kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Шертпе к?йді? орындалу т?сілдері. «Сыл?ылда?» к?йі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Шертпе к?йді? орындалу т?сілдері. «Сыл?ылда?» к?йі».

Саба?ты? ма?саты: О?ушы?а шертпе к?йді? орындау т?сілін ?йрету ар?ылы аспапты жан-жа?ты ме?рету, к?й ?неріне о?ушыны? ынтасын арттыру.

Білімділігі: Шертпе к?йді? орындалу т?сіліндегі о? ?ол ж?не сол ?ол ?ойылымдарын, ?р ішекті ?з ретімен тарту т?сілін о?ушы?а ?йрету.

Дамытушылы?ы: Шертпе к?йлеріні? н?зік те ж?мса? естілетін ?уені ар?ылы о?ушыны? ой-?рісін, а?ыл-парасатын дамыту.

Т?рбиелігі: К?йлерді? т?рлерін ?йрену ар?ылы ?аза?ты? ?лтты? аспабы домбыраны ?адірлеуге, бабамызды? к?й м?расын жал?астыру?а т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі: Шертпе д?ст?ріндегі о? ?ол ж?не сол ?олды? ?ойылымы салын?ан сурет, шертпе к?й жазыл?ан диск, домбыра, на?ыл с?здер.

Саба?ты? ?станымы: «Жалпы музыка атаулы н?рсе елді? сезім байлы?ы мен ішкі жаратылыс ?алпын білдіретін болса, соларды? ішіндегі е? тере? тол?аулы, е? тере? сырлысы- к?й».   М.?уезов.

Саба?ты? ?дісі: т?сіндіру, к?й ты?дату, иллюстративтік-т?сіндірмелі.

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і.

ІІ. ?тілген шы?армаларды пысы?тау.

О?ушыдан ?тілген шы?армалардан шертпе к?й т?ріне жататын к?й, шы?арма с?ралады. ?аза? халы? ?ні «Л?йлім» мен С.Т?рысбековты? «К??іл тол?ыны» к?йін о?ушы орындап береді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Шертпе к?йді? орындалу т?сілдері. «Сыл?ылда?» к?йі»»

Сабақтың тақырыбы: «Шертпе күйдің орындалу тәсілдері. «Сылқылдақ» күйі».

Сабақтың мақсаты: Оқушыға шертпе күйдің орындау тәсілін үйрету арқылы аспапты жан-жақты меңрету, күй өнеріне оқушының ынтасын арттыру.

Білімділігі: Шертпе күйдің орындалу тәсіліндегі оң қол және сол қол қойылымдарын, әр ішекті өз ретімен тарту тәсілін оқушыға үйрету.

Дамытушылығы: Шертпе күйлерінің нәзік те жұмсақ естілетін әуені арқылы оқушының ой-өрісін, ақыл-парасатын дамыту.

Тәрбиелігі: Күйлердің түрлерін үйрену арқылы қазақтың ұлттық аспабы домбыраны қадірлеуге, бабамыздың күй мұрасын жалғастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Шертпе дәстүріндегі оң қол және сол қолдың қойылымы салынған сурет, шертпе күй жазылған диск, домбыра, нақыл сөздер.

Сабақтың ұстанымы: «Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең терең толғаулы, ең терең сырлысы- күй». М.Әуезов.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, күй тыңдату, иллюстративтік-түсіндірмелі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өтілген шығармаларды пысықтау.

Оқушыдан өтілген шығармалардан шертпе күй түріне жататын күй, шығарма сұралады. Қазақ халық әні «Ләйлім» мен С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйін оқушы орындап береді.

ІІІ. Жаңа сабақ: «Шертпе күйдің орындалу тәсілдері. «Сылқылдақ» күйі».

А) сабаққа кіріспе: шертпе күй тыңдату арқылы шертпе күйінің негізін салушы кім екендігі сұралып, жаңа сабақты ашу.

Ә) күйдің авторының өмір жолымен және күйдің шығу тарихымен таныстыру.

Б) күйдегі кездесетін ерекшеліктер мен қағыстағы кездесетін тәсілдерді түсіндіру.

В) күйді ойнап көрсету.

Музыкалық дискіден А.Еңсеповтың орындауындағы Т.Момбековтың «Салтанат» күйі тыңдалады. –Бұл қандай күй? –Күйдің қай түріне жатады? –Шертпе күйлердің негізін салушы кім?- деген сұрақтар қойылып, жаңа сабақ ашылады.

Тәттімбет Қазанғапұлы 1815 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданында дүниеге келген. Қазақтың сазгер-күйшісі, шертпе күй мектебінің негізін қалаушы. Әуенге қызығушылық анасы Ақбөпе арқылы дарыған. Домбыра шертуді ағасы Әліден үйренген.

Сазгердің әуендік стилі қалыптасуына, оның орындаушылық қабілеті артуына қазақтың сол замандағы күйші-домбырашылары ықпал еткен. Тәттімбет өзінің тақырыбы мен бағыты жағынан алуан түрлі 40-тан аса күй шығарған.

Ол ел ісіне араласып, өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу, лауазымды азаматы болған. Біржан сал Тәттімбет жөнінде былай деген:

«Тәттімбет ардагерім, арғын асқан,

40 түрлі күй айналған бармағынан».

Тәттімбет жастайынан күй сайыстарында басқалардан озып тұрады. Арман-ойын күй сазымен толғайды.

Тәттімбеттің әр түрлі өнер сайысында шығарған тартысты күйлері: «Қосбасар», «Қара атты мен торы атты», «Ақсақ құлан», «Белбасар», «Келторы», «Аңыратпа», «Шыңырау». Күймедегі әнші қыздарға арнап «Көш жайнаған» күйін шығарған. «Былқылдақ»- өз жеріндегі саздауытты жайлауға арналған. «Саржайлау»- кең алқаптың көрінісіне арналған. Оның лирикалық әуенге толы күйлері адамның көңіл пердесін ағытады. Астарында терең пәлсапалық ойтолғау, ұлттық мәдениеттің негізі жатады. Терең ойға, философиялық толғауына шертпе күйлердің үздік үлгісі- Тәттімбет күйлері боп саналады. Оның қоңыр күйлері орындалу тұрғысынан күрделі боп келеді. Бүгінде шертпе күйлері атасының асыл туындылары қалың халық бұқарасына танымал.

Қазіргі аспапты музыкада шертпе күйлер ең көп тараған дәстүрлі күй мектебіне жатады. Шертпе күйлер көбінесе асықпай, баяу, баппен қос ішекке алма-кезек даралап тартуды, пернеде вибрациялық толқынды қажет етеді. Шертпе күйлер домбыраның екі ішегін әртүрлі қағыстармен қуа тартуды көтермелейді.

«Сылқылдақ» күйі қызға арналған. Бұл туындының әуендік негізі арқылы біз Тәттімбеттің шығармашылық жолын, романтика, лирика сияқты көркем жанрлардың негізінде қалыптасқан домбыра шерту мәнерін аңғарамыз.

«Сылқылдақ» күйі- жеке ішекте шерту тәсілімен орындалады. Бұл күй триоль, нүктелі нотамен және сегіздік, оналтылық ноталардың араласып келуімен ерекшеленеді. Қос ішекте ойнау 5 тактіден екі рет кездеседі. Күй орташа екпінде, көңілді ойналады. Күй баяу екпінде аяқталады.

Оқушыға домбырада осы шертпе күйдің бір ішектегі қалай тартылуын және қос ішекте кездесетін ерекшелікті, қағыстардың алмасуы, нүктелі нотаның ойналу ұзақтығы көрсетіліп, күй талданып, оқушыға тартқызылып үйретіледі.

Сабақты қорытындылау.

Шертпе күйдің төкпе күйден айырмашылығы қандай?

(сұрақтан жауап алынып сабақ қорытындыланады.)

Оқушыны бағалау.

Үйге тапсырма.

Тәттімбеттің «Сылқылдақ» күйін өз мәнінде, берілген қағыстармен нотаға қарап орындап келу.






















Шалқар аудандық Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі ГКС-12 орта мектебі филиалы домбыра сыныбы











Ашық сабақ


«Шертпе күйдің орындалу тәсілдері. «Сылқылдақ» күйі»














Дайындаған: Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі ГКС-12 орта мектебі филиалы домбыра сыныбы оқытушысы Сүйінова Айымгүл









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Шертпе к?йді? орындалу т?сілдері. «Сыл?ылда?» к?йі»

Автор: С?йінова Айымг?л Т?лкібай?ызы

Дата: 15.05.2016

Номер свидетельства: 326849


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства