kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: «?аза?ты? ма?танышына айнал?ан домбыра»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  ма?саты:

білімділігі: домбыра аспабы туралы білімдерін ке?ейту. ?н,?нші,к?й,к?йші с?здеріне то?талып,т?сіндіру. Оны? шы?уы,??рылысы туралы а?ыздар?а то?талу.

дамытушылы?ы: к?й ты?дау, ?н айт?ызу ар?ылы балаларды? домбыра аспабына ?н айту ар?ылы ?лтты? ?нерге т?рбиелеу.

т?рбиелілігі: домбыра аспабында ?н айту ар?ылы ?лтты? ?нерге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: жа?а ??ымды ме?герту.            

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, ?деби-музыкалы? монтаж,

К?рнекіліктері: суреттер, слайд, компьютер, ?нтаспа, домбыра аспабы, асы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: «?аза?ты? ма?танышына айнал?ан домбыра» »


Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың мақтанышына айналған домбыра»

Сабақтың мақсаты:

білімділігі: домбыра аспабы туралы білімдерін кеңейту. Ән,әнші,күй,күйші сөздеріне тоқталып,түсіндіру. Оның шығуы,құрылысы туралы аңыздарға тоқталу.

дамытушылығы: күй тыңдау, ән айтқызу арқылы балалардың домбыра аспабына ән айту арқылы ұлттық өнерге тәрбиелеу.

тәрбиелілігі: домбыра аспабында ән айту арқылы ұлттық өнерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әдеби-музыкалық монтаж,

Көрнекіліктері: суреттер, слайд, компьютер, үнтаспа, домбыра аспабы, асық.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен музыка тілінде амандасу.

«Жылу шеңберіне» келіп, шаттық әнін шырқайды.

  1. Жаңа сабақ:

-Балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар? (қоржын туралы балалардан сұрау)

Қоржын.

Қоржын-жай жолақты немесе түрлі өрнекті, сондай-ақ түкті кілемше түрінде болады. Қоржын-моншақпен әшекейленеді. Қоржын бүгінде –той-томалақтың басты сәні.

-Бұл қоржында не бар екееен қарайын. (асық көрсетіледі) Бұл не балалар?

Асық.

-Дұрыс айтасыңдар, бұл-асық. Біз қазір қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» арқылы бүгінгі сабағымызда не үйренетінімізді біліп отырамыз.

Ойынның шарты мен түсіндіру.

Енді бізге, ортаға ең бірінші асық атуға бір ұл шығады. Асықтың астында сурет болуы керек. Ол қандай сурет екен?

Домбыраның суреті.

-Енді, бүгін біз «Қазақтың мақтанышына айналған домбыра» аспабы тақырыбымен танысамыз.

Балаларға сұрақ арқылы бастау.

Балалар, сендер домбыраны білесіңдер ме?

Кімнің үйінде домбыра бар?

Домбыраны ойнайтын балалар бар ма?

Домбыра қандай аспап?

Домбыраны кімдер ойнайды екен?

Домбырамен не ойнайды?

Домбыра неден жасалынады екен?

Домбыраның құрылысын кім біледі?

Неше ішекті аспап? (екі ішекті,тоғыз пернелері)

Қалай ойналады?






-Қай ұлттың болмасын өзінің ұлттық музыкалық аспабы болады.

Сонда біздің аспап қандай екен?


Домбыра-қос ішекті шертіп ойналатын аспап. Ертеде қазақтың домбыра аспабы әрбір үйдің төрінде ілулі тұрған. Домбырамен ән, терме, жыр,күй тартқан екен.Сонымен,бізде ең алғаш пайда болған осы домбыра екен.



Құрылысын түсіндіру:


-Тағы асық атамыз ба, балалар?

Құлақ.

-Құлақ бізге не үшін керек?

Есту,тыңдау.

Ендеше,қазір күй тыңдайық.


Құрманғазының күйі «Адай»

-Күйдің сөздері болама?

Топқа тапсырмалар:

I топ. Қазақтың әйгілі күйшілерін атаңдар?

II топ. Қандай күйлерді білесіңдер?

III топ. Домбыраны қолына алып, ән айтатын қазіргі қандай әншілерді білесіңдер?


Сергіту сәті: «Қамажай»


-Қане балалар, тағы да асық атайық.

-Суретте не корсетілген?

Ауыз.

-Ауыз бізге не үшін керек?

Сөйлеу,ән айту үшін.

-Олай болса, бүгін біз жаңа ән үйренеміз. Әннің аты-домбыра.

Мұғалім айтады әнді.


Жаттығулар:Ауыз қуысына арналған жаттығулары:

( Проекторда жаттығуға байланысты суреттер көрсетіледі,суретке сәйкес балалар жаттығу жасайды.)

  • Тілдің ұшын тістейміз,

  • Тілді жаңқалаймыз,

  • Астыңғы ерінді тістейміз,

  • Үстіңгі ерінді тістейміз,

  • «Кәмпит» ,тілді кезек- кезек екі ұрттың арасында жүгіртеміз.







  • «Щетка» , Тілді тістің бойымен айналдырамыз,



-«Қарбыз», ұртымызды ауаға толтырамыз,





  • «Қияр», ұртымызды ішке қарай тартамыз,



-Жарайсыңдар балалар! Ендеше жаңағы мен айтқан Домбыра әнін бірге айтамыз.

Асық ату ойынын жалғастырамыз.

Жұмбақтар.

-Онда жұмбақтар сайысы.

Әр топ бір-бірлеріне жұмбақ жасырады.( 2-3 жұмбақтан)



-Қане, қайтадан асық атамыз.

Теледидар.

Жақсы, олай болса барлығымыз экранға назар аударайық.

«Бәйге» сайысы.


Құрманғазы

Тәттімбет

Дина


Мына қай күйші?


Неден жасалынады?

Қай аспаптың түріне жатады?

Домбырады қанша пенре бар?


Домбыраның құрылысы.



Қандай күй?

«Науай» күйі

Орындайтын Дина

«Боз айғыр» күйі

орындайтын

Тәттімбет

«Сарыарқа» күйі орындайтын Құрманғазы

ор




Қорытындылау:

Ал енді балалар сендер шаршаған шығарсыңдар. Ендеше барлығымыз ойын ойнайық. Ойынның аты «Күн»мен «Түн» Ендеше сендерге ойынның ережесін түсіндіріп өтейін. Күн дегенде көздеріңді ашасыңдар, түн дегенде жұмасыңдар. Мен күн деп айтпағанша көздеріңді ашпайсыңдар.

Түн болды. Слайд шығару.


«Күн» мен «Түн» ойыны


Домбырада не ойналады? Күй, ән,жыр,терме


«Адай» күйін орындаған кім? Құрманғазы


Домбыра неше ішекті аспап? 2


Домбыра қалай ойналады? шертіп


Домбыра неден жасалынады? ағаштан





Енді келесі тағыда барлығымыз экранға қарайық.

Ережесімен таныстырып өтейін.

Әр әріптің астына жазылған сандарды ретімен қойса, шертпелі аспаптың аты шығады. Жауабы: ДОМБЫРА

Ы

5

М

3

А

7



Д

1



Б

4

О

2

2

Р

6










Бағалау.

Рефлексия.

Сендердің алдарыңда баспалдақ салынған қағаз жатыр. Егер саған сабақта өзіңді жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсең баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін саласыңдар. Егер сабақты дұрыс түсінген жоқпын деп ойласаң баспалдақтың төмеңгі жағына бұлттың суретін сал. Салған суреттеріңді тақтаға ілеміз. Сол кезде сендердің түсінген, түсінбегендеріңді білемін.





Үй тапсырмасы:

  1. «Домбыра» әнін жаттау.

  2. «Домбыра»сөзіне сөзжұмбақ құрастырып әкелу.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: «?аза?ты? ма?танышына айнал?ан домбыра»

Автор: Абишева Айгул Шамшиденовна

Дата: 28.10.2015

Номер свидетельства: 244845


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства