открытый урок на тему " Аралы?тарды? айналымы кіші терция, ?лкен терция "
Открытый урок на тему " Аралы?тарды? айналымы кіші терция, ?лкен терция "
Саба?ты? та?ырыбы: Аралы?тарды? айналымы к3;?3
Саба?ты? ма?саты:
Білімділігі:
О?ушыны? білім алуда?ы ?ызы?ушылы?ымен музыка?а деген сауатын аша отырып, заманауи технологияларды? к?мегімен о?ушы санасын жетілдіру, жеке т?л?а ретінде ?сіп,?алыптасуына ?з ы?палын тигізу.
Дамытушылы?ы:
Балаларды? музыка?а деген кызы?ушылы?тарын ?ркендету, теориялы? білім алуда?ы білім санасын ояту, есту ж?не есте са?тау ?абілеттерін дамыту.
Просмотр содержимого документа
«открытый урок на тему " Аралы?тарды? айналымы кіші терция, ?лкен терция " »
«Теректі аудандық №2 саз мектебі» МКҚК
«БСМ оқушыларының білім алу барысында ұйымның тиімді нәтижелері» тақырыбындағы аудандық семинар
Ашық сабағы
«Аралықтардың айналымы к3,ү3»
Сольфеджио пәнінің
оқытушысы: Бектурганова Т.К.
наурыз 2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Аралықтардың айналымы к3;ү3
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Оқушының білім алудағы қызығушылығымен музыкаға деген сауатын аша отырып, заманауи технологиялардың көмегімен оқушы санасын жетілдіру, жеке тұлға ретінде өсіп,қалыптасуына өз ықпалын тигізу.
Дамытушылығы:
Балалардың музыкаға деген кызығушылықтарын өркендету, теориялық білім алудағы білім санасын ояту, есту және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі:
Халкымыздың музыкалық өнерінен ләззат алуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Көрнекілік әдіс, таблицы, карточки, ребус музыкалық кітап.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Соль-мажор гаммасын талдап,дауыс бояуын қалпына келтіру, 2/4 өлшемінің дұрыс дирижерлауын қадағалау, есту қабілетіне арналған жаттығулар,мажор және минор,Т1; к2; ү2; к3, ү3 интервалын ажырата білу, парақтан оқу деңгейін қадағалау, музыкалық есеп арқылы оқушының математикалық ойлау қабілетін ұштау.
-Балалар бүгінгі тақырыбымызды ашпас бұрын,әуелі дауыс үнімізге жаттығу жасайық. (распевка) “Соль - мажор” (G-dur) үндестігінің кілт жанындағы белгісін, тоникасын анықтау, табиғи және гормониялық түрін, тұрақты және тұрақсыз сатыларын айту.
2. Үй тапсырмасы: 1. Интервал (ережесі,түрлері, үн арасы, сандық және сапалық шамасын ажырату)Өткен Т1; К2; Ү2 интервалының үн арасын, басқышының санын айту. Т1=0т ; К2=0,5т; Ү2=1т
Оқушы үй тапсырмасын тексеріп, тақтаға шығару:
Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбын өткен тақырыппен байланыстыра отырып, түсіндіру.
Тақырып: “Аралықтардың айналымы К3; Ү3”
Терция интервалы – үш саты аралығын қамтитын интервал. Оның кіші терция және үлкен терция түрі болады.
Кіші терцияның үн арасы – 1,5т
Үлкен терция – 2т
Мыс:
Тақтаға әр түрлі дыбыстан К3; Ү3 интервалын шығару.(балалардың өз қалауымен шығару)
К. Фридкин кітабы бойынша №98 жаттығуды парақтан оқып, дыбыстар арасынан к3; ү3 табу. №98 жаттығуды талдау (үндестігін, кілт белгісін, қандай ұзақтақтар кездеседі? Неше такт, өлшемі қандай? Неше фраза) дирижерлап айту.
Қорытындылау: Сергіту сәті: «Еще ошибки» Музыкалық есеп
Оқушы арасынан мұғалім оқушы ойынын ойнау (2 оқушы арасында
бір-бірін тексеру).
Қойылатын сұрақтар:
Бүгінгі біздің тақырыбымыз қалай аталады?
Терция интервалы неше сатыны қамтиды?
Сапалық шамасына қарай қалай аталады?
Кіші терцияның үн арасы қанша?
Үлкен терциянын үн арасы қанша?
К3 қысқаша қалай белгіленеді?
Ү3 қысқаша калай белгіленеді?
( музыкалық есеп берілген оқушылар тақтаға шығып, «Еще ошибки» ойынында мұғалім - оқушы рөлін көрсетеді)
Бағалау:
Үйге тапсырмалар: Ре мажор үндестігінің әр дыбысынан К3, Ү3 интервалын табу. К Фридкин кітабы бойынша №175 жаттығуын жаттау.