kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«С?йле, шешен домбыра!» А?ыз к?й «А?са? ??лан»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «С?йле, шешен домбыра!» А?ыз к?й «А?са? ??лан»
Ма?саты: О?ушылар?а «А?са? ??лан» к?йіні? а?ызы ар?ылы домбыра аспабыны? ??діретін жеткізу. «?гуг?й, домбыра» ?нін ?йрету.
Міндеттер:
1. О?ушыларды? танымды? ?абілетін арттыру, ?з ойын еркін жеткізуге жетелеу, еске са?тау ?абілетін ?алыптастыру, к?й тілін ??ына білуге ?йрету.
2. Музыканы т?сінуге баулу, ?лтты? ?нерді ?астерлеуге, жан - жануарлар?а ?астанды? жасамау?а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?.
О?ыту ?дісі: С?ра? - жауап, т?сіндіру, проблемалы?
Саба?ты? барысы:

I. ?йымдастыру кезе?і
II. ?й тапсырмасын с?рау
III. Білімді жан – жа?ты тексеру
IV. Жа?а саба?
V. ?н ?йрету
VI. Білімді бекіту
VII. ?орытындылау
VIII. ?йге тапсырма
IX. Ба?алау

І. ?йымдастыру кезе?і: Амандасу. О?ушылармен амандасу. Оларды? назарын саба??а аудару. Балалар, б?гінгі саба?ымызды жа?сы к??іл – к?ймен ?ткізейік -. Б?л саба?та біз сендермен ?н де орындаймыз, музыка да ты?даймыз, домбыра да шертеміз. Е? алдымен балалар, дауыс аппаратын шыны?тырып, т?рлі жатты?улар жасап алайы?.

ІІ. Вокал: Дауыс жатты?уы. 1. «Жа??ыры?»
3. А - а - а, Жаса м??гі ?аза?стан!
(е? алдымен м??алім, содан кейін о?ушылар ?айталайды) Дыбыстарды 2 - 3 рет айту, ауызды д??гелете отырып айтуларын ?ада?алау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««С?йле, шешен домбыра!» А?ыз к?й «А?са? ??лан» »

Сабақтың тақырыбы: «Сөйле, шешен домбыра!» Аңыз күй «Ақсақ құлан»
Мақсаты: Оқушыларға «Ақсақ құлан» күйінің аңызы арқылы домбыра аспабының құдіретін жеткізу. «Әгугәй, домбыра» әнін үйрету.
Міндеттер:
1. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу, еске сақтау қабілетін қалыптастыру, күй тілін ұғына білуге үйрету.
2. Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге, жан - жануарларға қастандық жасамауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, проблемалық
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Білімді жан – жақты тексеру
IV. Жаңа сабақ
V. Ән үйрету
VI. Білімді бекіту
VII. Қорытындылау
VIII. Үйге тапсырма
IX. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл – күймен өткізейік -. Бұл сабақта біз сендермен ән де орындаймыз, музыка да тыңдаймыз, домбыра да шертеміз. Ең алдымен балалар, дауыс аппаратын шынықтырып, түрлі жаттығулар жасап алайық.

ІІ. Вокал: Дауыс жаттығуы. 1. «Жаңғырық»
3. А - а - а, Жаса мәңгі Қазақстан!
(ең алдымен мұғалім, содан кейін оқушылар қайталайды) Дыбыстарды 2 - 3 рет айту, ауызды дөңгелете отырып айтуларын қадағалау.

ІІІ. Өткен сабақта үйренген әнді қайталап бекіту. (Үзінді)
А)- Балалар біз сендермен өткен сабақта қандай ән үйрендік?
- Ол ән не туралы айтылған?
- Ал алдымызда қандай мереке келе жатыр? (Тәуелсіздік мерекесі)
- Сендер өз туған жерлеріңді сүйесіңдер ме?
- Ән қалай орындалады? Темпі қандай?
- Әнді айтпас бұрын біз ең алдымен музыкасын қосқан кезде не естиміз?
/Кіріспе/
- Ол кіріспе бізге не үшін керек?
Ә) – Оқушы шығып, үзіндісін орындап еске түсіреді.

«Қазақстан» әні Б. Бейсенова
1. Сүйем сені, жасыл жайлау, ата-мекенім,
Сұлу Көкше, Алатауды жырлап өтемін.
Қ - сы: А - а - а, жаса, мәңгі Қазақстан!
А - а - а, Жайна сен де Астанам!
2. Көк байрағың күлімдесін әркез биіктен,
Туған жердің топырағын, өтем сүйіп мен.
3. Халқым менің кешсін деймін өмір дәулетін,
Бақыт қонған шаңырағың болсын сәулетті

(Музыкадан үінді қосып, оқушылардың назарын күйге аудару)
- Балалар, біз сендермен не естіп тұрмыз?
Иә, дұрыс – күй. Ал қандай аспаппен орындалып тұр?
Ендеше, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз,

ІҮ. Жаңа тақырып:
«Сөйле, шешен домбыра!» деп аталады. Ал осы тақырыпқа біз мақсат қояйықшы, біз бұл сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар?
- Иә, яғни біз бұл сабақта домбыраның сөйлей алатынына «Ақсақ құлан» күйі арқылы көз жеткіземіз. Ал, олай болса мен сендерді «Ақсақ құлан» күйінің шығу тарихымен таныстырып алайын:
А) Аңызын айту
Ә) Мультфильмнен үзінді көрсетіп, күйін тыңдату. (Балаларға музыка тыңдау ережелеріне еске түсіріп отыру)
Б) Сұрақ - жауап:
- Ал, балалар, бұл күйді тыңдағанда қандай әсер алдыңдар?
- Бұл күйді сендер бұрын естіп пе едің дер, әлде мультфильмді көрген боларсыңдар?
- Балалар, жан - жануарларға қастандық жасауға бола ма?
- Неге құлан ханның баласын теуіп өлтірді?
- Сендер тағы қандай тиісуге болмайтын киелі құсты білесіңдер?
- Бұл күй арқылы біз домбыраны сөйлей алады деп айта аламыз ба?
- Ал ендеше қазір біз домбыраның «Балаң өлді, Жошы хан...» деп айтып тұрған жерлерін домбыраға қосылып айтып көрейік.

БА - ЛАҢ ӨЛ - ДІ ЖО - ШЫ ХАН, БА - ЛАҢ ӨЛ - ДІ ЖО - ШЫ ХАН

В) Домбыраға қосып орындау
Г) 1 - 2 оқушымен көрсету

Ү. Жаңа ән: «Әгугәй, домбыра» Әні: А. Қоразбаев
Сөзі: Т. Қажыбаев
(Балалар, ендеше бүгінгі жаңа тақырыбымызға сәйкес,
А. Қоразбаевтың әніне жазылған «Әгугәй домбыра» әнін үйренейік.
1. Әсем әуен дала кезіп барады,
Ару балқып жігіт төмен қарады.
Селт етерлік сезім кетті сел болып,
Домбраның, әгугәй - ай, күй төккенде шанағы

2. Перне қуған сүйрік саусақ салалы,
Кейде желіп, кейде орғып шабады.
Сала құлаш шанағынан сыңсыған
Аққу ұшып, әгугәй - ай, қаздар қайтып барады.

3. Тұлпарлардың дүбір қаққан тұяғы,
Көкірекке сырлы сарын құяды.
Сыңғырлаған сан мың әуен, япыр - ау
Шанағына, әгугәй - ай, қалай ғана сыяды?

- Кітаптың 91 бетін ашамыз. Сөздерін талдап, шумақтарын оқып шығу.
- Балалар, бұл ән қандай ырғақпен орындалады?.
- Дұрыс, себебі бір, екі, үш - бір, екі, үш деп саналады.
- Шапалақпен көрсету
- Мұғалім көрсетіп орындайды, оқушылар қайталайды. (1 - 2 жолына көп көңіл бөлу керек /2 - 3рет қайталап/)
- Әнді толық орындағанда балалар вальс екпінін орындарында отырып келтіре білу керек.

ҮІ. Қорытынды:
- Сонымен балалар, бүгінгі сабақты қорытындылайтын кез де келіп жетті.
- Ән айту үшін біз дыбыстарды қалайша орындауымыз керек?
- Тағы не көрдік, не тыңдадық?
- Жан - жануарларға қорлық жасамау керек екендігін түсіне білдік пе?
- Қазақтың қасиетті қара домбырасы сөйлей алады деген шешімге келе аламыз ба?
- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?
ҮІІ. Үй тапсырмасы: 1. «Әгугәй домбыра» әнін жаттау
2. «Ақсақ құлан» тақырыбына арнап сурет салып келу.
Бағалау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«С?йле, шешен домбыра!» А?ыз к?й «А?са? ??лан»

Автор: Абдуллина Самал Ермековна

Дата: 16.02.2015

Номер свидетельства: 174127


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства