Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбері: Бақшамызға барайық Досымызды табайық Сәлеметпе міне мен Доспын енді сенімен Саз әуенімен әндете амандасады: Сәлеметсіңдер ме балалар? Сазды ырғақты қыймыл жасату | Залға аяқтарының ұштарымен қолдары белдерінде жеңіл жүгіріп кіреді Саз жетекшісін мұқият тыңдап, әнге сәйкес қимылдарды көрсетті. Саз жетекшісімен әндете амандасады.Сәлеметсіз бе |
Ұйымдастырушылық-іздеушілік | Жұмбақ жасыру: Киініп тұр бір мүсін. Ол қаз басып жүрмейді, Сөйлемейді, күлмейді. (қуыршақ) Тосын сый: Осы кезде есік қағылады. - Сәлеметсіздер ме! Бұл «Балдырған» тобы ма? Мен «Ойыншықтар әлемінен» келдім. Балалар қуыршақтың хатыда бар екен,ашып оқып көрейік. Сұрақ-жауап?
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,үн таспаға қарап баріміз бірге қайталайық Тақпақтар: Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Әмір беріп бұйырсақ. Қуыршақтар уйықтайды, Айтқаныңнан шықпайды Ал, қозы мен құлыншақ Ұйықта десең ұқпайды. Тыңдамайды ұрысса Осылары дұрыс па? Тентектігін тыймаса, Тұрғызамын бұрышқа! У меня есть кукла Маша — Вся похожа на меня! Куклы нет на свете краше, Только Маша лишь моя. Есть кукла у меня — Ее любит вся семья. Одевает мама наша, Из лоскутков ей шью и я.
Ән:«Қуыршақ» Апам маған дүкеннен, Бір қуыршақ әкелді. Ерегіспес үлкенмен, Мазақтамас бөпемді. Ойнатамын оны мен, Жылатпаймын түртіп те. Ең жақсысы менімен Таласпайды кәмпитке. Тыңдамайды ұрысса Осылары дұрыс па? Тентектігін тыймаса, Тұрғызамын бұрышқа! Слайд арқылы жұмыс: Қуыршақтың түрлерін үн таспада көрсету жұмысы. Слайд бойынша қуыршақтың әрекеттері мен мінез құлықтарын талдау, оларды қарым - қатынас ережелеріне сәйкес бағалау Ойын: «Дәрумендерді құрастыру». - Балалар, енді қуыршақпен бірге ойын ойнап көңілімізді көтерейік. | Балалар жұмақтың жауабын шешеді Балалар келген қонаққа амандасып,жақсы көңіл-күй сыйлайды - Дұрыс айтасыңдар, қуыршақ Балалар сұраққа жақсы жауып беріп отырды Серігіту сәтін қыймылмен жақсы көрсетті Тақпақтарын манерлеп айтты Балалар әнді әндете айтты Қойылған сұрақтарға белсенен жауап берді Ойынға жақсы қатысты |
Рефлексив тік-түзеушілік | Бекіту сұрақтарын кояды. Балаларды мадақтайды. Саз әуенімен әндете қоштасады:Сау болыңдар балалар C.Рахманиновтың «Итальяндық полька» шығармасын үнтаспадан қояды | Сұрақтарға жауап берді. Саз жетекшісімен әндете қоштасады.Сау болыңыз Залдан қолдарын белдеріне қойып, аяқтарының ұштарымен жеңіл жүгіріп шығып кетеді |