kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай ??нанбаев атында?ы №2 жалпы орта білім беретін мектеп

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашы? т?рбие са?атыны? та?ырыбы: Ешкімде еш нарсени ?мытпайды.

                                                    Ашы? т?рбие са?аты.

20.01.15ж Абай ??нанбаев атында?ы №2 жалпы орта білім беретін мектепте    ?лы Отан со?ысына 70 жылды?ына   арнап 1-4 сынып арасында «Ешкім де ?мытылмайды, Ешнарсе де ?мыт ?алмайды атты іс-шара болды.

  Ке?ес Ода?ыны? батыры  жерлесіміз   Махмет ?айырбаевты? еске алу ?деби музыкалы?  кеші  салтанатты т?рде ?тті.

Бастауыш сынып м??алімі:   Далелова Еркежан Калимжановна

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай ??нанбаев атында?ы №2 жалпы орта білім беретін мектеп »

ЕШКІМ ДЕ, ЕШ НӘРСЕДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ. 
ОТАН ҮШІН ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАР!

4 «б»сынып. Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді…

(Ашық тәрбие сағаты). 12.02.15ж


Бұл
мақала 285 рет оқылды, 95 рет бүгін . Павлодар облысы Екібастұз қаласы Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Далелова Еркежан Калимжанқызы

Сабақтыңтақырыбы:

Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды!
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, Отаның сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық   тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, плакат, газет, нақыл сөздер, шарлар.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Отан үшін отқа түс – күймейсің,
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
9 мамыр – Жеңіс күні
түрлі – түсті шарлар, гүл шоқтары.

Сабақтыңбарысы:
(оқушылардың сыртқы киімі көк түсті пилотка, кеуделеріне көк лента, барлығы орындарынан тұрып тұрады, қонақтарды қарсы алады, үнтаспадан Жеңіс туралы ән қойылады).

Бейне - фильм көрсету( сұрақ-жауап)

  1. Балалар қалай ойлайсындар бізге соғыс керек пе?

  2. Осы бейне –фильмді көргенде қандай сезімде болдыңдар?

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Ұлы Отан соғысына 70 жыл Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

Оқушы: Жеңіс күні (Т.Молдағалиев)
Бақыт сыйлап жатады әр күн

Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген

Оқушы:
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары. (Қонақтарға гүл беріледі)

1 Жүргізуші:

Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 70 жылдық мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

2 жүргізуші:

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Оқушы:
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

(бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу)
Оқушы:

1941жылы 22маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздық пен басып кірді.

Оқушы:
Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

Оқушы:
Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қаруасынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқат тұрды.

1 Жүргізуші:
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отаныңа деген антын орындап шықты.

Оқушы:
Иә, зұлмат соғыстың оты түпкір – түпкірді шарпыды, қасіретті сұм соғыс жыр алыбы Жамбыл атамыздың да шаңырағын шайқалтып кетті.

Көрініс: Ж.Жабаев

І. «Аттандыру», «Балама хат», «Алғадай туралы әр бір ой» өлеңдері және Кенен Әзірбаевтің «Жамбылға көңіл айту» жыры бойынша қойылады. (үнтаспадан Ұлы Отан соғыс туралы ән қойылады). Ж.Жабаев өз ұлын соғысқа аттандыру сәті, қоршаған халық.

Ж.Жабаев «Аттандыру».
Майданға аттандырушылар сыртқа шығып кетеді.

ІІ. Үнтаспадан күй естіліп тұрады. Ортада жыр алыбы Жамбыл «Балама хат» өлеңі оқылады.
ІІІ. Сахна сыртында дауыс естіледі.

Оқушы:
Бірінің жары өлгенде,
Бірінің жары хабарсыз
Сұрапыл басқа төнгенде
Кетіпті қара қағазсыз.
Ажалға берген шығыны,
Бір аяқ, бір қол жоғалтқан
Кеуде де тірі шыбыны
Бірінің жары оралған.

Оқушы:
Міне, соғыс қасіреті осылайша ананы баладан, баланы әкеден, әкені баладан айырып, көздің жасын көл етті.

Оқушы:
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады,
Самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді арай баласын қорғады.

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»
Оқушы:
«Сен құрметте оны, қарағым!» (Ә. Сәрсенбаев)
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кешіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Мұғалім:
Балалар, бүгінгі біздің сынып сағатымызда соғыстың куәгерлері Отаның қорғаған, бізге осындай бақытты да бейбіт заман сыйлаған ауған соғысына қатысқан Бахтияр Қаруанович атамыз келіп отыр. Құрметті ардагер атамызға сөз кезегін берейік.

(Ауған соғысының ардагері Ұлы Отан соғысы туралы айтып, балаларға ақ тілегін білдіріп, бейбіт өмір тілейді)

( Балалар ардагерден сұрақ-жауап алу)

Ән: «Жойылсын соғыс»

Оқушы: 
Мен соғысты жек көрем! (Қ.Жұмағалиев)

Мен соғысты
Жек көрем!
Көкем айтып отырса,
Кім қасірет шекпеген,
Кім көз жасын төкпеген!
Талай өткен ғасырлар,
Еш соғыссыз өтпеген.

Оқушы:

Мен соғысты жек көрем!
Күні ертең – ақ ер жетем!
Туған жерді
Әлпештеп,
Кірпік ілмей
Тербетем!

1 Жүргізуші:( қолдарын көтеру)

Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …

Оқушы:
Болмасын соғыс! (Ж.Ақылбайұлы)

Болмасын соғыс»
Тілегі солай ата – ананың.

Жарақат алып қорғаған елін, Ұлы Отаның,
Көшеде егер балдақты кісі кездессе
Жүрегім соғып ойланып бара жатамын.
Бақтарды басып, танктің тажал табаны,
Қандарға бөгіп бала – бақшалар талаңы.
Жауынгер болып от атып жап – жас жігіттер,
Атпаса екен шашынан сүйреп Ананы.

Оқушы:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

2Жүргізуші:
Балалар отандарыңды сүйіп, қастарлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отаның сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.

Оқушы:
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жасалып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

(оқушылар ардагер аталарына сыйлықтарын береді.)
Оқушы:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртен бесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

«Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды»

Ән: « Ақ көгершін»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Абай ??нанбаев атында?ы №2 жалпы орта білім беретін мектеп

Автор: Далелова Еркежан Калимжановна

Дата: 20.02.2015

Номер свидетельства: 176419


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства