kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай о?улары 1 сынып о?ушылары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абай (Ибра?им) ??нанбаев ??нанбай?лы (1845-1904) — а?ын, а?артушы, жазба ?аза? ?дебиетіні?, ?аза? ?деби тіліні? негізін ?алаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси ?айраткер, либералды білімді ислам?а таянаотырып, орыс ж?не еуропа м?дениетімен жа?ындасу ар?ылы ?аза? м?дениетін жа?артуды к?здеген реформатор.

Орта ж?зді? Ар?ын тайпасыны? Тобы?ты руынан шы??ан билер ?улетінен. ?кесі ?скенбай?лы ??нанбай ?з заманында?ы ата? да??ы алыс?а кеткен адамдарды? бірі бол?ан.  Шешесі  ж?зді? Ар?ын тайпасынан ?аракесек руыны? шешендікпен, тап?ырлы?, ?зіл ?жуамен аты шы??ан шаншарларды? ?ызы «Абай» деп жас Ибра?имді анасы ?лжан еркелетіп ата?ан. Содан бері б?л есіммен Абай тарих?а енді.Осындай текті ортадан 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай о?улары 1 сынып о?ушылары »





«Курчатов қаласының мектеп-гимназиясы»КММ



Абай оқулары







Сәуір 2015


Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақынағартушыжазба қазақ әдебиетініңқазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таянаотырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған.  Шешесі  жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері НизамиСағди, Қожа Хафиз, НауаиФизули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. ТолстойИ.А. Крылов,Ф.М. ДостоевскийИ.С. ТургеневН.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен ГетеДжордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, СпинозаСпенсерЛьюисДарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.

Абай ұлдары Ақылбай (сол жақта) және Тұрағұлмен (оң жақта) бірге Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаныҚұнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:

«Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас торғайым...»






















































Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.

Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе арабпарсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың НизамиНауаиСәғдиҚожа ХафизФзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.

















































Абайдың Алматыдағы Абайдың Семейдегі

ескерткіші ескеткіші




Абайдың Байқоңырдағы ескерткіші




















































Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді.

1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді. Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті — Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр.

Ал қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 ж. аралығында қолға алған. Абай 3 әйел алған. Байбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Кұлбадан, Әкімбай, Мағаұия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен Тұрағұл, Мекайыл, Ізкаіл, Кенже деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси»«Сап, сап, көңілім», «Шәріпке»«Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады.



































































































































































































«Абай оқулары»

сайысына

қатысушылар

1 «А» сынып

























Кадесова

Дария

Ермековна


Өзім туралы

Мен Кадесова Дариямын. Жеті жастамын. Курчатов қаласының мектеп - гимназиясында 1 «А» сыныбында оқимын.

Алғашқы ұстазым Кабдыкаримова Майра Абылкаировна.

«Абай оқулары» сайысына алғаш рет қатысып тұрмын.

«Абай оқулары» сайысына қатысу мақсатым: Қазақ халқының Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларын танып оқып білу.

Мен жатқа айтатын Абай Құнанбаевтың өлеңі «Желсіз түнде жарық ай»



Желсіз түнде жарық ай


Желсіз түнде жарық ай 
Сәулесі суда дірілдеп 
Ауылдың жаны - терең сай 
Тасыған өзен күрілдеп 
Қалың ағаш жапырағы 
Сыбырласып өзді-өзі 
Көрінбей жердің топырағы 
Құлпыраған жасыл жер жүзі 
Тау жаңғырып, ән қосып 
Үрген ит пен айтаққа 
Келмеп пе едің жол тосып 
Жолығуға аулаққа? 
Таймаңдамай тымылжып 
Бір суынып, бір ысып 
Дем ала алмай дамыл қып 
Елең қағып, бос шошып 
Сөз айта алмай бөгеліп 
Дүрсіл қағып жүрегі Тұрмап па еді сүйеніп 
Тамаққа кіріп иегі?






Нұрбеков

Ислам

Дулатұлы


Өзім туралы

Мен Нұрбеков Исламмын. Жеті жастамын. Курчатов қаласының мектеп-гимназиясында 1 «А» сыныбында оқимын.

Алғашқы ұстазым Кабдыкаримова Майра Абылкаировна.

«Абай оқулары» сайысына алғаш рет қатысып тұрмын. «Абай оқулары» сайысына қатысу мақсатым: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларын терең оқып білуді армандаймын. Мен жатқа айтатын Абай Құнанбаевтың өлеңі «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»


Өлсе өлер табиғат, адам өлмес


Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.

"Мені" мен "менікінің" айрылғанын

"Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?

Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей,

Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей,

Міні қайда екенін біле алмассың,

Терең ойдың телміріп соңына ермей.

Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,

Екеуі тап бірдей орныға алмас.

Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың

Иманын түгел деуге аузым бармас.





Искакова

Сымбат

Дулатқызы


Өзім туралы

Мен Искакова Сымбатпын. Жасым –7-де. Курчатов қаласының мектеп-гимназиясында 1 «А» сыныбында оқимын.

Алғашқы ұстазым Кабдыкаримова Майра Абылкаировна.

«Абай оқулары» сайысына алғаш рет қатысып тұрмын.

«Абай оқулары» сайысына қатысу мақсатым: Қазақ халқының Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларын жете білгім келеді.

Мен жатқа айтатын Абай Құнанбаевтың өлеңі «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас».


Жүрек-теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас


Жүрек— теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас,

Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.

Жүректен қызу-қызба кете қалса,

Өзге тәннен еш қызық, іс табылмас.

Достық, қастық, бар қызық—жүрек ісі,

Ар, ұяттың бір ақыл — күзетшісі.

Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық

Арын, алқын — бұл күннің мәртебесі.

Қартаң тартқан адамнан от азаймақ,

От азайса, әр істің бүрі тайғақ.

Шаруаң үшін көрінген ақыл айтып,

Жолың тайғақ, аяғың тартар маймақ.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Абай о?улары 1 сынып о?ушылары

Автор: Кабдыкаримова Майра Абылкаировна

Дата: 29.04.2015

Номер свидетельства: 207073


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства