Та?ырыбы: Мені? отбасым.
Ма?саты: Бала т?рбиесіндегі ата-ананы? алатын орныны? ерекше екендігін т?сіндіру. Жан?яда?ы ата –анамен баланы? арасында?ы ?арым ?атынасты ны?айту. Ата – ана?а деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ?стаз, ата- ана ?штігін ны?айту.
I - б?лім: «Таныстыру»
II - б?лім: «Білімдіге д?ние жары?»
III- б?лім: «Болаша?ымыз білімді жастарды? ?олында»
IV- б?лім: «Ты?ыры?тан шы?у»
V- б?лім: «Тіл ?нері»
VI- б?лім: «С?з тап?ан?а..»
I б?лім «Таныстыру» 1- топ «Досты?», 2- топ «?нерпаз» топтарды?ы? ата мен ?раны айтылды.
II б?лім «Білімдіге д?ние жары?»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«4 сынып?а арнал?ан т?рбие са?аты: "Мені? отбасым"»
Тақырыбы: Менің отбасым. Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата –анамен баланың арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ата – анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата- ана үштігін нығайту.
I - бөлім: «Таныстыру»
II - бөлім: «Білімдіге дүние жарық»
III- бөлім: «Болашағымыз білімді жастардың қолында»
IV- бөлім: «Тығырықтан шығу»
V- бөлім: «Тіл өнері»
VI- бөлім: «Сөз тапқанға ............»
I бөлім «Таныстыру» 1- топ «Достық», 2- топ «Өнерпаз» топтардыңың ата мен ұраны айтылды.
II бөлім «Білімдіге дүние жарық»
1 топ
- Балдан тәтті не? Бала
- Қара шаңырақ иесі кім? Кенже бала
- Балаға кім сыншы? Ата
- Әкеден балаға берілетін зат. Мұра
- Үйдегі алтын адам кім? Ана
- Бес дұшпанды атаңдар Өсек, өтірік,мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
2 топ
- Тәрбие мен білімнің ордасы. Мектеп
- 18 ге толмаған адам .Бала
- Өзін-өзі тану бағдарламасының авторы. С. Назарбаева
- Екі адамнаң бір-біріне деген адалдығы Достық
- Қазақстанда қандай білім алу міндетті? Орта
- Бес асылды атаңыз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
III бөлім Сурет салу байқауы. «Болашағымыз білімді жастардың қолында»
IV бөлім Ситуациядық сауалнама. «Тығырықтан шығу»
1 топ
Сенің өзіңнің жақын адал досың бар,бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
Көктем мезгілі. Жолдасын сабақ оқуың азайтып,сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмен деп кетті. Сен не істейсің?
2 топ
Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді. Сен не істейсің?
Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар.Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?
V бөлім Мақал-мәтелдің жалғасын тап. «Тіл өнері»
1 топ
Атаға қарап - .................... анаға қарап - ...............
Ананың көңілі балада ...........................
Ата – ананың қадірін - ..........................
Атаның баласы болма ...............
Ұяда не көрсең .................
2 топ
Балалы үй базар...........
Ата көрген оқ жонар....................
Ананың сүті – бал ................
Туған үйдің түтіні жылы...............
Анаңа ауыр сөз айтпа...............
VI бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
1 топ
Тілді қадірлейсіз бе?
Орысша сойлеуге қызығасыз ба?
Мерекеге қандай киім киесіз?
Кітап оқығанды ұнатасың ба?
Лотореядан ақша ұтсаңыз, не істейсіз?
Достарыңыз кімдер, көп пе?
Тілімізді, дінімізді жоғалтпау үшін не істеу керек?
Баланың бас ұстазы-ата-ана ма?
16-желтоқсанда қандай мерекені тойлаймыз?
2 топ
Сөз сүйектен өтеме ?
Жаңа жылға қандай сыйлық алғың келеді?
Мектепке немен келесіз?
Көршіңмен татусың ба?
Ауа райы салқын ба?
Дүниедегі қымбат жанкім?
Түлкі неге қу аң?
Су тіршілік көзі ме ?
Бақыт дегеніміз не?
Ит жеті қазынаның бірі ме ?
Сайысымыз осымен аяқталды, сөз кезегі әділ- қазыларға беріледі.