kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ндіні? с?лу сазды рагасы» та?ырыбында ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

"?ндіні? с?лу сазды рагасы" та?ырыбында музыка п?нінен ашы? саба?. ?лем халы?тарыны? театрларымен таныстыру. Оны? ішінде ?нді д?ст?рлі музыкасын ты?дау ар?ылы эстетикалы? т?рбие беру. О?ушыларды ?лемдік м?дениеттілікке т?рбиелеу. К?з?арастары мен д?ниетанымдарын ке?ейту. ?ндіні? Рагасы - ?нді классикалы? музыкасы. Тарихи та?ырып?а ??рыл?ан. Жеке дауыспен орындау?а арнал?ан баяу музыка. Рага бірнеше  мунуттар?а  созыла  беруі  м?мкін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ндіні? с?лу сазды рагасы» та?ырыбында ашы? саба?»



Сабақтың тақырыбы: «Үндінің сұлу сазды рагасы».Ән: «Алматы- Дели» Е.Хасанғалиев.
Сабақтың мақсаты: Әлем халықтарының театрларымен таныстыру. Оның ішінде үнді дәстүрлі музыкасын тыңдау арқылы эстетикалық тәрбие беру. Оқушыларды әлемдік мәдениеттілікке тәрбиелеу. Көзқарастары мен дүниетанымдарын кеңейту.
Типі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: география
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:

а)Амандасу.

Мұғалім: Саламатсыз ба?(әуенмен орындау).

Оқушылар: Саламатсыз ба? (әуенмен орындау)

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Қош келіпсіз ұстаздар,

Саламатсыз ба?(әуенмен оқушылар орындауында)

ә)Түгелдеу. Сабаққа назарын аудару
Балаларға үнді музыкасынан үзінді жіберу.
- Балалар, бұл қай ұлттың музыкасы? Ия, сендер оны жақсы білесіңдер, бұл үнді музыкасы. Біз әлем халықтарының мәдениеті туралы тақырыбымыздың «үнділер» бөліміндеміз. Әуелі өткен тақырыптарымызға бір шолу жасап алайық.1 слайд.
2. Үй тапсырмасын қайталау.
- Тақтадағы суреттерге назар аударыңдар да ол суреттер қай халыққа тән екендігін табыңдар.
Тақтадағы суреттерді танып ал!2 слайд.
3. 3 слайд бойынша үй тапсырмасын қайталап шығу.
- Башқұрт халқының үлкен құрметке ие аспабы бұл - қурай аспабы.
- Қурай аспабы оларда тек аспап қана емес ол Башқұрт мемлекетінің символы ретінде аса қадірлі аспап болып саналады екен.
- Қурай аспабын неден жасайды балалар?Ұзындығы қанша болады?


-Қазақ халқында қурайға ұқсас қандай аспап бар?

-Үні қандай бұл аспаптың?
4. 4 слайд
- «Маған таныс». Өзіңе таныс актерлерді атап шық.
- Ал, енді біз Үнді актерларымен қаншалықты таныспыз. Мына суреттерден кімдерді жақсы танимыз, және олар туралы не білеміз?
Авики Гор, Шак Рукх Хан, Айшвария Рай , Аамир Кхан Хем, Малини
5. 5 Слайд. Жаңа сабақ: «Үндінің сұлу сазды рагасы».


Үндінің Рагасы - үнді классикалық музыкасы. Тарихи тақырыпқа құрылған. Жеке дауыспен орындауға арналған баяу музыка. Рага бірнеше мунуттарға созыла беруі мүмкін.
Үнді биі – екі мың жылдан астам тарихы бар өте көне өнер. Үнді мифологиясы бойынша, ең алғашқы биші Шива құдай болды деп саналады. Осы аңызда Шива өзінің әртүрлі қимылдардан құралған биімен түпсіз тұңғиықтан мына жарық әлемді жаратты делінеді.
Негізі, үнді биі классикалық, тайпалық және халық билері болып үш топқа бөлінеді. Театр, музыка мен би өнері жөніндегі «Натьяшастра» (II ғасыр) трактатында би негізгі бөлім ретінде ерекше қарастырылады. Осы еңбекте бидің бүкіл қағидалары, қимылдары, кейіпкерлері, тіпті, костюмдеріне дейін қандай болу керек екендігі жазылған. Үнді классикалық биінің 8 стилі бар. Олар: Тамилнаду штатында – Бхаратанатьям, Уттар - Прадеш, Раджастан штаттарында – Катхак, Керала штатында – Катхакали (ерлер биі) және Мохини - аттам (әйелдер биі), Андхра - Прадеш штатында – Кучипуди, Манипур штатында – Манипури, Орисса штатында – Одисси, Ассам штатында – сатрия билері. Бұлардың барлығының орындалу техникасы түрліше болғанымен, философиялық мәні бірдей. Әр стилдің өзінің терең тарихы, өзіндік заңдылықтары бар.
– Үнді классикалық биінің ең негізгі ерекшелігі – әдебиетпен байланыстылығында. Билердің барлығы белгілі бір шығармаға, эпостардың ішіндегі мифтерге қойылады. Қимыл - қозғалыстар арқылы оқиғаның мазмұны жеткізіледі. Сосын үнді би қимылдарының өзі бір ғылым сияқты. Оларда әр қимылдың белгілі бір мән - мағынасы бар, яғни, әр қозғалыс сөйлеп тұрады.
Халық билері. Олардың мазмұндары бірдей болып келеді, әлеуметтік өмірді суреттейді, классикалық билер секілді арнайы оқиғаға құрылмайды. Тайпа билері де дәл солай.
XVII ғасырға дейінгі, яғни ежелгі және орта ғасырлар кезең. Ол кездері биді ғибадатханаларда билейтін болған. Сол үшін қыздарды арнайы ғибадатханаларда тәрбиелеген, оларды девадаси деп атаған. Олар жақсы билеп қана қоймай, ән айтып, музыкалық аспапта ойнаған, жақсы киініп, актерлік шеберлікке те үйренген, әдемі сөйлеп, түрлі ұлттық салт - дәстүрлерді жетік меңгеріп шыққан. Әрбір ата - ана өзінің бір
қызын бишілікті оқыту үшін ғибадатханаға беріп отырған. Өйткені олардың қоғамдағы дәрежесі өте биік болатын, оларды қатты сыйлайтын.
Музыка тыңдау: Үнді рагасы - (5 слайдтарда)
Музыканы талдау:

– естіген музыкадан алған әсерің қандай? - музыканың көркемдігі (темпі т. б) туралы айт?
- музыка қандай көңіл - күйді қалыптастырды?
Сергіту сәті: қыздарымыздың дайындаған үнді биін тамашалау.
- Рахмет, қыздар, өте тамаша биледіңдер!
6 слайд. Катхакали театрына тек ерлерді ғана алған. Олардың киімі мен бет бояулары да ерекше болған. Тек қимыл ғана емес, беттің мимикасын өзгертіп отыру да маңызға ие. Ал, қыздары ұлттық Бхаратанатьям биін былай билейді:
Видеодан Бхартанатьям биін тамашалау.
6.Жаңа ән үйрену:
- Балалар,бүгін біз Ескендір Хасанғалиев ағамыздың «Алматы-Дели» әнін үйренеміз.Е.Хасанғалиев туралы қысқаша мағлұмат беріп кету.7 слайд.

Әнді үйренбес бұрын біз не жасаймыз?Ия,тыныс жаттығуларын және дауыс жаттығуларын жасаймыз.Тыныс жаттығуларын біз Ресейдің опера әншісі Стрельникованың әдісін қолдана отырып жасаймыз:

1.Алақан.

2.Мысық.

3.Насос.

4.Иығымызды құшақтау.

Дауыс жаттығуын до мажор гаммасында орындаймыз:

До-до-фа-фа-фа-ми-фа,

До-до-фа-фа-фа-ми-фа.

До-до-си-си-ля-фа-соль,

Си-си-ля-ля-соль-ми-фа.

До-си-ля,до-си-ля,до-си-ля-соль,

Си-ля-соль,си-ля-соль,си-ля-соль-фа.

Енді балалар,әнді үйренбес бұрын оны біз тыңдап алайық!Бұл әнді кезінде өте тамаша әнші, қазір о дүниелік болып кеткен апамыз Мадина Ералиева орындаған екен.Бәріміз бірге тамашалайық!8 слайд.

- Ендеше «Алматы-Дели» әнін үйренейік. (тақтада және балалардың қолдарында сөзі бар).
Әнді жеке, топпен орындау.
7. Түсінгенін тексеру:
- Сендер үнділер туралы қандай мәліметтер алдыңдар, қандай жаңа терминмен таныстық?
- Ендеше сабақ бойынша сұрақтарға жауап берейік.
8.Қорытындылау.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Әнді қайталап орындау
Үйге тапсырма:
Әнді жатқа айту.
Үнді халқы туралы мағлұмат жинап келу. 9 слайд.

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?ндіні? с?лу сазды рагасы» та?ырыбында ашы? саба?

Автор: Нуримова Айгуль Серикбаевна

Дата: 13.01.2016

Номер свидетельства: 276279


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства