Варшава опера театры
Үй тапсырмасын сұрау
- Әлемнің ең үздік театрын ата.
- Вена қай елдің астанасы?
- Вена опера театры қай жерде орналасқан?
- Венада қандай атақты композиторлар өмір сүріп, еңбек етті?
- Вена опера театрының шымылдығы қандай операмен ашылды?
Полшада ең әйгілі
Варшава ұлттық опера
театры 1833 жылы ашылды.
Театр сахнасы атақты композитор Джоаккино Россинидің «Севиль шаштаразы» операсымен ашылды.
1939 жылы Варшава
опера театры екінші
дүниежүзілік соғыста өртеніп, үйіндіге айналады.
Кейін 20 жыл бойы қайтадан
қалпына келтірілді.
Театр ғимараты
үлкейтіліп,
екі көрермен
залы орналасты.
Негізгі залда
1840 көрермен
орны, ал Кіші залда
248 көрермен орны бар
Театр сахнасы
әлемдегі ең
үлкен сахнаның
бірі болып
есептеледі.
Мұнда дәстүрлі түрде опера, балет және театрлық қойылымдар көрсетіледі.
Театр жанынеда Польша
Ұлттық операсының мақтанышына айналған
Театр музейі орналасқан.
Бұл музей 18 ғасырдан бастау алатын поляктардың драма және опера өнері тарихынан мәліметтері сақталған
«Құлақтан кіріп бойды алар, Тәтті күй мен әсем ән» (Абай) Музыка тыңдайық.
Музыкалық термин сөз
Увертюра – операға, балетке, симфониялық музыкаларға кіріспе ретінде орындалатын музыкалық шығарма.
Ойын «Сыйқырлы күй сандық»
Ән жарыс «Ақ мамам» Әні: Ә.Бейсеуов. Сөзі: Ә.Дүйсенбиев
- І топ 1 шұмағын қайырмасымен.
- ІІ топ 2 шұмағын қайырмасымен.
- ІІІ топ 3 шұмақ қайырмасымен.
Қорытынды:
Қорытынды:
- Варшава опера театрының тарихы туралы не білдің?
- Театр сахнасында алғаш қандай опера орындалды?
- Театр қасында не орналасқан?
- Театр неліктен поляктардың ұлттық мақтанышы?
Үйге тапсырма: