kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка урока на тему "Мектептегі музыка дыбысы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды «музыкадағы ырғақ» түсінігімен таныстыру; Қысқа және ұзын дыбыстарды есту арқылы ажыратуға, оларды дауыстап айтуға және қимылмен көрсете білуге үйрету; Сандар туралы ән» әнін үйрету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка урока на тему "Мектептегі музыка дыбысы"»

Күні: ж

Сынып: 1 «»

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мектептегі музыкалық дыбыстар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1.2.1 ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау

1.1.1.2 шулы және музыкалық дыбыстарды ажырату


Сабақ мақсаттары









Түзете –дамыту мақсаттары

оқушыларды «музыкадағы ырғақ» түсінігімен таныстыру; Қысқа және ұзын дыбыстарды есту арқылы ажыратуға, оларды дауыстап айтуға және қимылмен көрсете білуге үйрету; Сандар туралы ән» әнін үйрету

Сабақтың білімділік мақсаты: Ән тыңдау, ән орындау шеберлігін, музыка өнеріне қызықтыру. Дамытушылық мақсаты: Музыка шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдыландыру.Мақсатқа өз бетінше жету үшін оқушыға мүмкіндік беру.Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруде әдістемелік әдістерді басшылыққа алу. Тәрбиелік мақсаты: Мазмұнды эмоциялық сезінуге тәрбиелеу.Көркемдік талғамын дамыту.Музыка шығармалары арқылы білімдерін дамыту.

Түзете- дамыту мақсаты: қалдық көруін сақтай отырып көзге жаттығулар жасату

Бағалау

критерийлері

Әнді екпіні мен ырғағын сақтай отырып орындайды.


Әнде айтылатын қысқа және ұзақ дыбыстарды анықтайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

• қоршаған ортада естіген дыбыстарды суреттеу;

• шығарманың дыбысталуын қарапайым терминдермен талдау;

Пән лексикасы мен терминологиясы

Түйін сөздер

ырғақ – ритм – rhythm

қысқа дыбыс – короткий звук – short sound

ұзақ дыбыс – длинный звук – long sound

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

• Музыка нені еске түсіреді?

• Музыканы басқаша қалай өзгерте аламыз?

• Сіздің ұсынысыңыз қандай?

Ырғақты қай жерде естуге болады?

Құндылықтарды

Дарыту

Ынтымақтастық, құрмет, еңбек және шығармашылық


Пәнаралық

Байланыстар

Математика Ырғақ әрқашан есеппен байланысты. Мысалы: марштың ырғағы, бір, екі, үш, төрт есебінде екпінді «бір» және «үш» есебіне береміз.

Дүниетану Оқушылардан күнделікті сабақ күні немесе бір сабақ туралы ойлауларын сұраңыз. Ырғақтың басы, ортасы мен аяғын мысалы қалай көрсетер еді? Табиғатта да ырғақ бар. Олар қандай?

Бастапқы білім


Оқушылар Курвен жүйесі бойынша қол белгілерін қолданады, музыка жайлы өздерінің қарапайым пікірлері мен ұсыныстарын жасайды және талдай біледі, соль, ми ноталарына негізделген әндермен танысты, музыкалық-шулы ұрмалы аспаптарда ойнайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

1.1.2.31.3

Сабақтың басы


























Сабақтың ортасы



























Сабақтың соңы

«қайырлы күн»«добрый день»«good day» сөздеріне музыкалық сәлемдесу Музыка тыңдау

Сөзі А.Естеновтікі, музыкасы А.Танидің

«Сандар туралы әнін» тыңдаңыз. Әндегі қысқа және ұзақ дыбыстарды анықтаңыз..

  • Ән қалай орындалады?

  • Тез немесе баяу?

  • Әннің көңіл-күйі қандай?

Әннің қысқа ырғағында қолды шапалақтауды, ұзын ырғағында тізені соғуды ұсыныңыз.

Ырғақ соғуЫрғақ- бұл ұзын және қысқа дыбыстардың алмасуы, күшті және әлсіз бөліктерінің алмасуы, олардың бірізділігіндегі дыбыс ұзақтығының байланысы. Ырғақ музыкалық шығарманың жанрымен мінезіне тәуелді. Қысқа және ұзын (ұзақ) дыбыстар – кез-келген ырғақтың негізі. Ырғақ әрқашан есеппен байланысты. Мысалы: марштың ырғағы, бір, екі, үш, төрт есебінде екпінді «бір» және «үш» есебіне береміз.оқушылардан сұрау:





- мектепте ырғақты дыбыс шығаратын қандай зат бар, қандай нәрсе ырғақты қозғалады және ырғақтан тұрады?

-табиғатта ырғақ бар ма, олар қандай? /оқушылардың жауабын тыңдау/Практикалық бөлім:

-Оқушыларға тоқылдақ аспабы беріледі, олар кезекпен өз ырғақтарын ойлап тауып ойнап шығуы керек.Сонан соң әр оқушы ойнаған ырғаққа өз есімін немесе мектептегі заттардың атауын қосып айтады.

Көз жаттығуларын жасау (тақтамен жұмыс)

«Сандар туралы ән» мұғалімнің сүйемелдеуімен орындау.

Ағасы:

Болмағанмен еш кемің,

Сен – үште, мен - бестемін.

Дұрыс болар үлкенді

Сыйлап әркез өскенің.Інісі:

Жақсы болып өс деген,

Ақылыңда қош көрем,

Айтшы бірақ анықтап,

Үш деген не, бес деген?Ағасы:

Үш пен бестің арасы

Қанша болар? Санашы:

Бір қолдағы бес саусақ

Ол менмін ғой, қарашы.Енді дегбір қашырма,

Жұм екеуін, жасыр да.

Санай алсаң қалғанын,

Шығар сенің жасың да.Оқушылар әнді өздеріне музыкалық аспаптармен сүйемелдей отырып орындайды.

Рефлексия:

Мен бүгін не білдім?

Сұрағына оқушылар ауызша жауап береді.

Балалардың сабақ соңындағы көңіл-күйін білу үшін, мұғалім сыныптың екі жақ қабырғасында тұрған көңілді және көңілсіз смайликті көрсетеді. Оқушылар өз қалаулары бойынша смайликтің қасына барып тұрады.

Оқушылармен ырғақтық қоштасу

Тақтада бейнеленген ырғаққа сай «сау болыңыз» деп айту


Синтезатор



«Сандар туралы ән» ойын-өлең. Сөзі А.Естеновтікі, музыкасы А.Танидікі


























Әннің сөзі




Музыкалық аспаптар










Қабырғадағы смайликтер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады


Ырғақтық тапсырманы тез орындап болған кейбір оқушыларға өздерінің ырғақтық сызбасын жасау ұсынылады.


Өзара бағалау

Бағалау критерийлері бойынша бағалау


Жұптық жұмыс барысында сызбаларды дұрыс орындау, ырғақтарды жеке орындау барысында оқушыларды бақылап қалыптасытырушы бағалау жүргізу.


Қауіпсіздік техникасын сақтау



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Разработка урока на тему "Мектептегі музыка дыбысы"

Автор: Баймуканова Гульмира Диханбаевна

Дата: 09.11.2019

Номер свидетельства: 526281


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства