Білімділік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, Нұрғиса атаның әндерімен, күйлерімен толығырақ таныстыру.
Дамытушылық: Музыканы, күйді тыңдау және оны тыңдауға баулу. Әншілік қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Қазақ халқының ұлы тұлғаларын үлгі тұтуға және олардың шығармалары арқылы халқымыздың мәдени дамуына үлес қосуға тәрбиелеу. Рухани жан – дүниесі бай, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Ұлы компазитор Нұрғиса ата»
Қазақстан Республикасы
Оңтүстік Қазақстан облысы
№57 жалпы орта мектеп
6 «В» сынып
Тақырыбы:
Музыка пәні мұғалімі: Тойчиева Г.А.
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ұлы композитор Нұрғиса ата – 90 жаста.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, Нұрғиса атаның әндерімен, күйлерімен толығырақ таныстыру.
Дамытушылық: Музыканы, күйді тыңдау және оны тыңдауға баулу. Әншілік қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Қазақ халқының ұлы тұлғаларын үлгі тұтуға және олардың шығармалары арқылы халқымыздың мәдени дамуына үлес қосуға тәрбиелеу. Рухани жан – дүниесі бай, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Композитор деген кім? (Өз жанынан музыка шығаратын адам)
IV. Балалар! Енді бүгінгі сабағымызды Ұлы композитор Нұрғиса Тілендиев атамыздың шығармашылығына арнаймыз.
Оқушыларды 3 топқа бөліп, сабақты «Тәй – тәй бағдарламасы» бойынша жүргіземін.
І – топ: Зерттеу орталығының тапсырмалары
Нұрғиса Тілендиев кім? Қашан?, Қайда? дүниеге келген?
Бүгінге дейін оның қандай шығармаларымен таныстық?
Ұлы композитор қашан қайтыс болды? Қай жерге жерленді?
Бүгінгі күнде қандай атақтар берілді?
ІІ – топ: Оқу орталығының тапсырмалары
Н.Тілендиев қандай көркем фильмге, қандай мультфильмге күй және музыка жазды?
Оның еңбекке арналған қандай әндерін білесің? Ол әндерден ненің бейнесін көреміз?
Ұлы композитордың әндерінің шоқтығы қандай?
Н.Тілендиев қандай жанрларда музыка жазған?
ІІІ – топ: Жазу орталығының тапсырмалары
Ұлы композитордың қандай патриоттық әндерін білесің?
Қандай лирикалық әнін білесің?
«Құстар» және «Алатау» әндерінің шығу тарихынан мысалдар келтір.
«Алатау» әнінен үзінді келтір.
IV – топ: Өнер орталығының тапсырмалары
Әже туралы жыр.
Саржайлауым
Әке туралы жыр.
Өз елім.
V. Ұлы композитор Н.Тілендиевтің жаңа күйі «Әлқисса» күйімен танысу және оны тыңдау. Слайд арқылы ұлы композитордың суреттері, «Отырар сазы» оркестрінің суреттері таныстырылады.
VI. Ұлы композитордың шығармашылығынан алған білімдерін пысықтау мақсатында семантикалық карта тарқатылады.
Семантикалық карта
«Жылдар сөйлейді»
1978 ж
1963 ж
1995 ж
1998 ж
1925 ж
1981-98 ж
1975 ж
1968-81 ж
1975 ж
2000 ж
1999 ж
1998 ж
Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы қай жылы дүниеге келген?
«Алтын дән», «Ақсақ құлан», «Аққу» «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен күйлерін қай жылы жазды?
Қай жылы ұлы композиторге оркестрге арнап жазған әндері, романстары, күйлері үшін Каз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді?
Қай жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының құрметті профессоры болған?
«Ата толғауы» күйін қай жылы жазды?
Қай жылы Қазақстанның халық қаһарманы деген атқа ие болды?
Жеңіс салтанаты атты увертюраны қай жылы жазды?
Өзі ұйымдастырған «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық оркестрдің көркемдік жағын қай жылдары басқарды?
Қай жылдары Қазақфильм киностудиясын музыкалық редакциясының бас редакторы болып жұмыс істеді?
Қай жылы«Отырар сазы » оркестріне Н.Тілендиевтің есімі берілді?
Қай жылы Алматы қаласында композитор есімімен көше берілді?
Қай жылы 15 қазанда Алматы облысының Жамбыл ауданында жерленді?
VII. Енді бүгінгі сабағымызды тірек – сызба арқылы қорытындылаймыз. Нұрғиса Тілендиев кім?
Биыл көзі тірі болғанда Нұрғиса ата 90 жасқа толар еді.
Нұрғиса Тілендиев – қазақ мәдениетінің жарық жұлдызы, биік мәртебесі.
Көзіміз көрген өнердің сондай даналары мен көсемдері: қара сөзде – Мұхтар Әуезов, ақындықта – Мұқағали Мақатаев, музыкада – Нұрғиса Тілендиев. Көзі тірісінде аты аңызға айналған екі адам болса, бірі – Бауыржан Момышұлы, бірі – Нұрғиса Тілендиев.
VIII. Оқушыларды бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма: Н.Тілендиевтің шығармашылығын қайталау.