Білімділік: Музыкалық білім-білік дағдыларын арттыру.
Дамытушылығы: Логикалық ішкі ойларын дамыту.
Көрнекіліктер: кеспе қағаздар, оқулықтар, суреттер т.б.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабақ.
Жыраулардың хан сұлтандарға айтқан кеңесі – Асан қайғы.
Асан қайғы – Алтын Орда ыдырай бастаған кезде өмір сүрген: Берке, Ұлы Мұхамед, Әбілхайыр хандар мен Керей, Жәнібек сұлтандардың Замандасы.
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Жер толқытса шығады.
Ол – қазақ халқының тағдыры үшін қайғы шегіп, оның болашағын ойлап, тебіренген дала абызы.
Асан қайғы – ел қамы, халқының келешегі туралы толғаныстарын күй тіліне түсірген суреткер. Асан қайғының «Ел айырылған», «Желмаяның жүрісі», «Зар», «Асан қайғы» сияқты күйлері – халықтық әлеуметтік тақырыпқа арналған құнды туындылар.
Қорытынды: Өтілген сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Жыраулардың хан-сұлтандарға айтқан кеңесі-Асан қайғы туралы мазмұндау. Асан қайғы жайлы мәлімет жазып келу.