kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Симфрниялы? оркестрдегі ішекті ыспалы аспаптар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Симфониялы? оркестрде к?птеген аспатарды? ішінде скрипка жетекші орын алады. Бас?а ешбір аспап дыбыс бояуымен техникалы? шеберлігімен скрипка?а жете алмайды Оны? дыбысы оркестрге сызылта шы??ан ?сем ?н береді. Сонды?тан ол Еуропада «Музыка ханшайымы» ата?ына ие болды. Скрипканы? шы?у тарихы Еуропада Х ?асырдан басталады. Ал б?гінгі т?рі ХVI – XVII – ?асырларда Италия мен Францияда пайда бол?ан. Скрипканы? к?не т?рлері ?азіргі скрипка?а м?лдем ??самайды. Олар жуан мойынды, ?ыс?а келген, ?ампи?ан ?арынды бір – біріне ?те ??сас. Ол аспаптарды фидель ж?не ребек деп ата?ан. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Симфрниялы? оркестрдегі ішекті ыспалы аспаптар»

Сабақтың тақырыбы: Симфониялық оркестрдегі ішекті – ыспалы аспаптар 
Сабақтың мақсаты: Симфониялық оркестрдегі ішекті – ыспалы аспаптар туралы түсіндіру.
Сабақтың міндеті: Симфониялық оркестрдің ішекті – ыспалы аспаптарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылығы: Есте сақтау қабілеттерін дамыту; музыкалық ұғым туралы түсініктерін кеңейту; 
Тәрбиелігі: Симфониялық музыкаларды қадір тұтуға, түсініп тыңдауға баулу.
Сабақтың әдісі: музыка тыңдау, ән айту. Музыкалық сауаттылық, шығармашылық
тапсырмалар, т.б.

Көрнекілігі: компьютер,презентация,видео,аспаптар суреті,домбыра,үнтаспа.
Сабақтың барысы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгендеу,сынып назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау: Сөзжұмбақ жасыру арқылы сұраймын

1. «Қыз Жібек» операсын кім жазған?

2.Симфониялық оркестрдегі ең жіңішке дыбысты ата.

3.Симфониялық оркестр құрайтын топтың бірі.

4.Симфониялық оркестрге арналған аспаптық шығарма қалай аталады?

5.Қазақстанда симфониялық оркестр қандай театр үшін құрылды?

6.Бетховеннің №3 симфониясының шығуына қай революция әсер етті?

7.Дыбыс көлемін қалай атаймыз?

8.Қазақстанда 20-30 жылдарда қандай оркестр құрылды?

9.Скрипкаға туыстас аспапты ата.

10.Беховеннің №3 симфониясын тағы қалай атайды?

11.Қазақстанда сахналанған тұңғыш операны ата.

12.Симфониялық оркестр қай елдің музыкасының шыңы аталады?

13.Симфониялық оркестр құрамындағы аспаптар қанша топты құрайды?

14.Скрипка,альт қандай топтың құрамына жатады?

15.Быбыс бояуы.

16.Симфониялық оркестаде қай аспаптың саны көбірек?

17. № 3 симфонияның авторын ата.

18.Дыбысы зор,қатқыл естілетін аспапты ата.

1.Симфониялық оркестр қашан пайда болды?

2.Симфония дегеніміз не?

3.Дыбыс бояуы қалай аталады.

ІІІ.Жаңа сабақ:Симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар.
Симфониялық оркестрде көптеген аспатардың ішінде скрипка жетекші орын алады. Басқа ешбір аспап дыбыс бояуымен техникалық шеберлігімен скрипкаға жете алмайды Оның дыбысы оркестрге сызылта шыққан әсем үн береді. Сондықтан ол Еуропада «Музыка ханшайымы» атағына ие болды. Скрипканың шығу тарихы Еуропада Х ғасырдан басталады. Ал бүгінгі түрі ХVI – XVII – ғасырларда Италия мен Францияда пайда болған. Скрипканың көне түрлері қазіргі скрипкаға мүлдем ұқсамайды. Олар жуан мойынды, қысқа келген, қампиған қарынды бір – біріне өте ұқсас. Ол аспаптарды фидель және ребек деп атаған. 



Скрипка мен қатар ішекті – ыспалы аспаптар тобын құрайтын - альт, виолончель және контрабас аспаптары.



Бұл аспаптар симфониялық оркестр үшін ойлап табылған. Себебі , олар дыбыс кеңістігін мейлінше толтыру үшін қажет.Дыбыс бояуы (тембр) жағынан альт скрипкаға жете алмайды. Оның дыбысы қысыңқы, көмескі реңді болып шығады. Ансамбль немесе оркестр құрамында басқа аспаптармен дыбысы жақсы үйлесім табады. 
Контрабас аспабы тек қана оркестрде қолдалынады. Ол өзінің қою және төменгі дыбысымен оркестрдегі барлық аспаптар сүйенетін тірек іспетті. 
Ал виолончель дыбысының өзіне тән ерекше бояуы бар. Оның қоңыр да қою дыбысы Европа музыкасындағы қайғы мен мұң, аңсау мен күйініш сезімдерін жеткізе алады. Аспаптардың дыбыс биіктігі аспаптың өлшемі мен оған тағылған ішектердің ұзындығына байланысты. Неғұрлым аспап үлкейген сайын, соғұрлым дыбысының биіктігі төмендей түседі. Дыбысы ең жоғарғы аспап – скрипка болса, ең төменгі - контрабас аспабы. 
Орындау кезінде скрипка мен альтты иыққа бұғақпен тіреу арқылы көлденең ұстап ойнайды



виолончель мен контрабасты жерге тік тіреп ойнайды


Бұл аспаптардың ең қарқынды дамыған шағы - XVIII ғасыр. Сонымен, скрипка тектес Еуропаның қазіргі ішекті – ыспалы аспаптары – альт, виолончель және контрабас оркестр үшін құрылып бүгін де оның негізі болып табылады.

Музыка тыңдайық!
Виолончель аспабында Сен – Санстың «Аққу» шығармасы.

Ән орындау! Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін үйрету.

Ән тез екпінде,жүрдек орындалады.Әнді орындауда демді дұрыс алып,сөзін анық айту керек.

ІҮ.Қорытындылау.
1.Скрипка тектес қандай ішекті - ыспалы аспаптарды білесіңдер?
2.Альт, виолончель, және контрабас аспаптары не үшін қажет болды?
3.Бұл аспаптардың дыбыс бояуының ерекшелігі неде?
4.Аспаптардың дыбыс биіктігі тікелей неге байланысты? 
5.Аспаптарды қалай ұстап орындайды? 
6.Бұл аспаптар қай ғасырда қарқынды дамыды?
Ү.Үйге тапсырма: 47-49 беттерді оқу,түсіну,ән жаттау

ҮІ.Бағалау:

































Сабақтың тақырыбы: Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі.
Сабақтың мақсаты: Өнердегі көркемдік бейнелерді айқындау.
Білімділік: Жыр, күй, сурет өнеріндегі батырлардың көркемдік образдары жайлы әңгімелеу.
Дамытушылық: Электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; ой - өрісін кеңейту. Дәулеткерейдің «Көрұғлы» және халық күйі «Қарасай» күйлерін тыңдата отырып, ерекшелігін табу. Ән айту дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қазақ батырларының ерлігін жырлау арқылы, ерліктерін қастерлеуге баулу. Қазақтың тарихи тұлғаларын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, сергіту сәті жалғасын тап, ойлан тап.
Көрнекілігі: үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгендеу,сынып назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау: Таңбалы тастар сыры

ІІІ.Жаңа сабақ:
1. Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі. (Қазақ батырлары туралы видеофильмнен үзінді көрсету)
Қазақ батырлары Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Көрұғлы, Қарасай сынды қазақ батырларының есімдері ғасырлар бойы ұлттың мақтанышы болып ел есінде сақталуда. Неліктен дейсің ғой?! Қазақ батырлары мыңдаған жылдар бойы ұлан - байтақ туған ата мекенімізді жаудан қорғап, халықтың жауынгерлік рухын асқақтатты Батырлардың ерлігін мадақтап жырлаған қазақ жыраулары болды. Қазақ жыраулары батырлармен бірге жауға аттанып олардың рухын көтеріп жыр айтты. Батырлардың ерлігін баяндау қазақ өнерінің барлық саласынан көрініс тапты. Дегенмен, музыка және сурет өнерінде батырлар бейнесін сомдауда өзіндік ерекшелігімен дараланды.
Күйші өзінің күйіне батырдың бүкіл болмыс - бітімін 2 - 3 минуттан тұратын шығармасына сыйғыза білді. Ал, суретшілер болса өзінің бір ғана суретінде батырдың ер жүрек келбетін бейнелей алды. Бұл өнер түрлері бір ғана көркемдік бейнені сомдай отыра, әр түрлі қырынан аша түсті.
2. Музыка тыңдау.
Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйін «Мұрагер» фольклорлық ансамбілінің орындауында тыңдап көрелік!
Дәулеткерей «Көрұғлы» атты күйінде батырдың өжет әрі қайсар мінезін бейнелегендей әсер қалдырады. Күйді тыңдай отыра ер жүрек батырдың рухын, намысы мен жігерін көруге болады.
3. Музыка тыңдау.
Енді халық күйі «Қарасай» күйін тыңдайық.
Ал, «Қарасай» күйін тыңдағанда қан майдандағы ұлы шайқас көз алдыңа келгендей әсерде боласың. Күйде батырдың өзі емес, оның жаумен күресі көбірек бейнеленген. Бұл шығарма шайқас үстіндегі талас - тартыс, біріне – бірі беріспей жатқан күрес, аттың дүбірі мен қиян - кескі қырғын жанталас сияқты көңіл - күйді білдіреді.
4. Біліп ал!.
Евгений Сидоркин (1930 - 1982) — график - суретші. Қазақстанның халық суретшісі атағына ие болған. Суретшінің басты бағыты литография және линогравюра. Е. Сидоркиннің көптеген жұмыстары кітаптарды суретпен безендіруге арналған. Суреттерінің тақырыбы: «Қазақ халық ертегілері», «Көңілді алдампаздар», «Қазақ эпосы», «Қазақ халық ойындары», «Сәкен Сейфуллинді оқығанда», «Абай жолы» т. б.
Е. Сидоркиннің жұмысы қазақ халқының арасында кеңінен танымал болды. Себебі, Сидоркин еңбектері ұлттық нақышқа толы. Е. Сидоркиннің гравюралары техника жағынан қазақ текеметтері мен сырмақтарында пайдаланатын ақ және қара түстерді қолдануымен ерекшеленеді. Е. Сидоркиннің көптеген суреттері Мәскеу, Лейпциг, Краков, Венеция, Будапешт сынды қалалардағы халықаралық көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

5. Түсініп ал!
- Графика – тушьпен немесе қарындашпен салған сурет өнерінің түрі. Суретті салуда 1 немесе 2 ғана түсті қолданады.
- Гравюра – графиканың бір түрі. Сурет кескінін ағаш, линолиум, тас немесе металдан ойып оны қағазға басып салу арқылы жасалатын сурет түрі.
- Литография – үгітілмелі жұмсаз тасқа сурет кескінін қашап салып, қағазға басып шығаратын сурет түрі.
- Линогравюра – линолиумде сурет кескінін ойып, қағазға басып шығаратын сурет түрі.
6. Галереяға саяхат.
Суретші Сидоркиннің «Батыр» «Жекпе - жек» т. б. шығармаларымен таныстыру.
Батырлар бейнесі Евгений Сидоркиннің шығармашылығында кеңінен орын алған. Суретші эпостық жырлардағы батырлардың бейнесін сомдайды. Е. Сидоркин өзінің суреттерінде батырлардың жаумен щайқасып, аттың шабысы, үркіп ұшқан құстарды бейнелей келе, асқан жауынгерлік рухты көрсете білді. Барлық образдар қимыл үстінде болғанымен, бір сәтке тына қалғандай әсер қалдырады. Суретшінің мұндай нәтижеге жетуі оның гравюра техникасын шеберлікпен қолдана білуінде. Ең басты гравюрада батырдың образы сомдалады. Суретші батырлар мен жауынгерлердің шайқас алдындағы көңіл - күйі мен ішкі жан тебіренісін, оның қимыл - қозғалысын бейнелеуге талпынады.
Күйді тыңдасаң да, суретті көріп тамашаласаң да нақты бір көркемдік бейнені көресің. Күйде аттың шабысын көбірек тыңдасаң, суретте жауға қарсы кұстай ұшуға даяр тұрған сақадай сай сәйгүлік аттарды көресің. Иә, қазақ батырларының бейнесін сомдаған музыка және суреттегі қимыл - қозғалыс бір сәтке тына қалып, өткен мен бүгінді жалғастырар мәңгілік ескерткіш іспетті болмақ!
ІV. Сергіту сәті. Жалғасын тап!
Мақал - мәтелдің жалғасын табу.
Батыр бір рет өледі.....
Қорқақ мың рет өледі.

Батыр туса – ел ырысы....
Жаңбыр жауса – жер ырысы.

Шешен сөз бастар....
Батыр қол бастар.

Батыр майданда шынығады.....
Болат қайнауда шынығады.

Ойлан тап!
- Аттардың иесін табу
8. Ән айту. М.Шахановтың «Рух пен тіл» әнін үйренуді әрі қарай жалғастыру.
- Әнді хормен үйрету.
- Әнді топқа бөліп айтқызу.
- Кейін жеке оқушыларға орындату.
- Әнді аспаппен үйретемін.
ІІІ Ой толғаныс.

ІҮСабақты бекіту:
Сұрақтар:
1. Таңбалы тастардағы суреттерді графика түріне жатқызуға бола ма?
2. Күйші батырлар бейнесін өз шығармаларында қалай бейнелейді?
Ү.Үйге тапсырма:34-37 бет оқу,түсіну,ән жаттау.


ҮІ. Бағалау. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығына, белсенділігіне қарай мадақтай отырып бағалау.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Симфрниялы? оркестрдегі ішекті ыспалы аспаптар

Автор: Т?жікбаева Динара Аманкелді?ызы

Дата: 07.06.2016

Номер свидетельства: 333187


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства