Сабақтың тақырыбы: Көне аспаптардың жаңаша жаңғыруы
Класы: 2
Сабақтың мақсаты: Жетіген аспабының шығу тарихымен таныстыру
1. Музыкалық дыбыстарды тыңдап, түсінуге тәрбиелеу; 2. Е.Хасанғалиев «Келші, келші, балашым» әнін үйрену; 3. Музыкалық аспаптарды құрметтеуге тәрбиелеу; Сабақтың түрі: аралас сабақ Оқытылу әдісі: түсіндіру, тыңдату Сабақтың көрнекілігі: үнтаспалар, музыкалық аспап, суреттер Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі - Оқушылар класқа «Шөжелерім» әнімен кіреді
- Оқушылармен амандасу
- Сабаққа зейіндерін аударуII.Негізгі бөлім
- Музыка тыңдау
- Халық күйі «Нар идірген»
- Е.Хасанғалиев «Келші, келші, балашым»
- Тақырыпқа тоқталу
- Халқымыз асыл мұрасын кейінгі ұрпағына қалдыру үшін бірнеше музыкалық аспаптарды ойлап тапқан. Солардың бірі шертіп ойналатын аспаптар қатарындағы жетіген аспабы. Жетіген- ең көне ішекті аспаптардың бірі. Бұл аспапты қайта жаңғыртып, өмірге келуіне үлкен еңбек сіңірген ғалым Болат Сарыбаев еді. Ол жетігеннің атын да, затын да тауып, оның қазақ музыка аспабы екендігін ғылыми негізде дәлелдеп берді.
Қолға алайын аспабым, жетігенім,
Бізге ғасыр қойнауынан жетіп едің.
Елді жаудан қорғамақ болған кезде
Қапылыста қиылған жеті ұл едің.
Бөлшегісің баба айтқан шежіренің
Аңызды тыңдап күнде көз ілемін
Ойнасам жетігенде жеті ерді
Оятып жатқандай мен сезінемін
Ел аузында мынадай аңыз бар. «Қаhарлы қыстың қақаған аязында мал қырылып, үлкен жұт болады. Қазақтың ауылы ашаршылыққа ұшырайды. Онымен қоймай, сүзек ауруы тарап, ел ішінде көбейеді. Көпке әйгілі күйші қарттың жеті ұлы бірдей осы ауруға шалдығып, бірінен соң бірі көз жұмады. Қаралы қайғыға душар болған күйші көкірегін кернеген мұң- зарын күйге қосады» Үлкен ұлының дәм-тұзы таусылғанда «Қарағым»,екінші ұлы өмірден қайтқанда «Қанат сыңар», үшінші ұлы қайтыс болғанда «Құмарым», төртінші ұлы қаза тапқанда «От сөнер», бесіншісінің жүрегі тоқтағанда «Бақыт көшті», алтыншысының жамбасы жерге тигенде «Күн тұтылды», жетіншісі жер жастанғанда «Жеті ұлымнан айырылдым» деп азалы күй шерткен екен. Арнайы аспап жасап алып, әр ұлы шәйіт болғанда бір ішектен байлап,астына асықтан тиек қойып отырыпты. Күйші қарттың жеті күйінен «Жетігеннің жетеуі» деген атпен тартылып,ел ішіне кең тарап кетіпті. Жетігенге ұқсас ішекті аспап өзге халықтарда да бар. Әсіресе, түркі халықтарында кең тараған түрлерінің атаулары «ятаға», «ятаған», «етиген», «елтага», «чаатхан», «четтыган» деп келеді. Жетігеннің құрылысы: бетқақпақ, кергіш, шанақ, көмкерме, тиектік, тиек, бастырғы, түйме, ойық, құлақ. - Дәптермен жұмыс