kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жырауларды? хан-с?лтандар?а айт?ан ке?есі. Асан ?ай?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Умырбаева  Бибіг?л Тулегеновна

                     Ма??ыстау облысы,?ара?ия ауданы,Жетібай ауылы

                         №3 орта мектепті? музыка п?ніні? м??алімі

                  МУЗЫКА                                                                  5-СЫНЫП     

Саба?ты? та?ырыбы: Жырауларды? хан-с?лтандар?а айт?ан ке?есі-

                                           Асан ?ай?ы

                                           ?н ?йрену  «  ?стазым»

Саба?ты? ма?саты:Асан ?ай?ы туралы деректерді білу, а?ын - жыраулы?  д?ст?рін тану.Асан ?ай?ыны? ?мір с?рген ортасын тарихи деректермен д?лелдеу.Асан ?ай?ыны? тол?ауларыны? ?мірше?дігіні? сырын ашу.

Саба?ты? т?рі: ізденіс, шы?армашылы? саба?ы.

Саба?ты? к?рнекілігі: Асан ?ай?ыны? портреті, ?ле?деріні? жина?ы, «Бес ?асыр     жырлайды»  І том, слайд  «Асан ?ай?ыны? Жер?йы?ты іздеуі».

Саба?ты? ?діс-т?сілі: талдау, шы?армашылы?, с?з ?дісі

Саба? барысы:

Интербелсенді та?та?а  мына ?ле? жолдары жазылады:

                                        ?амын ойлап хал?ыны?,

                                        ?ай?ы ж?т?ан ?ария.

                                        Жайлы ?оныс іздеген

                                       ?аза? деген хал?ына.

                                        ?ділдікті жырла?ан,

                                        Ел ба?ытын ойла?ан,

                                        Желмая мініп шарла?ан

                                       Жер?йы? іздеп жал?анда.

О?ушылар осы ?ле? жолдарынан б?гінгі та?ырыпты аны?тайды.Саба? та?ырыбы аны?тал?ан со?, саба? барысы та?тадан к?рсетіледі.

Саба? барысы:

Суреттер с?йлейді. (с?ра?-жауап)

Ой т?бінде жат?ан с?з,

 Шер тол?ыса шы?ады.(К?рініс ?ою)

Сергіту с?ті

А?ын айнасы. (Тол?ауларын талдау)

Таза мінсіз  асыл с?з,

  Ой т?бінде жатады. (Шы?армашылы? с?т)

1.    Кіріспе б?лім: Суреттер с?йлейді. (с?ра?-жауап).

Та?та?а  Асан ?ай?ыны? ?міріне байланысты суреттер ілінеді. О?ушылар сол суреттер ар?ылы  Асан ?ай?ы?аны? ?мірі жайлы деректерді айту керек (о?ушылар  ?йден ?здері ?осымша деректер ?келеді.).

2.  Ой т?бінде жат?ан с?з,Шер тол?ыса шы?ады.(К?рініс ?ою)

Сыныпты ?ш топ?а б?ліп, олар?а Асан ?ай?ыны? тол?ауларыны? жазылу тарихы туралы м?ліметтер таратамын.

1-топ. «Асан ?ай?ыны? Жер?йы?ты іздеуі» слайд. Асан ?ай?ы Желмая?а мініп, жи?ан кезіп, “Жер?йы?” дейтін ?ой ?стінде бозтор?ай ж?мырт?алайтын ?оныс іздейді.. Жолында кездескен тау, ?зен, ш?райлы жерлерге, халы??а пайдалы жа?ын есептеп, тиісті ба?асын беріп отырады.

Алматыны к?ргенде:

“?ш Алматы деген жер бар екен.Сарымса?ы сабаудай, б?лдіргені б?йректей, алмасы бар ж?ректей. Сол жерді ?имадым.”

Шымкент, Сайрамды к?ргенде:

“Екі басы бір базар, малда береке болмайт??ын, екі басы бір мазар, баста береке болмайт??ын, базары жа?ын – байымас, мазары жа?ын - к?беймес”

Семейтауды к?ргенде:

“Т?с табаны т?рт елі

Атан ж?рер жер екен.

Т?сегінен т??ілген

Адам ж?рер жар екен”

Шідертіні к?ргенде

“Мына шіркінні? топыра?ы асыл екен. Алты ай ары?татып мінген ат бір айда май?а бітетін жер екен, бос жыл?ы шідерлеп ?ой?анда то?тайтын жыл?ыны? жері екен”

?ш?араны к?ргенде:

“Он екі т?там-т?там ?азылы? ?й т?ндік, ма?ырап жат?ан ?ой т?ндік, ?ойды? ??ла?ы т?там шы?ып т?р?ан жер екен”- деп артына ?ш ?ара?ан екен.

Ерейментауды к?ргенде:

“Желді? жеті есігі бар екен, ?ыс болса жыл?ы т?рмас, жыл?ы т?рса ішінде ??лын т?рмас ораздыны? жайлауы, жиырлыны? ?ыстауы екен, екі жа?ында?ы ел бай болар да ?а?ортасында?ы ?оныс ?ыл?ан ел кедей болар, бітісі жаман екен, бір-бірімен т?белесет??ын кісі сы?ылды ерейіп т?р?анын, панасы жо? дала секілді тау екен.”

Теріса??анды  “Уа шіркін, Сарыар?аны? т?зды?ы екен: тек анда –санда обып ?оятын ж?ты бар екен, біра? артынан мал тез ?сетін жер екен”

Баянды к?ргенде  “Баян?а жаймай, ?ой семірмес.”

Ертісті к?ргенде:"Мына шіркінні? баласы тойдым деп ?арап отырмас, ?арным ашты деп жылап отрымас. Сиырды? м?йізі, до?ызды? ??ла?ы шы?ып т?р?ан жер екен", - депті.

Талас ?зенін к?ргенде:

Екі Келес, бір Талас,

Бал таты?ан жерін-ай,

А?айыны? аралас,

Тату екен елі?-ай.

Желмая?а ??гертіп,

Алып кетер едім-ай,

Сыйма?ан со? алдыма,

?тте?, д?ние, дедім-ай! -депті.

Асан?ай?ы Жиделібайсын жеріне ?ызы?ып: "Ай, Жиделібайсын, артыма б?ктеріп кетер едім, ?тте? атым к?тере алмайды-ау! ?ой ?стіне бозтор?ай ж?мырт?алайтын тып-тыныш мамыражай ел екенсі?", - депті.

?орытынды с?з:

А?ыз бойынша  Асан ?ай?ы ш?райлы ?оныс, нулы ?лке  іздеумен ?мір бойы Желмаясымен желіп ?ткен екен. ?лытауды? бас жа?ына келіп д?ние салыпты –мыс.

2-топ.     2- к?рініс:

 Бір жазда ?біл?айыр хан ?зіні? Ма??ыт деген ?йелінен ту?ан т???ыш ?лы ?айтыс болып, ас береді. Б?л ?лан-асыр ас ?лытау мен А?к?л аралы?ында?ы к?к орай шал?ынды ке? далада ?теді. Ас?а ая? жетер атыраптан к?п халы? жиналады. Ханды ??рмет т?т?ан жер-жердегі бай, бектер, с?лтан, билер бірінен бірі асыра тарту-тарал?ысымен артынып-тартанып жетеді. Ас бірнеше к?нге созылады. Ат жарыс, б?йге, к?кпар, к?рес дейсі? бе, ?йтеуір ?аза? д?ст?рінде бар барлы? салт-сана, ойын-сауы?ты? б?рі ?теді. А?ындар айтысады, к?йшілер к?й шертеді, ?ншілер ?н салады. Хан сол бір асты ?зіні? а?ылг?й абызы сарай жырауы Асан?ай?ы?а баскартады. Бірнеше к?нге созыл?ан осы жиынды Асан жырау:

Таза мінсіз асыл тас,

 Су т?бінде жатады.

Таза мінсіз асыл с?з,

Ой т?бінде жатады.

 Су т?бінде жат?ан тас,

Жел тол?ытса шы?ады.

Ой т?бінде жат?ан с?з,

Шер тол?ытса шы?ады, -

деп баста?ан екен дейді ел. Осы ас ?терден бірер жыл б?рын Асан?ай?ы жырау хал?ынын болаша? ?амы ?шін ?аза?ты? ке? дала, ?аласын шарлап, "Жер?йы?ты" іздеп орал?ан екен. Оны к?птен бері к?рмей, аталы? а?ыл, ?сиетін ты?дай алмай, са?ынып а?сап ж?рген ел-ж?рты с?з иіні келген кезде ?здеріні? с?ра?, ?тініштерін т?с-т?сынан жаудырыпты. Біреулер: "?алай еткенде елге ?ділдік орнайды?" дегенде ол:

?ділдікті? белгісі,

Біле т?ра б?рмаса.

А?ылдыны? белгісі,

?ткен істі ?умаса.

Жамандарды? белгісі,

Жау?а ?арсы т?рмаса;

Залымдарды? белгісі,

Бейбітті? малын ?рласа.

Надандарды? белгісі,

Білгенні? тілін алмаса.

Шама?ша шал?ып к?ре бер,

?абірге ?зір ?оймаса.

Арты?да ?алар ата? жо?,

Тіріде дан?ы? болмаса,-деп термелепті.

3- топ. 3-к?рініс:

Осы аста халы?ты? ішінен та?ы бір с?ра? туындапты:

Енді бірі "Асан Ата, осы халы? бірлігіне не жетіспейді, б?л заманда не ?аріп?" деп с?рапты. Сонда ?арт абыз:

Б? заманда не ?аріп?

А? ?ал алы боз ?аріп.

Жа?сылар?а айтпа?ан,

Асыл шырын с?з ?аріп.

Замандасы болмаса,

?ария болар шын ?аріп.

?адірін же?ге білмесе,

Бой?а жеткен ?ыз ?аріп.

Ел жа?алай ?онбаса;

Бетегелі бел ?аріп.

?аз, ?йрегі болмаса,

Айдын шал?ар к?л ?аріп.

М?ритін тауып алмаса,

Аз?ын болса пір ?аріп.

Ата ж?рты б??ара

?з ?олында болмаса,

?анша жа?сы болса да,

?айратты ту?ан ер ?аріп.

?алымды хатим еткендер,

Ма?сатына жеткендер,

Жас к?рілер отырып,

Алдынан саба? алмаса,

?арамаса ж?зіне,

?алым да болса ол ?аріп, -деп термелепті.

Бірде ас барысында ?біл?айыр хан "намаз уа?тысы ?тіп бара жатыр екен ?ой" деп сылтауратып отыр?ан орнынан т?рып, дала?а шы?ып кетеді. Осыны сезген Асан би с?зін былайша жал?астыра т?сіпті дейді:

К?лде ж?рген ?о?ыр ?аз,

?ыр ?адірін не білсі??

?ырда ж?рген дуада?,

Су ?адірін не білсін?

К?шіп-?онып ж?рмеген,

Жер ?адірін не білсін?

К?шсе кона білмеген,

?онса к?ше білмеген,

А?ылына к?нбеген,

Ж?рт ?адірін не білсін?-деп тура хан?а айт?ан екен.

Сергіту с?ті:

Ас?ар биік тауларды,

Алыс-алыс белдерді,

 Арнасы ке? к?лдерді,

Ойлы, ?ырат жерлерді,

Желмаямен ол кезді.

 О?ды-солды шарлады,

Жер?йы?ты іздеді.

Ж?ма? болар мекенді

?аза? жері” деп білді.

(?ле?ді ?имылмен келтіріп, денемізді, ойымызды сергітеміз)

3.      «А?ын айнасы»О?ушылар?а Асан ?ай?ыны? тол?аулары таратылады. Олар м?нерлеп о?ып, та?ырып, идеясын аны?тайды. А?ын позициясын ашып, с?здік ?олданысына сипаттама береді.

Таза мінсіз  асыл с?з,

Ой т?бінде жатады.  (Шы?армашылы? с?т)

О?ушылар?а екі сауал ?ойылады.

1.      ?азіргі заманы? Асан ?ай?ысы.

2.      Асан ?ай?ыны? Жер?йы?ты ?аза?стан жерінен іздеуіні? себебі, мені? ойымша,.

Ба?алау кезе?і:

Суреттер с?йлейді.

Ой т?бінде жат?ан с?з,

Шер тол?ыса шы?ады.

А?ын айнасы.

Таза мінсіз асыл с?з,

Ой т?бінде жатады.

?орытынды ба?а

?й ж?мысы:

Асан ?ай?ы ?мірі туралы о?ып келу.

?нні? с?зін жаттау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жырауларды? хан-с?лтандар?а айт?ан ке?есі. Асан ?ай?ы »

Умырбаева Бибігүл Тулегеновна

Маңғыстау облысы ,Қарақия ауданы,Жетібай ауылы

3 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі


МУЗЫКА 5-СЫНЫП


Сабақтың тақырыбы: Жыраулардың хан-сұлтандарға айтқан кеңесі-

Асан қайғы

Ән үйрену « Ұстазым»


Сабақтың мақсаты:Асан қайғы туралы деректерді білу, ақын - жыраулық дәстүрін тану.Асан қайғының өмір сүрген ортасын тарихи деректермен дәлелдеу.Асан қайғының толғауларының өміршеңдігінің сырын ашу.

Сабақтың түрі: ізденіс, шығармашылық сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Асан қайғының портреті, өлеңдерінің жинағы , «Бес ғасыр жырлайды» І том, слайд «Асан қайғының Жерұйықты іздеуі».

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, шығармашылық, сөз әдісі

Сабақ барысы:

Интербелсенді тақтаға мына өлең жолдары жазылады:

Қамын ойлап халқының,

Қайғы жұтқан қария.

Жайлы қоныс іздеген

Қазақ деген халқына.

Әділдікті жырлаған,

Ел бақытын ойлаған,

Желмая мініп шарлаған

Жерұйық іздеп жалғанда...

Оқушылар осы өлең жолдарынан бүгінгі тақырыпты анықтайды.Сабақ тақырыбы анықталған соң, сабақ барысы тақтадан көрсетіледі.

Сабақ барысы:

Суреттер сөйлейді... (сұрақ-жауап)

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқыса шығады.(Көрініс қою)

Сергіту сәті

Ақын айнасы... (Толғауларын талдау)

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады. (Шығармашылық сәт)

1. Кіріспе бөлім: Суреттер сөйлейді... (сұрақ-жауап).

Тақтаға Асан қайғының өміріне байланысты суреттер ілінеді. Оқушылар сол суреттер арқылы Асан қайғығаның өмірі жайлы деректерді айту керек (оқушылар үйден өздері қосымша деректер әкеледі.).

2. Ой түбінде жатқан сөз,Шер толқыса шығады.(Көрініс қою)

Сыныпты үш топқа бөліп , оларға Асан қайғының толғауларының жазылу тарихы туралы мәліметтер таратамын.

1-топ. «Асан қайғының Жерұйықты іздеуі» слайд. Асан Қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, “Жерұйық” дейтін қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. . Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады.

Алматыны көргенде:

“Үш Алматы деген жер бар екен.Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей. Сол жерді қимадым.”

Шымкент, Сайрамды көргенде:

“Екі басы бір базар, малда береке болмайтұғын, екі басы бір мазар, баста береке болмайтұғын, базары жақын – байымас, мазары жақын - көбеймес”

Семейтауды көргенде:

“Төс табаны төрт елі

Атан жүрер жер екен.

Төсегінен түңілген

Адам жүрер жар екен”

Шідертіні көргенде

“Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер екен, бос жылқы шідерлеп қойғанда тоқтайтын жылқының жері екен”

Үшқараны көргенде:

“Он екі тұтам-тұтам қазылық үй түндік, маңырап жатқан қой түндік, қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен”- деп артына үш қараған екен.

Ерейментауды көргенде:

“Желдің жеті есігі бар екен, қыс болса жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішінде құлын тұрмас ораздының жайлауы, жиырлының қыстауы екен, екі жағындағы ел бай болар да қақортасындағы қоныс қылған ел кедей болар, бітісі жаман екен, бір-бірімен төбелесетұғын кісі сықылды ерейіп тұрғанын, панасы жоқ дала секілді тау екен.”

Терісаққанды “Уа шіркін, Сарыарқаның тұздығы екен: тек анда –санда обып қоятын жұты бар екен, бірақ артынан мал тез өсетін жер екен”

Баянды көргенде “Баянға жаймай, қой семірмес...”

Ертісті көргенде:"Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отрымас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен", - депті.

Талас өзенін көргенде:

Екі Келес, бір Талас,

Бал татыған жерін-ай,

Ағайының аралас,

Тату екен елің-ай.

Желмаяға өңгертіп,

Алып кетер едім-ай,

Сыймаған соң алдыма,

Әттең, дүние, дедім-ай! -депті.

Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: "Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау! Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тып-тыныш мамыражай ел екенсің", - депті.

Қорытынды сөз:

Аңыз бойынша Асан қайғы шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты –мыс.

2-топ. 2- көрініс:

Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартанып жетеді. Ас бірнеше күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің ақылгөй абызы сарай жырауы Асанқайғыға баскартады. Бірнеше күнге созылған осы жиынды Асан жырау:

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады, -

деп бастаған екен дейді ел. Осы ас өтерден бірер жыл бұрын Асанқайғы жырау халқынын болашақ қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап, "Жерұйықты" іздеп оралған екен. Оны көптен бері көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай алмай, сағынып аңсап жүрген ел-жұрты сөз иіні келген кезде өздерінің сұрақ, өтініштерін тұс-тұсынан жаудырыпты. Біреулер: "Қалай еткенде елге әділдік орнайды?" дегенде ол:

Әділдіктің белгісі,

Біле тұра бұрмаса.

Ақылдының белгісі,

Өткен істі қумаса.

Жамандардың белгісі,

Жауға қарсы тұрмаса;

Залымдардың белгісі,

Бейбіттің малын ұрласа.

Надандардың белгісі,

Білгеннің тілін алмаса.

Шамаңша шалқып көре бер,

Қабірге әзір қоймаса.

Артыңда қалар атақ жоқ,

Тіріде данқың болмаса,-деп термелепті.

3- топ. 3-көрініс:

Осы аста халықтың ішінен тағы бір сұрақ туындапты:

Енді бірі "Асан Ата, осы халық бірлігіне не жетіспейді, бұл заманда не ғаріп?" деп сұрапты. Сонда қарт абыз:

Бұ заманда не ғаріп?

Ақ қал алы боз ғаріп.

Жақсыларға айтпаған,

Асыл шырын сөз ғаріп.

Замандасы болмаса,

Қария болар шын ғаріп.

Қадірін жеңге білмесе,

Бойға жеткен қыз ғаріп.

Ел жағалай қонбаса;

Бетегелі бел ғаріп.

Қаз, үйрегі болмаса,

Айдын шалқар көл ғаріп.

Мүритін тауып алмаса,

Азғын болса пір ғаріп.

Ата жұрты бұқара

Өз қолында болмаса,

Қанша жақсы болса да,

Қайратты туған ер ғаріп.

Ғалымды хатим еткендер,

Мақсатына жеткендер,

Жас көрілер отырып,

Алдынан сабақ алмаса,

Қарамаса жүзіне,

Ғалым да болса ол ғаріп, -деп термелепті.

Бірде ас барысында Әбілқайыр хан "намаз уақтысы өтіп бара жатыр екен ғой" деп сылтауратып отырған орнынан тұрып, далаға шығып кетеді. Осыны сезген Асан би сөзін былайша жалғастыра түсіпті дейді:

Көлде жүрген қоңыр қаз,

Қыр қадірін не білсің?

Қырда жүрген дуадақ,

Су қадірін не білсін?

Көшіп-қонып жүрмеген,

Жер қадірін не білсін?

Көшсе кона білмеген,

Қонса көше білмеген,

Ақылына көнбеген,

Жұрт қадірін не білсін?-деп тура ханға айтқан екен.

Сергіту сәті:

Асқар биік тауларды,

Алыс-алыс белдерді,

Арнасы кең көлдерді,

Ойлы, қырат жерлерді,

Желмаямен ол кезді.

Оңды-солды шарлады,

Жерұйықты іздеді.

Жұмақ болар мекенді

Қазақ жері” деп білді.

(Өлеңді қимылмен келтіріп, денемізді, ойымызды сергітеміз)

3. «Ақын айнасы»Оқушыларға Асан қайғының толғаулары таратылады. Олар мәнерлеп оқып, тақырып, идеясын анықтайды. Ақын позициясын ашып, сөздік қолданысына сипаттама береді.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады. (Шығармашылық сәт)

Оқушыларға екі сауал қойылады.

1. Қазіргі заманың Асан қайғысы...

2. Асан қайғының Жерұйықты Қазақстан жерінен іздеуінің себебі, менің ойымша, ...

Бағалау кезеңі:

Суреттер сөйлейді.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқыса шығады.

Ақын айнасы.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады...

Қорытынды баға

Үй жұмысы:

Асан қайғы өмірі туралы оқып келу.

Әннің сөзін жаттау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жырауларды? хан-с?лтандар?а айт?ан ке?есі. Асан ?ай?ы

Автор: Умирбаева Бибіг?л

Дата: 29.10.2015

Номер свидетельства: 245349


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства