Просмотр содержимого документа
«: «?ндіні? с?лу сазды рагасы»»
Бекітемін:
Күні: 30.01.2016ж
Пәні: музыка
Сыныбы: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы: «Үндінің сұлу сазды рагасы». Сабақтың мақсаты: Әлем халықтарының театрларымен таныстыру. Оның ішінде үнді дәстүрлі музыкасын тыңдау арқылы эстетикалық тәрбие беру. Оқушыларды әлемдік мәдениеттілікке тәрбиелеу. Көзқарастары мен дүниетанымдарын кеңейту. Типі: аралас сабақ Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
а)Амандасу.
Мұғалім: Саламатсыз ба?(әуенмен орындау).
Оқушылар: Саламатсыз ба? (әуенмен орындау)
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Қош келіпсіз ұстаздар,
Саламатсыз ба?
ә)Түгелдеу. Сабаққа назарын аудару Балаларға үнді музыкасынан үзінді жіберу. - Балалар, бұл қай ұлттың музыкасы? Ия, сендер оны жақсы білесіңдер, бұл үнді музыкасы. Біз әлем халықтарының мәдениеті туралы тақырыбымыздың «үнділер» бөліміндеміз. Әуелі өткен тақырыптарымызға бір шолу жасап алайық.(1 слайд) ІІ. Үй тапсырмасын қайталау. - Тақтадағы суреттерге назар аударыңдар да ол суреттер қай халыққа тән екендігін табыңдар. Тақтадағы суреттерді танып ал! (2 слайд.) (слайд) бойынша үй тапсырмасын қайталап шығу. Негізі, үнді биі классикалық, тайпалық және халық билері болып үш топқа бөлінеді. Театр, музыка мен би өнері жөніндегі «Натьяшастра» (II ғасыр) трактатында би негізгі бөлім ретінде ерекше қарастырылады. Осы еңбекте бидің бүкіл қағидалары, қимылдары, кейіпкерлері, тіпті, костюмдеріне дейін қандай болу керек екендігі жазылған. Үнді классикалық биінің 8 стилі бар. Олар: Тамилнаду штатында – Бхаратанатьям, Уттар - Прадеш, Раджастан штаттарында – Катхак, Керала штатында – Катхакали (ерлер биі) және Мохини - аттам (әйелдер биі), Андхра - Прадеш штатында – Кучипуди, Манипур штатында – Манипури, Орисса штатында – Одисси, Ассам штатында – сатрия билері. Бұлардың барлығының орындалу техникасы түрліше болғанымен, философиялық мәні бірдей. Әр стилдің өзінің терең тарихы, өзіндік заңдылықтары бар. – Үнді классикалық биінің ең негізгі ерекшелігі – әдебиетпен байланыстылығында. Билердің барлығы белгілі бір шығармаға, эпостардың ішіндегі мифтерге қойылады. Қимыл - қозғалыстар арқылы оқиғаның мазмұны жеткізіледі. Сосын үнді би қимылдарының өзі бір ғылым сияқты. Оларда әр қимылдың белгілі бір мән - мағынасы бар, яғни, әр қозғалыс сөйлеп тұрады. Халық билері. Олардың мазмұндары бірдей болып келеді, әлеуметтік өмірді суреттейді, классикалық билер секілді арнайы оқиғаға құрылмайды. Тайпа билері де дәл солай. XVII ғасырға дейінгі, яғни ежелгі және орта ғасырлар кезең. Ол кездері биді ғибадатханаларда билейтін болған. Сол үшін қыздарды арнайы ғибадатханаларда тәрбиелеген, оларды девадаси деп атаған. Олар жақсы билеп қана қоймай, ән айтып, музыкалық аспапта ойнаған, жақсы киініп, актерлік шеберлікке те үйренген, әдемі сөйлеп, түрлі ұлттық салт - дәстүрлерді жетік меңгеріп шыққан. Әрбір ата - ана өзінің бір қызын бишілікті оқыту үшін ғибадатханаға беріп отырған. Өйткені олардың қоғамдағы дәрежесі өте биік болатын, оларды қатты сыйлайтын.
1. Үнді халқында музыка ең қасиетті өнер болып есептеледі.Үндінің ежелгі ойшылдардың айтуы бойынша жаратылыстың өзі түрлі тербеліс күшінен тұрады.Мысалы,әлемнің өзң де шексіз музыкадан жаратылған.Сондықтан үнділер муызыканы Жаратушының сыйы деп қараған.Музыка адамға өмірлік күш-қуат,биік рух,тән мен жанның саулығын береді деп сенген.
Үндінің Рагасы - үнді классикалық музыкасы. Тарихи тақырыпқа құрылған. Жеке дауыспен орындауға арналған баяу музыка. Рага бірнеше мунуттарға созыла беруі мүмкін Осы аңызда Шива өзінің әртүрлі қимылдардан құралған биімен түпсіз тұңғиықтан мына жарық әлемді жаратты делінеді. Үнді музыканты үшін рага айту табиғатпен тілдесумен парапар.Сондықтан рага орындайтын музыкант табиғаттың үнін тыңдап,өзінің ішкі жан тебіренісін соған лайықтайтын болған.
Бір қызықты оқиғаға құлақ түрейік! Бір күні үндінің Тансен деген музыканты өз уақытына сай келмейтін раганы орындайды.Тансен жазғы ыстық мезгілде орындалатын отты раганы айтқан кезде патша сарайындағы шырақтар өзінен-өзі жанып,сонан соң музыкант отқа оранған.Тыңдап отырған халық Тансеннің үстіндегі отты әрең сөедіріп оны аман алып қалған екен.
Кейбір рагалардың магиялық күші бар.Олра бұлт шақырып жаңбырды жауғызып,жел тұрғызатын күшке ие болған.
Рага адам сезімімен сырласып,табиғатпен тілдесе алатын ғажайып музыка болып табылады.
Ситар аспабында орындаушы Рави Шанкар-дүние жүзінде белгілі музыканттардың бірі.Үндінің классикалық музыкасын әлем халықтарына таныстаруға Рави Шанкар зор үлес қосты.Батыс Еуропаның көптеген музыканттары Рави Шанкардың дәріс алған .Солардың бірі the beaties тобының гетаршысы Джордж Харрисон Равви Шанкардан ситар аспабын үйренген .
Алпыс жылдан астам әлем сахналарында өнер көрсеткен Рави Шанкардан Гиннесс кітабына енді
3. Біліп ал. Үнді халқының музыкалық аспаптары.
Рага түрлі аспаптардың сүйемелдеуінде орындалады.
Олар,:вина,ситар ,саранги және табла. Вина мен ситар –шертпелі, саранги- ыспалы, ал табла-үрмелі аспап.
Үндістандағы ең танымал аспаптар- вина мен ситар. Вина аспабын нәзік үні және бай тембрі үшін «ішікті аспаптардың патшайымы » деп бағалайды. Бұл аспаптың екі жағында резонаторы болады. Оның бірін ойылған ағаштан, ал екіншісін асқабақтың кепкен қауашағынан жасап, аспаптың мойынына бекітеді. Екінші резонатор аспаптың үнін күшейтіп, көлемді дыбыс береді. Ситар аспабы құрылысы жағынан вина аспабына өте ұқсас.
Кеңінен қолданылатын үрмалы аспап табла деп аталады. Бұл аспаптың ерекшілігі- міндетті түрде екі табла бірінен-бірі ажырамай қатар қойылып орындалады. Табланы алақанның буынымен және саусақтрдың ұшымен теріп ойнайды.
Үндінің ыспалы аспаптарының ішінен саранги аспабы кең танымал. Саранги аспабының беті терімен қапталады. Саранги аспабының ойналатын негізгі төрт ішегі бар. Мойнының артында аспапқа қосымша үн беретін 25-30 ішегі болады. Саранги аспабы адамның үнімен үндес келеді.
4. Үнді халқының музыкалық аспаптары мен қазақ халқының музыкалық аспаптарын салыстырайық, яғни «Венн диаграммасын» құрайық.
Үнді халқының музыкалық аспаптары: Қазақ халқының музыкалық аспабы:
вина қобыз
табла музыка домбыра
ситар даңғыра
саранги дабыл
5. Музыканы тыңдау. Ән «Алматы-Дели» Е.Хасанғалиев
– естіген музыкадан алған әсерің қандай?
- музыканың көркемдігі (темпі т. б) туралы айт? - музыка қандай көңіл - күйді қалыптастырды?. 6.Жаңа ән үйрену:
«Қазақтай ел қайда»
Әнін жазған: Ж. Дәулет Өлеңін жазған:Н.Айтұлы
1.Көңілі көлдей шалқыған,
Қазақтай ел қайда,
Даласы жусан аңқыған,
Өзіңдей жер қайда,
Киелім!
Таусылмас саған айтарым,
Ардақтап өтейін,
Бабадан қалған байтағым,
Садағаң кетейін,
Киелім!
Қ/сы:
Гүрілдеп жатқан көлден,
Көгорай шалғын белден,
Құбыла соққан желден,
Айналайын!
Тілегін Тәңір береген
Қасиет қонған Елден,
Елі үшін туған Ерден ,
Айналайын!
2. Болмасаң өзің,айбарым,
Мұратқа жетер ме ем?!
Түспесін төмен байрағың
Төбеңе көтерген,
Киелім!
Ғасырлап күткен,армандап,
Теңдігім асқақ ән,
Ұлыңа Алла жар болғай,
Елімдібастаған
Киелім!
Қ/сы
Гүрілдеп жатқан көлден,
Көгорай шалғын белден,
Құбыла соққан желден,
Айналайын!
Тілегін Тәңір береген
Қасиет қонған Елден,
Елі үшін туған Ерден ,
Айналайын!
6. Әнді үйрену, орындау.
ІҮ. Қорытынды.
- Ендеше бүгінгі сабақ бойынша сұрақтарға жауап берейік.
Үндінің аспапты музыкасы қалай аталады?
Раганың неше түрі бар?
Рага қандай ұғымды білдіреді?
Рага қандай түрлерге бөлінеді?
Раганы қандай аспаптарда орындайды?
Ү. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: Әнді жатқа айту. Үнді халқы туралы мағлұмат жинап келу.