Просмотр содержимого документа
«Абай - ?лы а?ын ?дебиеттік о?у (ашы? т?рбие са?аты) 2 "А" сынып»
Келісемін: Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі : Мектеп директоры:
Шоманова Д.М Стамкулов Б.К
« »__________ « »_____________
Өткізген: Смаилова Жаңылдық Ахметовна
Сыныбы: 2 «А»
Төңкеріс негізгі мектебі
Сабақтың тақырыбы: Абай – ұлы ақын
Сабақтың мақсаты: Абайдың өмірі мен шығармашылығын, келер ұрпаққа қалдырған өсиетін оқушылардың ой – санасына сіңіру. Абай өлеңдерінен, қара сөздерінен нәр жинап, тәлім – тәрбие алу.
Көрнекілігі: Абай суреті, нақыл сөздері, М.Әуезов суреті, Абай өлеңдеріне салынған суреттер, видеоролик, плакаттар, аудиотаспа.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.(Музыка ойнап ,оқушыларды «Абай ауылына шақыру)
ІІ Кіріспе бөлімі – Сәлеметсіздер ме, құрметті келген қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі сабақ ерекше сабақ. «Абай - ұлы ақын » атты ашық сынып сағатына қош келдіңіздер!
Бүкіл әлемге қазақ деген халықты танытқан ғұлама ақынымыз Абай Құнанбайұлы халықты білімге шақырып, мыңмен жалғыз аласып, надандықпен күрескені баршамызға аян. Егер біз Абай тәлімін алып, сол жолмен жүрер болсақ, ақын айтқандай, дүниенің бір кірпіші болып қаланарымыз анық. Сонымен Абай атаның нақыл сөздерін, өлең – жырларын ұрпақтары қалай оқып ,меңгеріп жатқаны өздеріңізбен бірге тыңдайық.
А) Ой шақыру стратегиясы
- Абай туралы не білеміз?
Ә) - Абай өмірі мен шығармаларынан видеоролик көрсету
Мұғалім сөзі: Абай өміріне қысқаша тоқталып өтейін Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда туып, 1904 жылы 59 жасында Семей уезінің Шыңғыс тауында дүниеден қайтқан. Негізгі хатқа түскен аты Ибраhим болса, әжесі Зере еркелетіп Абай деген.
Абай әке жағынан Тобықтының белгілі шонжарынан тарайды. Оның бабасы Ырғызбай тобықтының биі болған. Ол Торғай облысының Ырғыз өзенінің бойында XVІІ ғ 50 – жылдарында дүниеге келген. Абайдың атасы Өскенбай әділ би болған адам.
Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінде аға сұлтан болған. Өмірінің соңында Меккеге барып келген соң, ел билеуден бойын аулақ ұстаған.
Абайдың шешесі Ұлжан бошан руынан болған. Төркіндері Қонтай мен Тонтайды бүкіл қазақ білген.Ел арасында «Тонтай айтыпты» деген әңгімелері қалған. Бір – екі ауырғанда қажы – молдалар жиылып халін жиі сұрап отырған.Бір қатты ауырғанда өлер алдында айтыпты: «жазыла – жазыла молдалардан да ұят болды, өлмесе болмас » деп.
Абай Құнанбайұлы жайында жұмбақ
Жырларымен бүкіл елді қандырған кім,
Қазақ елін әлемге танытқан кім?
Ұрпаққа мұраларын аманат қып,
Рухани азық етіп қалдырған кім (Абай - ақын)
Көңіл құсын құйқылжытып шартарапқа,
Өлеңіне саз шығарып, шырқатқан кім? (Абай - сазгер)
1 – оқушы: Абай 1845 жылы Семей облысы, Шыңғыс болысында дүниеге келді. Шын аты – Ибрагим, әжесі – Зере еркелетіп Абай деп атаған.
2 – оқушы: Абай 10 – 12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі.
3 – оқушы: 4 жылдық медреседе және 3 айлық орыс мектебінде оқиды. 15 жасында би етіп сайлайды.
4 – оқушы: Абай араб, парсы, түркі тілдерін үйренген. 14 жасынан өлеңдер шығарған.
5 – оқушы: Абай 30 жасында атақты, білікті, адам болды.1904 жылы қайтыс болды.
6 – оқушы: Абай – аудармашы. Оның орыс достары көп болған. Лермонтов, Крылов, Толстойдың мысалдарын қазақшаға аударған.
7 – оқушы: Абай – сазгер. «Айттым сәлем ,Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», әндері бар. Домбыра тартқан, 3 – 4 күйі бар. «Май түні», «Абай желдірмесі»
Ән «Көзімнің қарасы»
Абай еді кешегі асқақ ақын,
Қара сөзге қандырған бүкіл халқын,
Мейлі 100 жыл, мейлі мың жыл өтсін,
Тот баспайды сөздерін оның алтын
Мұғалім сөзі: Абай – философ, оның «Ғақлия» деп аталатын барлығы 45 – сөзден тұратын қара сөздері бар. Қазір 37 – сөзінен үзінділер тыңдайық( аудиотаспа)
Атаның баласы болма , адамның баласы бол.
Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.
Баланың жақсысы қызық, жаманы – күйік.
Дүние – үлкен көл, замана соққан жел,
Алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер,
Кезекпенен өрінер, баяғыдай көрінер
Ән «Қараңғы түнде тау қалғып»
IV Сахналық көрініс «Абай мен Қиясбай»
Қиясбай – Абайдың кедей тапқыр, қу ауылдасы
V Поэзия минуты
« ...... Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?» деп ақын Мұқағали жырлағандай сөз кезегі поэзияға берейік.
Үйден Абай аталарының біз әлі өтпеген өлеңдерін жаттауға тапсырма бергенмін, соны тыңдайық.
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Қыс», «Жазғытұрым», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Әсемпаз болма әрнеге», өлеңдерін оқушылар жатқа айтады.
Мұғалімнің Абайға арнау өлеңі:
Абай – ақын, Абай – дара, Абай – дана,
Абайша өлең жазған ақын бар ма?
Тербеткен әуенімен кең даламды
Абайы бар халықта арман бар ма?
Абай – әділ, Абай – ғалым, Абай – сыншыл,
Абайды шет елдерде тани білді,
Әр сөзінен ғибрат, тәлім алып,
Әр өлеңі жатталып ойға сіңді,
Абай - әнші, Абай – жыршы, Абай – тілші,
Абайша шындықты тілмен тілімдеші
Ұлы ақынға өлең арнау осы кеште,
Парызым деп ұққан шәкірті – мен деп білші.
VI Сабақты қортындылау
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе » - деп Сұлтанмахмұт атамыз жырлағандай, данышпандықтың бар асылын бір басына жинақтаған Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөздерінен рухани күш аларымыз сөзсіз. Ынта қойып ,тыңдағандарыңызға рахмет!!!