Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сабақтың тақырыбы: Жыраулардың хан-сұлтандарға айтқан кеңесі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жыраулардың хан-сұлтандарға айтқан кеңестері жайлы айтқан кеңестері жалы таныстыру, түсіндіру.
Білімділік: Музыкалық білім-біліктерін дағдыларын арттыру.
Дамытушылығы:Логикалық ішкі ойларын дамыту.
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, әдептілікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: оқулықтар, суреттер, домбыра т.б.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, іздену т.б.
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих т.б.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу;
ә) сынып тазалығына көңіл бөлу;
б) оқушыларды түгелдеу;
в) өткен жылға шолу;
г) оқушылардың ойын өзіме аудару.
2. Жаңа сабақ
Жыраулардың хан-сұлтандарға айтқан кеңесі.
Жыраулар хан-сұлтандардың оң жағынан орын алып,оларға өсиет айтқан, ақылғой кеңесшілері болған. Олар хан-сұлтандармен бірге ел билігіне араласқан. Жыраулар болашақты болжай алатын көреген болғандықтан, хан-сұлтандар жыраулардың сөзіне құлақ асып, кеңес құрған. Халықтың мұңын, елдің ауыр халін шынайы жеткізіп отырған. Жырау хан мен сұлтандардың кемшіліктері болса бетіне басып, ашық айтып, өткір жырларымен сынаған. Мысалы: ХV ғасырда хандық құрған Әз-Жәнібекке Асан қайғы былай деген: - Ей, хан ием, хан ием.
Мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып, қызып терлейсің.
Өзіңен басқа жан жоқтай,
Елеуреп неге сөйлейсің?!
Қорған салдың бейнет қып,
Қызметшің жатыр ішіп жеп.
Оны неге білмейсің?!
Хош аман бол Жәнібек,
Енді мені көрмейсің!
Қорытынды: Өтілген сабақты қорытындылау.
Бағалау
Үйге: Жыраулардың хан-сұлтандарға айтқан кеңесі, мазмұндау,Асан қайғының өлең
жолын жаттау.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт