kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?лем,мектебім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: С?лем, мектебім!

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: М. ?уезовті? «?нге ?уес, к?йге ??мар бала – жаны с?лу, ?міргі ?ашы? болып ?седі» деген ?ла?атты с?зін ал?а ?стап,баланы музыканы с?юге ішкі мазм?нын т?сінуге, ?н салу да?дыларын машы?тандыру?а, ыр?а?ты? сезімін жетілдіруге ?йретуді ма?сат етіп ?ою.

Т?рбиелік: мектепті ?адірлеуге, ??ыпты пайдалану?а т?рбиелеу. Білімді, дарынды, ал?ыр, ?нерлі, адамгершілікті, ?з Отанын, елін с?етін, сезімтал бала т?рбиелеу.

Дамытушылы?: ?лтты? ?нерге, салт – д?ст?рді сыйлау?а, халы? музыкасы ар?ылы а?ыл-ойы мен дене жа?ынан дамуды, адамгершілік, твазалы? пен ?мірге деген к?з?арасын ?алыптастыру. Ту?ан жерді? таби?атын, ??стар мен  жан-жануарларды ?ам?орлы??а алу?а т?рбиелеу.

Саба?ты? типі: жа?а білімді хабарлау.

Саба?ты? т?рі: жа?а саба?.

Саба?ты? ?дісі: т?сіндіре отырып баяндау.

Саба?ты? к?рнекілігі: сызба  н?с?а, суреттер

Саба?ты? жоспары:

І. ?йымдастыру кезе?і.

ІІ. Жа?а сабы?ты т?сіндіру.

ІІІ. Саба?ты  ?орыту.

ІV. ?йге тапсырма

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?лем,мектебім »

Сабақтың тақырыбы: Сәлем, мектебім!


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: М. Әуезовтің «Әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу, өміргі ғашық болып өседі» деген ұлағатты сөзін алға ұстап,баланы музыканы сүюге ішкі мазмұнын түсінуге, ән салу дағдыларын машықтандыруға, ырғақтық сезімін жетілдіруге үйретуді мақсат етіп қою.

Тәрбиелік: мектепті қадірлеуге, ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу. Білімді, дарынды, алғыр, өнерлі, адамгершілікті, өз Отанын, елін сүетін, сезімтал бала тәрбиелеу.

Дамытушылық: ұлттық өнерге, салт – дәстүрді сыйлауға, халық музыкасы арқылы ақыл-ойы мен дене жағынан дамуды, адамгершілік, твазалық пен өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Туған жердің табиғатын, құстар мен жан-жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді хабарлау.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіре отырып баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: сызба нұсқа, суреттер


Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабықты түсіндіру.

ІІІ. Сабақты қорыту.

ІV. Үйге тапсырма


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабықты түсіндіру.

Балалар жазғы демалыстан алған әсерлерін, көрген қызықтарывн, демалған жерлерінің әсем табиғатын әңгімелейді. үйренген әңгімелері мен ән-күйлерін ортаға салады. мектеп, мұғалім, оқу құралдары туралы жұмбақтар шешу арқылы балдырғандарды оқуға шақырамыз, білімге деген қызығушылығын арттырып, оқуға, саукатты болуға ынта-ықыласын дамыту.

Оқушы жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттағанда жаңа дүниемен, жаңа әсерлермен кездеседі. сабақ үстіндегі іс-әрекеттер (тыңдау, сауат ашу, орындау, ырғақты қимылдар, шығартмашылық тапсырмалар т.б) баланың ой-қиялын шыңдайды, логикалық ойлау жүесін дамытады, әсемдікті сезе білуге, сұлулық тәрізді санатты түсіне білуге итермелейді.

Осы жастағы балалар жеке ән дауысын ажыратуға, музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын біліп, талдауға қатысады. Бұл- оқушының музыкалық талдауға алдыңғы сыныптарда машықтанғаның белгісі. Сол себепті 9 жастағы бала сабақ барысында жалпы музыкалық шығармалар жөнінде мағлұматтарын толықтыра түседі: музыкалық ойды түсіне бастайды, авторлары жөнінде, шығарманың шығу тарихы туралы, т.б. мәліметтерін толықтырады. Олар тек мағлұмат алып қана қоймай, оны орындай отырып, белгілі бір орындаушылық дағдыны меңгереді, одан әрі дамытады. Әннің негізгі мазмұнын түсініп орындауға, дыбыс биіктігін сезініп, ырғағын дұрыс келтіріп орындауға машықтанады. Сабақтың тағы бір ерекшелігі – оқушы осы жаста дыбысты айту, орындау секілді қызмет атқарып қана қоймай, соған өз бетінше би қимылдарын қоса орындауға талпынады. Бұл – балаға өте ұнайтын іс-әрекеттердің бірі.

Білім мен өнер сапарына аттаған мектептегі оқушы қадамы бойды бірден баурап алатын сүйкімді әннен басталуының маңызы зор. Осы мақсатта А. Меңжанованың «Қоңырау» әні орындалады. Ұсынылып отырған ән – бұрыннан көпшілікке таныс. Таныс болғанымен, үйрену кезінде баса мән беретін жерлері мол шығарма. Әннің қайрымасында кездесетін қоңыраудың әсем сыңғырындай естілетін дыбыс бояуларын дұрыс, өз нәшінде орындауға аса мән беріледі. Оналтылық ноталардың дыбыс ұзақтығының дұрыс орындалуына, оқушыныңжоғары дыбыстарды нақышына келтіріп орындауына көңіл бөлінеді. Сонымен қатар әннің терең мазмұнына ден қойылады. Оқушылардың мектепке келгендегі әсерлерін, ұстаздары мен достары туралы ойларын ортаға салуларын ұсынамыз. Мұндағы негізгі ой – сабақ барысында ән арқылы балалардың бүгінгі Білім күнін атап өту. Оқулықта берілген сабаққа мазмұндас әсерлі суреттерге қарап, әңгімелесуге болады.

Әннің сөз мәтініндегі қиыншылық тудыратын жерлерін асықпай үйренген жөн. Осы сабақта әннің тек бір шумағы мен қайырмасы үйретілсе де болады.

ІІІ. Сабақты қорыту

Қорытынды: Проблемалық ізденіс тудыратын сұрақтар қоямыз:

1. Әннің мазмұны не туралы?

2. Ән қандай сипатта орындалады?

3. Ән тез әлде ақырын орындала ма?

4. Бұл әнге қандай қимыл жасауға болады?

Шығармашылық жұмыс.

Музыка сабағында отырған оқушылардың мінез-құлқы мен әрекетін сипаттап жаз.

Дұрыс жауаптың астын сыз:

Музыкалық шығарманы кім ойлап шығарды?

Суретші, ақын, сазгер, дирижер, әртіс.

ІV. Үйге тапсырма









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С?лем,мектебім

Автор: ?азым Лаура Амангелді?ызы

Дата: 18.03.2015

Номер свидетельства: 188342


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства