Просмотр содержимого документа
«Оркестрмен тілдескен дирижер Ахмет Жұбанов «Ақ көгершін» әні.»
Сабақтың тақырыбы: Оркестрмен тілдескен дирижер Ахмет Жұбанов
«Ақ көгершін» әні.
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Қазақ музыкасының ең биік тұлғасы –
Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы
туралы қысқаша мәлімет беру. “Ақ көгершін” әні.
2. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық іс-әрекетін
дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық
ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді
дұрыс орындауға машықтандыру.
3) Тәрбиелілік: Әнді тыңдату, айту арқылы Отанын сүюге,
рухани адамгершілікке,өз ісіне сенімі мол, еңбекқор,
мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, репродуктивтік, сұрақ-жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық, жеке даралап оқыту
Сабақтың көрнекі-құралдары: интерактивті тақта, саз аспатары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қойылатын сұрақтар:
1. Қазақстандағы алғаш ән-романс жазған композиторлар кімдер?
2. Композиторлар Л.Хамиди мен Н.Тілендиев шығармаларын ата.
3. Н.Тілендиевтің “Әке туралы жыр” атты әнінің мағынасынан не түсіңдің?
ІІІ. Жаңа сабақ
Бейнебаян көрсету (3 мин)
"Оркестрмен тілдескен дирижер - Ахмет Қуанұлы Жұбанов" Ақ көгершін әні
Ахмет Жұбанов (1906-1968) - композитор, дирижер, музыкатанушы, этнограф, ҚазССР-нің халық артисі, өнертану ғылымының докторы, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.1932 ж. Ленинград консерваториясының тарихи теориялық факультетін бітірген. 1932-1933 жж..- өнертану Академиясының аспиранты. 1934 ж. қазақтың халық аспаптары оркестрін ұйымдастырды (қазіргі Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі). Жұбанов Алматы мемлекеттік консерваториясын басқарды, оған Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясын ашу миссиясы жүктелді. Ол республикалық Ғылым Академиясының негізін салушылардың бірі, кейін М.О.Әуезов атындағы өнер мен әдебиет институтының құрамына енген өнертану секторын ұйымдастырды. Жұбановтың ұйымдастырушылық, шығармашылық, ғылыми, педагогикалық,
қоғамдық қызметі Қазақстанның музыка мәдениетінің қалыптасу тарихында тұтас бір кезеңді қамтиды. Ол кәсіби музыкалық білім берудің, музыкалық шығармашылықпен музыкалық ғылымның іргетасын қалады. Академик- композитор Жұбановтың есімі қазақ музыка мәдениетінің негізін салушы тұлғалардың көшбасында тұр. Ол Л. Хамидимен бірлесіп, “Абай” және “Төлеген Тоқтаров” операсын, “Құрманғазы туралы естелік маршын”, “Жезкиік”
симфониялық шығармаларын, қазақтың би сюитасын, “Саранжап”, “Көроғлы” фортепьяналық шығармаларын, хорлар, әндер, романстар, театр мен киноға арналған музыкалар, “XIXғ. мен XXғ. басындағы қазақ халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы”, “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары”, “Мұқан Төлебаев”, “Құрманғазы” этнографиялық зерттеулерін жазды. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.
Музыка тыңдату.«Көңілашар» (А.Жұбанов)
Музыка тыңдай отырып, оқушылар бір мезгілде ән, би, күй, марш музыкаларын, халықтық, композиторлық, кәсіби музыкаларды жәй және күрделі музыкаларды ажыратып, динамикалық белгілерді уақытында көрсетіп отырады.
Күй ұнады ма?
Несімен ұнады?
Күйдің сапасы қандай? (көңілді, қайғылы, жәй, жылдам)?
Күйді тыңдаған кезде көз алдыңа не елестейді?
ІV. Музыкалық сауаттылық
1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын музыка күй деп аталады.
2. Оркестр- әр түрлі музыкалық аспаптарында орындайтын музыканттар тобы.