kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ш?к?рім музыка ?лемінде

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ш.??дайберді?лы- а?ын, ??лама ойшыл, ?алым, с???ыла шежіреші, дарынды жазушы, аудармашы, сазгер, сегіз ?ырлы, бір сырлы тума талант иесі. Осындай мол м?ра, ?шпес ?азына ?алдыр?ан. Ш?к?рім ?ндері – н?зік м?? мен иірімге толы. А?ын ?ле?деріндегі философиялы? ой,  а?ынды? тебіреніс ?уендегі ?семдікпен то?ыс?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ш?к?рім музыка ?лемінде »

Қауысқызы Нағима, Семей қаласындағы №22 жалпы орта білім беретін мектептің музыка пәні мұғалімі

Шәкәрім музыка әлемінде

Ш.Құдайбердіұлы- ақын, ғұлама ойшыл, ғалым, сұңғыла шежіреші, дарынды жазушы, аудармашы, сазгер, сегіз қырлы, бір сырлы тума талант иесі. Осындай мол мұра, өшпес қазына қалдырған. Шәкәрім әндері – нәзік мұң мен иірімге толы. Ақын өлеңдеріндегі философиялық ой, ақындық тебіреніс әуендегі әсемдікпен тоғысқан. Бұл музыка әлемінде сирек кездесетін құбылыс.Шәкәрімнің музыкалық мұрасы 15 ән, 2 күй(«Алабайрақ», «Бозторғай»), 8 әуенмен орындалатын 4 эпикалық шығармадан («Еңлік-Кебек», «Ләйлі-Мәжнүн», «Қалқаман-Мамыр», «Дубровский») құралады.Шәкәрім 14- 15 жасынан ән шығара бастайды. Оның «Қозыкөш» деген әнінің болғаны айтылады. Баласы Ахаттың берген мәліметі бойынша Шәкәрім «Жастық» әнін 1879 жылы 21 жасында шығарған. Ал, «Жиырма үш жасымда» әні 1881 жылы, «Насихат» әні 1911- 1912 жылдар шамасында шыққан. Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Шәкәрімнің әншілік мұрасының жиналып зерттелуіне көп еңбек сіңірген өз баласы Ахат. Ол 1959 жылы алғаш рет «Жаңа ойдан шығарылған бір бөлек бұл ән», «Анадан алғаш туғанымда», «Ойладым бір сөз жазайын деп», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт,Хожа Хафиз түсіме енді де», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл» атты әндерін консерваторияның фольклорлық зертханасының қорына магнитофон таспасына жаздырып, зерттеуші Асқан Серікбаевамен нотаға түсірді. Әндердің екінші легі 1965 жылы Қ.Керімқұловтың орындауымен жазылып алынады. Олар «Жылым- қой, жұлдызым- июль», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жаңа ойдан шығарған бір бөлек бұл ән», «Қоқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайында», «Мұтылғанның өмірі», «Байғазы». 1966 жылы Ахат М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының музыкатану бөліміне Шәкәрімнің 14 әні мен 8 жыр мақамын айтып музыкатанушы Т.Бекхожинаға жаздырады. «Сөз жазамын түнімен, Бар ұйқымды қашырып». Шәкәрім үшін шығарманың тууы ішкі толғаныстың, жан азабының жемісі екендігін мына естеліктерден анық байқаймыз. Яғни, қағазға ұзақ ізденістен туған жетік ой ғана түскен. Сонымен қоса, Шәкәрім әндерінде әр сөзге салмақ сала айту мәнері байқалады. Бұл әннің әр сөзінің мағынасын тереңірек ашуға бағытталғанын, әрі сазгердің өзіне тән қасиетін, қолтаңбасын көрсетеді. Ұлы ойшылдың әндерінде қазақ өлеңдерінде жиі кездесетін алты, жеті, сегіз, он бір буынды өлеңдер шумағымен қатар тоғыз, он, он екі буынды өлең жолдары жеке шумақ ретінде немесе бір шумақ өлең ішінде кезектесіп келіп отырады. Міне, осыған сәйкес ақын әуендерінің де ауқымы кеңейіп, яки қысқарып бұрынғы қазақ әндері формасынан мүлдем өзгеше, жаңаша болып шығатыны осыдан болса керек. Шәкәрімнің әндерінде қазақтың халық әндерінде жиі кездесетін дәстүрлі «ай», «ей», «беу», «ахау», «ой», «сәулем» сияқты одағай, қыстырма сөздер жоқтың қасы. Әуен мен өлең әрқашан бірбіріне дәлме- дәл келіп үйлесіп тұрады.Дүниетанымы, әдеби- музыкалық талғамы Абай әсерімен қалыптасқан Шәкәрім өмірде де, шығармашылықта да ойшыл, философ болғандықтан, ол әннің әсерлісі- сұлу, әдемі, сәнділігімен қатар тыңдаушыны ойға батыратын, сезіммен бірге ақылды қозғайтын шығарма болу керектігін айта кетіп, жастарды да есті ән тыңдауға шақырады.Осы жолдардан Шәкәрімнің өнерді жоғары бағалап, оған соншалықты жауапкершілікпен, аса биік талғаммен қарағандығына куә боламыз. Орындаушының басты мақсаты «үн сырын» ұғына «тәтті нәрмен» айту деңгейіне қол жеткізу, ол үшін өлең- сөздің мағынасына терең бойлап, астарлы мазмұнды музыкалық интонациямен икемдеп- әсерлі үнмен жеткізе білу керек деп талап қояды. «Бойды еріт, ой кеңіт» деп, ол тыңдаушы жанымен қоса, ойын да билеп алу арқылы есті тыңдаушыда түсінік қалыптастыр дейді. Яғни, «әнге ұйқасты өлең сөз керек» дейді. Абай үшін «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» болса, Шәкәрім өлеңді күміске балап, оның таза болуына мән береді. «Саз бен сөздің тепе - теңдігі мен бірлігін: «әуенді сөз», «сөйлетін музыкалық интонация» деп анықтауға болады»-дейді Ә.Сабырова. Музыка мен поэзияның берік те тең тұтасуы, сабақтасуы- Шәкәрімнің басты мақсаты болғаны оның өлеңдерінде анық көрініс тапқан. Және ол өзінің туындыларында бұл мақсатты толығымен іске асырды. Тұ­­тас­­ жұрт­тың­ ад­ам­гер­­ші­лік­ке,­ иман­­ды­­лық­­­қа,­ ад­­ал­­­­дық­­қа­­ тәр­бие­леу­дің бір үлгісі өнер, ұлттық өнер деп білген Шәкәрім сөз бен саз­дың,­ әу­ен­нің ара-жігін ашпады. Екеуін де­ тәр­бие­лік­ ба­ғыт­та­ қуат­ты ­құ­рал­ ре­тін­де­ жұмсай білді. Әсем әнді құлай сүйген ақын өресі биік өнерге қатаң талап қойды, аса жоғары талғампаздықпен қарады. Өзі де сол талаптарға мойынсұна отырып, шоқтығы биік, құнды музыкалық туындыларды дүниеге әкелді. Қазіргі таңда Шәкәрім шығармалары тек бір аймаққа ғана тарамай, қазақ жұртының ортақ туындысына, қазына байлығына айналды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ш?к?рім музыка ?лемінде

Автор: ?ауыс?ызы На?има

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 176272


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства