kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ту?ан жерін» ?н еткен Е. Хасан?алиев

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а  сазгер Ескендір  Хасан?алиев ?мірі,оны? ?аза? музыка ?нерінде алатын орны, ?ндеріні? ерекшелігі туралы  музыкалы?  білім беру. Хал?ымызды? ?алдыр?ан м?расын  жал?астыратын,саналы, ?нерлі, білімді азаматты т?рбиелеу. Хасан?алиев ?ндері  ар?ылы эстетикалы?,адамгершілік т?рбие беру. Музыкалы? с?з ?орларын байыту  музыканы ты?дай ж?не т?сіне білу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ту?ан жерін» ?н еткен Е. Хасан?алиев »

Балманова Мария Жарылкагановна

М.Әуезов атындағы орта мектебінің

музыка пәні мұғалімі




Сабақтың тақырыбы: «Туған жерін» ән еткен Е. Хасанғалиев


Сабақтын мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сазгер Ескендір Хасанғалиев

өмірі,оның қазақ музыка өнерінде алатын

орны, әндерінің ерекшелігі туралы

музыкалық білім беру.

Тәрбиелік: Халқымыздың қалдырған мұрасын

жалғастыратын,саналы,өнерлі,білімді

азаматты тәрбиелеу. Хасанғалиев әндері

арқылы эстетикалық,адамгершілік тәрбие беру.

Дамытушылық: Музыкалық сөз қорларын байыту,

музыканы тыңдай және түсіне білу,ән айту

қабілеттерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті,баяндау,сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: Е. Хасанғалиев суреті, слайд, э.о, музыкалық аспап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатысуын,оқу-құралдарын тексеру)

ІІ. Жаңа сабақ.

«Туған жер» әнін тыңдау

А) Қызығушылығын ояту. Туған жер деген сөзді естігенде,ойларыңа,көз алдарыңа не келеді? Оқушылар ойларын қағазға түсіреді. Ассоциациялық аймақ құрғызамын.



Сабақтың мақсатын ашу .

Мағынаны тану: Оқушыларға Ескендір Хасанғалиев суретін көрсету

  • Ескендір Хасанғалиев кім?

-жауаптарын тыңдау

Ескендір Хасангалиев өмірі мен әндері туралы мұғалім түсінігі. (оқушыларға карточкалар тарату)

Қазақтың қазіргі ән өнеріндегі орны бөлек үлкен тұлға, халқымыздың ардақ тұтар композиторы Ескендір Хасанғалиев біздің жерлес ағамыз. Оның әншілік өнерінің өзі - бір мектеп. Ескендір табиғат берген әсем үнін жүрегінің даусымен жұптастырып айтатын әнші. Сондықтан да оның әнші әлемі үлкен үндестікке толы әлем.

Ескендір Хасанғалиев әндері жастық шағы 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басында өткен замандастарына, іні-қарындастарына өте ыстық. «Студенттердің қоштасу әні», «Асыл арман», «Ауылым-әнім», «Атамекен», «Есіңе ал», «Сағындым сені», «Гүл сезім», «Әдемі-ау», «Елігім еркем», «Бозторғайым» т.т. Олар қимас күндердің естелігіндей өміріміздің бір бөлшегіне айналып кеткен әндер.

Осындай ешкімге ұқсамайтын ерекше тартымды да, мәнді әндерді дүниеге әкелген - Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, әнші, композитор- Ескендір Хасанғалиев.

«Ең сүйікті әндерім сағыныштан жаралған...»-деген сазгер, әнші Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы Қаратөбе ауданы Қалдығайты округі, Батпақкөл мекенінде дүниеге келген. Ата-анасының екеуі де дарынды жандар болған. Әкесі Құбаш Ыбырашев 21 жасында мұғалім болып жүріп 15 жасар шәкірті Қанашқа үйленеді. Әкесі скрипкада шебер ойнаса, анасының тамылжытып ән салатын өнері болған. Бірақ үйленгеннен кейін көп ұзамай әкесі қайтыс болады да, Ескендір нағашы атасы Өтеген мен әжесі Балқияның қолында тәрбиеленіп, соларды әкем-шешем деп атайды. Ал туған анасын апасындай сыйлап өтеді де, оның екінші жолдасы Қуандықты жездем деп кетеді. Ескендір 1956 жылы қазақ орта мектебін бітіріп, ауылда үш жыл қызмет істеген. 1959 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияның ән-хор факультетінің дайындық курсына түскен. 3-4 жыл негізгі бөлімде оқып, соңғы курста сырттай оқу бөліміне ауысып, композитор Мансұр Сағатовтың шақыруымен Қазақ радиосында музыкалық редактор болып жұмыс жасайды. Содан кейін Әл-Фараби атындағы мәдениет институтын бітіреді. 1970 жылы Қазақстан Орталық Комитетінің шешімі бойынша Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болып атанады. Ескендірдің тұңғыш әні «Анаға сәлем»деп аталды. Ол оны жиырма екі жасында жазады. «Мереке күніңмен...»деп басталатын осынау ән елдің аузынан түспейтін болды. Сөйтіп Ескендір Хасанғалиев қазақ радиосының редакторлығынан әншілікке ауысады.Содан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында дирижерліктен сабақ беріп, «Айгүл» вокалдық квартетінің жетекшісі болып қызмет істейді. Әрі қазақ радиосы мен телевизиясының эстрадалық-симфониялық оркестрінің жеке әншісі болып қабылданады.

Ескендір Хасанғалиевтің Отан, туған ел тақырыбына арналған шығармалары өте көп. Ол 500-ден астам ән, романс және хорға арналған шығармалар жазған.


-Төмендегі сұрақтар арқылы түсінігін тексеру

-сұрақтардың жауабын маркермен белгілеп отыру

-Ол кім?

-Қай жерде дүниеге келді?

- Ең алғашқы әні?

-Қай жерлерде жұмыс атқарды?


-Өздері бояған жауабын дәптерге жазу


Ескендір Хасанғалиев әндері




  • «Атамекен» — сөзі К. Мырзалиев,

  • "Анаға сәлем"- сөзі О.Иманалиев,

  • "Ескірмеген махаббат"- сөзі Х.Ергалиев,

  • "Келші,келші балашым" сөзі - К.Ыдрысов,

  • "Кездестім саған"- сөзі С.Мауленов

  • "Ғажайып сөз-айналайын"- сөзі К.Салықов

  • "Ерден атайдың ертегісі"- сөзі А.Асылбеков,

  • "Ауылды аңсау"- сөзі С.Оспанов,

  • "Өтеді алдан бір бейне"- сөзі Т.Молдагалиев,

  • «Айналдым елім» — сөзі С. Жиенбаев,

  • "Нұрлы таң"- сөзі А.Асыдбеков,

  • "Айналайын"- сөзі М.Шаханов,

  • "Аңсағаным"- сөзі А.Асылбеков,

  • "Жасай бер,қазақ! "- сөзі Т.Тобагабылов,

  • "Немерем-ақ таңым"- сөзі К.Салыков,

  • «Гүл сезім» — сөзі Т. Оразбаев

  • «Студенттердің қоштасу әні», Б. Тәжібаев

  • «Ауылым әнім», Б. Тәжібаев

  • "Әдемі-ау", Б. Тәжібаев

  • "Алматының алмасы" Б. Тәжібаев

  • "Қарындасым-қарлығашым", Б. Тәжібаев

  • "Елігім-еркем", Б. Тәжібаев

  • "Есіңе ал", Б. Тәжібаев

  • "Бозторғайым", Б. Тәжібаев

- Осы әндер ішінен туған жер туралы әндерді көрсет? (белгілеу)

-Сазгердің ең танымал әні қай ән деп ойлайсыңдар?

-Жаңа тыңдаған әніміз?

-«Атамекен» әні


- Қазақ әуендерінің арасында туған жерге, Отанға арналған әндер аз емес. Алайда, рухты оятып, жігер-күш беретін нағыз патриоттық әндер санаулы-ақ. Соның бірі - әнші-сазгер, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әні. Бұл ән қазақ халқының ерекше сүйіспеншілігіне бөленген. Ән басталған сәтте-ақ, барлық қазақ жатқа айтып, қосыла жөнелетін бірегей әндердің бірі.

Бар қазақ баласының аузында жүрген «Атамекен» әні 1970 жылы дүниеге келген. Ескендір Хасанғалиев шетелдерде гастрольдік сапарлармен жүрген кезде, елді сағынып, туған өлке, атамекен туралы ән жазуды қолға алады. Ұзақ толғаныстардан кейін, ән әуені жазылады. Әуен дайын болған соң, Ескендір Хасанғалиев әннің сөздерін жазуды ақын  Қадыр Мырза Әліге тапсырады. Дайын болған ән Республика сарайында өткен кезекті үлкен концертте орындалады.


Ән бірден халық сүйіспеншілігіне бөленді. Қазақ жерінде емес, шетелдерде де танылды. 1970 жылы Ескендір Хасанғалиев Қазақстанның өнер делегациясымен бірге Швеция еліне барады. Стокгольм қаласында өткен концертте «Атамекен» әнін шырқаған Ескендір Хасанғалиевке жергілікті халық үлкен қошемет көрсетеді. Концерт аяқталған бойда, әншіге қандас бауырлар келіп, «Атамекен» әні туралы шынайы лебіздерін білдіріп, көздеріне жас алған екен.

Қырық жылдан астам уақыт бұрын жазылған мағыналы ән бұл күнде өз рухын жоғалтқан жоқ. Ән кез келген қазақ концертінде шырқалады. Бірде-бір мемлекеттік деңгейдегі мерекелік салтанатты жиын «Атамекен» әнінсіз өтпейді. «Атамекен» - қазақ жүрегінің жырына айналған ән.

-Қарамен белгілеген сөздерге көңіл аудар, сұрақтарға жауап бер.

Музыка тыңдау: - Видеороликті тамашалайық. «Атамекен» әні -  автордың орындауында.

-әнді қосылып орындау.

Музыка тыңдау: - Видеороликті тамашалайық Мақпал Дихамбаева -«Ауылым әнім»

- бірге қосылып орындау , үйрену

-ән орындау ережелерін сақтау



Сабақты бекіту: Өзіндік жұмыс.


Атамекен…Атажұрт…Туған жер…Бұл - ең жоғарғы құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі.
Атамекен - туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата - бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігіен ашып, өмірге келген жері.
Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де атамекенмен тығыз байланысты болады. Халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар туған жерді қасиет тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.


- бүгінгі тақырыпқа сай келетін сөйлем туралы жазыңдар (стикерлер тарату)

-жауаптарын оқып тақтаға ілу

-өздерін бағалау







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«Ту?ан жерін» ?н еткен Е. Хасан?алиев

Автор: Балманова Мария Жарылкагановна

Дата: 12.03.2015

Номер свидетельства: 184958


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства