Осы б?гінгі к?ктем мезгіліндегі ?аза?ты? ?лт мейрамы Наурыз - я?ни Жа?а жыл! Жалпы м?сылман ж?ртына орта? ораза, ??рбан айтты есептемегенде, бізді? ?аза?ты? жал?ыз - а? мейрамы ол - Наурыз.
Наурыз айыны? 22 - інде к?н мен т?н те?еледі. Адамдар бір - бірін мерекемен ??тты?тайды. ?лкен кісілер а? тілек айтып, бата береді.
- Наурыз - шы?ыс халы?тарыны? жа?а жыл мейрамы. Наурыз - д?ниені? ?арышты? сипатын, адам мен ?арышты? орта? тегін білдіретін мейрам. Олай болса, б?гінгі мерекеге байланысты отбасылы? сайысымызды бастау?а р??сат еті?іздер!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«22 наурыз - ?лысты? ?лы к?ні »
Ұйымдастыру. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айтты есептемегенде, біздің қазақтың жалғыз - ақ мейрамы ол - Наурыз. Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді. - Наурыз - шығыс халықтарының жаңа жыл мейрамы. Наурыз - дүниенің ғарыштық сипатын, адам мен ғарыштың ортақ тегін білдіретін мейрам. Олай болса, бүгінгі мерекеге байланысты отбасылық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
- Сыныпты үш топқа бөлеміз.
Әділдікпен баға берер әр топқа Әділдікпен қара қылды жаруға. Әділқазы алқаларын сайлайық, Жүзден жүйрік топты таңдап алайық.
- Ал, енді, топтарға әділ баға беретін әділ - қазыларымен таныс болыңыздар: Көрермен екі топ орындаушы топты бағалайды.
2 - жүргізуші: Той деп бүгін көңіл тасиды, Той деп бүгін халқым шашу шашады. Арамызда, бүгін солар сайыстың Сөзден жүйрік, жыршы бетін ашады. • енді қатысушы топтарды сайыстың өтілу барысымен таныстырып өтейік: 1 - сайыс: «Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер»- топты таныстыру. 2 - сайыс: «Ата мұраң - асыл қазынаң» - сұрақ - жауап. 3 - сайыс: «Ертегіден көрініс», өнер 4 - сайыс: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» 5 - сайыс: ««Өн бойынан, өнер тамған»»
Жүргізуші:
Наурыз тойы тамаша, Наурыз тойы жаңаша. Табиғатта тамаша, Тамылжып тұр тамаша. Тамылжып тұр жараса, Наурыз тойы салтанат, Наурыз тойы мархабат. Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.- дей келе бүгінгі жарысымыздың бірінші кезеңін бастайық. 1 - кезең: «Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер»- өзін - өзі таныстыру. (әр топ өз – өздерін таныстырады. Топтың аты мен эмблемасын ойлап табады. Осы кезеңді не өлеңмен, не қара сөзбен таныстырады) - жүргізуші: егер таныстыру ұнасас баға беріңіздер. Қол шапалақтаумен бағалаймыз.
2 - кезең: «Ата мұраң - асыл қазынаң» - сұрақ - жауап. әр топ кезекпен сұрақтарға жауап береді.
«Байғазы»- деген не? «Байғазы»- балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық, ақша.
«Көрімдік»-деген не? «Көрімдік»- жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді.
«Бастаңғы»-деген не? «Бастаңғы»- үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «Бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі - жастардың сол үйде ойын - сауық жасап, бас қосуында.
«Жасау»-деген не? «Жасау»- ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем әшекейлі заттар берген. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.
«Қырқынан шығару»-деген не? «Қырқынан шығару»- әдетте баланың туғанына қырық күн толған соң, баланы ыдысқа, 41 қасық су құйып шомылдырады. Бұған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастарқан жайылады.
«Ерулік»-деген не? «Ерулік»- ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп, табақ тартады. Бұл - жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың, сыйласудың үлгісі.
- жүргізуші: екінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы
3 - кезең: «Балаларды қатыстыра отырып ертегіден көрініс дайындап, орындайды.
- жүргізуші: үшінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы
4 - сайыс: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»- әр топ балаларына тапсырма. Әр топтан бір бала ортаға шақырылып, асықтар алып тапсырмаларды анықтайды.
• Бес қаруды атаңыз. (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта) • Жеті жетім: Тыңдаусыз қалған сөз жетім Қиюсыз қалған бөз жетім Иесіз қалған жер жетім Басшысы жоқ ел жетім Аққу, қазсыз көл жетім Елінен айырылған ер жетім Замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім • Жеті атаны айт. 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
• Жеті қазынаны білесің ата. Ер жігіт, Сұлу әйел, Ақыл, білім, Жүйрік ат, Қыран бүркіт, Берен мылтық, Құмай тазы
Үш тәтті (Жан тәтті, Мал тәтті, Жар тәтті)
Үш арсыз(ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз)
Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып,
5 - сайыс: «Өн бойынан, өнер тамған». - Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.(Қыдыр ата келеді)
Әрбір сайыскер өз өнерлерін ортаға салады. Әр топ қыдыр ата дайындйды, олар бата берулері керек:
Қызығың сенің алда деп, Қатарыңнан қалма деп, Бетінен жанның алма деп, Жарыңа жара салма деп, Анаң берген ақ бата, Басыңа қонсын бақ бата!
Қызығың сенің алда деп, Қатарыңнан қалма деп, Бетінен жанның алма деп, Жарыңа жара салма деп, Анаң берген ақ бата, Басыңа қонсын бақ бата!
Қыдыр кеп қатар қонсын деп, Ғұмырың ұзақ болсын деп, Өрісің малға толсын деп, Жуадай жауың солсын деп, Атаң берген ақ бата, Басыңа қонсын бақ бата!
Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын!ақ мол болсын! Аумин
1 - жүргізуші: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгінгі топтардың өнерлі екенін байқадыңыздар. Жүргізуші: осымен наурыз мейрамына арналған топтық жарысымыз аяқталды. Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!