Просмотр содержимого документа
«ту?ан жерін ?ндеткен- Хасан?алиев»
Сабақтың тақырыбы: «Туған жерін әндеткен Е. Хасанғалиев»
Сабақтың мақсаты:
Ескендір Хасанғалиев ағамыздың музыка саласына сіңірген еңбегі жайлы мағлұмат беру. Өмір жолдарына шолу жасап өнерін зерттеу.
1.Оқушылардың пәнге, тақырыпқа деген, қызығушылығын арттыру. Ескендір ағамыздың әндері арқылы оқушылардың білімдерін көтеру.
2. Топтық ойлау әрекетін қолдану. Алған теориялық білімдерін ойындар арқылы жинақтап ой - өрістері мен рухани мәдениетін эстетикалық талғамдарын анықтай отырып оқушылардың танымдық қабілетін арттыру. Балалардың музыканы тыңдау арқылы ырғақты сезінуі және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Оқушыларды музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып композиторлардың әндері мен музыкасы арқылы өз халқының әндеріне туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Оқыту технологиясы: Ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау,
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ, топтық ойлау, ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Ұқсас пен айырмашылық, бағалау сұрақтары, автор орындығы, бірігіп сурет салу.
Сабақтың мақсатына жету үшін пайдаланылатын әдістер:
1. Ой қозғау
2. Топтық жұмыс
3. Бейнеролик көрінісі
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
1. Құралдар:
интерактивті тақта, компьютер, оқулық
Көрнекіліктер:
жасырын сөздер, жасырын әуендер, слайд көрсетілімдері
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеу.
Эстрада аспаптары мен оркестрдің аспаптарын ажырату арқылы оқушыларды топқа бөлу.
Эстрада
Гитара , барабан, YAMAHA, бас гитара
Оркестр
Домбыра, қобыз, жетіген, шертер
ІІ. Жаңа сабақ: Туған жерді әнге қосқан Ескендір Хасанғалиев.
Оқулықпен жұмыс.
Екі топта ең алдымен мәтінді мұқият оқып алады. Содан кейін берілген сөзге қарап отырып екі топ бір біріне сұрақ қояды.
Қадір Мырза Әлі
Атамекен
Композитор
Берлин
Ақмаңдайлым
Өзіндік жұмыс.
Оқушылар топпен отырып бес тест сұрағын құрастырады. Екі топ бір біріне жасырады.
«Келші келші балашым» әні бейнеролик арқылы балалар қосылып айтады.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Мұғалім: Мен сендерге бүгінгі өткен жаңа сабағымыз бойынша сөйлем бастаймын сендер сол сөйлемді аяқтайсыңдар.