Сабақтың көрнекілігі: Баян аспабы, слайд, сазгер фотосуреті
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасын қорыту: Біліміңді тексер: «Абай және оның әндері»
1 – тапсырма: Музыкалық ұғымдардың дұрыс тауып, дәптеріңе жаз:
Ұғымдар: Анықтамалар:
Классикалық музыка а)Жеке дауысқа арналып
Жазылған лирикалық шығарма
Романс ә) музыкалық шығармада
Негізгі тақырыптың екпін,
Динамика арқылы өзгеруі
Вариация б) ең биік көркемдік талапқа сай,
Музыка қорының алтын
қорына енген шығарма
2- тапсырма: «Сұраққа жауап» 1) Абай қай жерде дүниеге келген?
2) «Қараңғы түнде тау қалғып»
әні қалай жазылды?
3) Қай сазгер өз шығармасында
Абай әнін пайдаланды?
v. Жаңа сабақ: «А.Жұбанов және фортепианоға арналған “10 тәжік биі”»
Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы:
Ахмет Қуанұлы Жұбанов(1906-1968) – қазіргі Ақтөбе облысы Темір ауданында дүниеге келген. Мектепте оқып жүрген кезден –ақ ол домбыра,мандолина, скрипка сияқты музыка аспаптарында ойнауды үйренеді. 1929 – 1932 жылдары Санк-Петербург қаласындағы музыка техникумы мен консерваториясында оқып, білім алған.
Сазгер- қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері әрі дирижер, музыка зерттеуші ғалым.Ол қазақтың ұлттық музыка аспаптары оркестрін алғаш ұйымдастырушы және соған арнап “Би күйі”,”Көктем” атты пьесаларын жазды.
А.Жұбановтың фортепианоға арналған “10 тәжік биі”
Көптеген қазақстандық сазгерлер өз шығармаларында тек қазақ халық музыкасы ғана емес, басқа халықтардың да музыкалық әуендерін пайдаланып келеді. Мысалы: А.Жұбанов 1950 жылы “10 тәжік биін “жазды. Сазгердің камералық шығармаларының ішінде бұл шығармасы лайықты орынға ие.
“10 тәжік биінің” шығуына Шығыс билерін өте шебер билейтін Шәрипа Түрікбаева себеп болған.Сазгер бұл шығармасында тәжік халқының ән-би әуендерін пайдаланған. Ол тәжік халқының музыкалық әуенін өз түсінігі бойынша берді.
Музыка тыңдау:
Нота сауаты:
Камералық музыка – аспапты, вокалды немесе қосылып орындалатын аспапты – вокалдық музыка.Ол жеке орындаушы немесе шағын топ орындаушыларына арналған.
Ән үйрену: «Туған жер» - Әсет Бейсеуов
Әсет Бейсеуов 1938 жылы Алматы қаласында туған. Ол Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясында оқыған.
Ән жанрында жемісті еңбек еткен сазгер. Ә.Бейсеуовтің “Маралдым”, “Алтыным”, “Шақырады көктем” секілді әндері халық жүрегіне жол тауып, ән сүйер қауымның үлкен сүйіспеншілікпен айтатын қалаулы әндеріне айналды.
Туған жер
Жұпар самал бұйраланған көп белең,
Далам менің еңбегіммен көктеген.
Қызғалдақтың алаулаған оттары,
Туған жерді жалғап жатыр көкпенен.
2.Сүйем сені қасиетті мекенім,
Мәңгі сені әнмен желпіп өтермін.
Сенде ғана көтерілсем биікке,
Сенде ғана мақсатыма жетермін.
3. Жұпар самал бұйраланған көп белең,
Далам менің еңбегіммен көктеген.
Қызғалдақтың алаулаған оттары,
Туған жерді жалғап жатыр көкпенен.
Бекіту және қорыту: Топтастыру: «А.Жұбанов»
А.Жұбанов “10 тәжік биін” кімге арнады және ол шығарма қашан дүниеге келді?
)Камералық музыка дегеніміз не?
“Тәуелсіздікке 20 жыл “ ұғымы мен “Туған жер”әні арасында байланыс бар ма?
Үйге тапсырма:
А) Әнді жаттау;
Ә) Сазгер туралы реферат дайындау;
Бағалау:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Абай орта мектебі
Түрлі музыкалық шығармалар
Қазақстан сазгерлерінің шығармаларында
4 – сынып
Дайындаған: Г.Гильманова - ән – музыка пәнінің мұғалімі