым біреудің қалтасын қарап жатыр екен. Не істеймін? Кеңес беріңіздерші.

4-топ Құрметті достар! Сыныптас досым үй тапсырмасының орындалмау себебін өтірік айтып мұғалімді алдады. Менің досыма қандай кеңес бересіздер?

Мұғалім:Ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл аударайық. Кемпірқосақтың 7 түсінде 7 түрлі адами қасиеттер, бала бойында болу керек жақсы қасиеттер жазылған. Олармен танысу үшін әр топқа тапсырма. Алдарыңыздағы кемпірқосақтың түстерін құрастырып, жапсырмалау арқылы, толық сөйлемдерді оқи аласыздар.

Топпен жұмыс

Біздерді өнегелі, рухани құндылықтар, адами қасиеттермен таныстыру үшін әр топтың топаналарына сөз береміз.

1-түсі. Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздейді. Ата-ана баласына «Әдепті бол» дегенді басты міндет етіп алып отырады.

2-түсі. Екіншіден, ата-ана баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелейді.

3-түсі. Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулиды. Ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса деп, ата-ана баласына қайырымдылық, жақсылық, қамқорлық жасауға үйретіп отырады.

4-түсі. Төртіншіден, адал, шыншыл болуға үйретеді. Өтірік өрге баспайды деген сөздің мәнін түсіндіріп отырады.

5-түсі. Бесіншіден, өнегелі ұстазбен көпті көрген қариялардың сөзін тыңдап, зерделеп есте сақтауға дағдыландырған.

6-түсі. Алтыншыдан, үлкендерді, ата-анасын сыйлап, құрметтеп, оларды риза қылып, бата алуға тәрбиелеп отырған.

7-түсі. Жетіншіден, кісі айыбын әшкерелемей, біреуге тіл тигізбей, адамның табиғи кемдігін бетіне баспауға тәрбиелеген.

Гүлденай

Қарсы алдымнан шыға келсе үлкендер,
Қашан да мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол мезетте сүйініш боп қол берем.

Дильназ

Мені үлкендер әдепті деп  мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай қылық жақсылыққа жатпайды

Мұғалім: Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық, артынан жадырап кемпірқосақ керілді, міне осындай әсем табиғат аясына асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашы» да өсіп тұр. Осы әсем ағаш алдағы уақытта сіздерге сая болсын, бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын, үнемі қайырымды, мейірімді, адал, ақкөңіл, еңбекқор, әділ, ақылды парасатты болыңыздар! Қазір бізде күз мезгілі. Күзде ағаш жапырақтары сарғайып жерге түсіп, жерді алтынға бөлеуде. Бүгінгі «Адамгершілік ағашы» да біздерге өзінің адами қасиеттерін сыйға тартпақ. Ендеше әрқайсысымыз бір-бір жапырақтан алып, бір жақсы қасиет болса да бойымызға сіңіре білейік.

(Әр оқушы «Адамгершілік ағашынан» бір-бір жапырақ алып, жақсы қасиеттерді оқиды.)

Адам бойындағы кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, рақымшылдық, жанашырлық, тілектестік, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білуге, тыңдай білуге, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуға үйрену осы аталғандардың барлығы бір жақсылық болып есептеледі. Осы жақсылық атаулының барлығын бойымызға сіңіретін, жақсы рухани адамгершілігі мол тұлға боп өсулеріңізге тілектеспін.




Сынып сағаты анализінің хаттамасы

(сыныптан тыс іс-шаралар)

Күні:__________

Сынып:_________

Білім алатын оқушылар саны:_________

Сынып жетекшісі:________________________________________________________________________

Сынып сағатының тақырыбы:___________________________________________________________

Онкүндік немесе айлық атауы:____________________________________________________________

Қатысушылар: ______________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________




Не бағаланады



1

Сынып жетекшісінің негізгі жеке басының бағасы.




Сынып жетекшісінің толықтай ой өрісі және білімі




Педагогикалық және әдістемелік шеберлігінің деңгейі




Сөйлеу мәдениеті, дикция, шапшаңдық, қарқындылық, бейнелілік, сезімдік




Әдептілік және демократияшылдық деңгейінде оқушылармен қарым-қатынас




Мұғалімнің сыртқы келбеті, мимикасы, қылықтары, өз- өзін ұстау



2

Сынып сағатындағы оқушылардың негізгі мінездемелері




Танымдық белсенділігі, шығармашылық және өз бетінше жұмыс жасау деңгейі




Жалпы тәрбиелеу және арнайы икемділігі және дағдылары




Ұжымдық (топтық) жұмыстар формаларының тиімділігі




Тәртіптілік, ұйымшылдылық, қызығушылық деңгейі.



3

Сынып жетекшісінің және оқушылардың ұстанымын бағалау.




Тәрбиелік материалдың ғылымилығы, қол жетімділігі.




Өзектілік және өмірмен байланыс




Жаңа нәрсенің деңгейі, тәрбиелік материалдың тартымдылығы.



4

Тәрбие берушінің және оқушылардың сынып сағаты барысында қызмет әдісі тиімділігін бағалау.




Сабақ уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, оның оңтайлылығы, кезектесуі және қызмет түрлерін алмастыру.




ТСО және көрнекіліктің мақсаттылығы және тиімділігі.




Сынып сағатының барысында оқушылармен кері байланыс




Сынып сағатының оқушыларға тигізетін эстетикалық ықпалының деңгейі.



5

Өткізілген сынып сағатының қорытындыларын және мақсаттарын бағалау.




Сынып сағатының тұжырымдамаларының нақтылық, анықтылық және қысқа айтушылық деңгейі.




Мақсатқа бір уақытта нақтылы, күрделілік және қолдан келерлік қол жеткізу.




Жүргізілген сабақтың оқушыларға ықпалын тигізу. (не нәрсеге және қандай дәрежеде оқытылды)




Тәрбие беру ықпалдылығының деңгейі. (олардың тәрбиелеуге не себеп болды )




Сабақтың оқушыларға тигізген ықпалдылығының деңгейі (олардың дамуына не себеп болды)




Қорытынды:




Әр өлшемнің жоғары бағасы 3 ұпай: жоғары деңгейі 57-63, жақсы деңгейі 50-56, орташа деңгейі 43-49, төмен деңгейі 36-42


Шешімі:

1.__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары:


Топ жетекшісі:





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Автор: Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы

Дата: 28.10.2019

Номер свидетельства: 524445


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства