kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ жоспары: Өнерін өрлеткен топ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өнерін өрлеткен топ сабақ жоспары 6 - сыныпқа арналған музыка пәнінен сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: Өнерін өрлеткен топ»

Музыка 6-сынып


Сабақтың тақырыбы: Өнерін өрлеткен топ

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шығармалармен таныстыру

Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге ,ұйым-шылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: Оқулық,сурет, үнтаспа


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезең: оқушыларман амандасып дайындықтарын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақ.

Досмұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі. 1967 ж Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Д.Сүлеев, М.Құсайынов, Қ.Санбаев, А.Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған.

Ансамбльдің аталған алғашқы құрамына кейіннен М.Молдабеков,Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайыновтар қосылды.Репертуарынан электронды музыкалық аспаптар сүйемелімен орындалатын қазақтың халық әндері (“Назқоңыр”, “Ахау бикем”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың сенің іргелі”, т.б.), халық композиторларының (Естай, Ақан сері, Мариям Жагорқызы, т.б.) әндері және қазіргі қазақ композиторларының әндері (“Сағындым сені” — Е.Хасанғалиев; “Алатау”, “Куә бол” — Н.Тілендиев, “Жыр жазамын жүрегімнен” — Ұ.Жұбанов; “Шофер келді қырманға” — С.Мұхамеджанов, т.б.), сондай-ақ, ансамбльдің өз мүшелерінің шығармалары (“Той жыры”, “Күт мені” — Сүлеев; “Қайдасың” — Молдабеков; “Қуанышым менің”, “Туған жер” —М.Құсайынов) орын алды. Досмұқасан дәстүрлі фольклорлық-музыка туындыларды өз кезеңіндегі эстрадалық музыка мәнеріне сай өңдеп, жаңа сипат беріп, құлпырта орындады. Бұл сипат, әсіресе, “Жерұйық” рок-операсы (1980), “Дала және ғарыш” (1985) сияқты күрделі шығармалардан айқын танылды. Досмұқасан халыққа кеңінен танылды, жастарға үлгі таратты. Досмұқасан — бүкілодақтық “Халықтар достығы” фестивалінің (Ташкент, 1971), кәсіби орындаушылар байқауының (Минск, 1973), сонымен қатар, 1973 жылы Берлинде, 1985 жылы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің халықаралық фестивальдерінің, Қазақстан комсомолысыйлығының лауреаты (1974).

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор М.Құсайынов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарды. 1997 жылы Досмұқасанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты “Әуен” музыка студиясынан “Той жыры” деген атпен ансамбльдің 1967 — 75 жылдары орындаған ең таңдаулы әндерінің "Үнтаспа"-альбомы шығарылды.


4. Дауыс жөндеу жаттығулары.Тыныс алу жаттығулары.

5. Жана ән үйрету. «Мен қазақтың қызымын» әнді үйретіп сөзін жазғызу.

Музыка тындау.Аспаптар үндерін тыңдау,талдау.

6. Сабақты қорту.

Қазақстанда қандай танымалы топтар бар?

Композитор деген кім?

Досмұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі қашан құрылды?

7. Үйге тапсырма:Жаңа тақырыпты оқу ,әндердін сөзін жаттау.

 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Сабақ жоспары: Өнерін өрлеткен топ

Автор: Қайролла Жанылган

Дата: 13.02.2017

Номер свидетельства: 391235


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства