kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« ?нерін ?рлеткен топ» ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

-------------------------------------------------------------------------------------------

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« ?нерін ?рлеткен топ» ашы? саба?»



Сабақтың тақырыбы: « Өнерін өрлеткен топ»

Сабақтың мақсаты: « Қазақстан камератасы» камералық ансамбльі,оның құрамы жайында айту,мағынасын түсіндіру. Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына,өміріне шолу жасау. 3 тұғырлы тілді меңгерту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс- тәсілі: Диалогтық оқыту, топтық жұмыс,өзара бағалау,сәйкестендіру тесті. Сабақтың көрнекілігі:Мақал –мәтел,сәйкестендіру тесті,өлшемдер,Г.Мырзабекова суреті,Иозиф Гайдн, Антонио Вивальди, Франц Шуберт суреті, ішекті аспаптар суреті,таудың суреті,шығармашылық жұмыс.

І ұйымдастыру кезеңі

А. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй

Шаттық шеңберін құрып, сурет арқылы топқа бөлу.

1. Ән тобы Ән – әуені әсем мәтіннен тұратын музыкалық шығарма. Кез – келген әннің мазмұны мен басты ойы, әдемі әуені болады 2. Би тобы Би – музыка ырғағына сай қимылмен бейнеленетін өнер түрі 3. Күй тобы

Күй – қазақ халқының аспаптық музыкасы

Б. Сәйкестендіру тесті арқылы үй тапсырмасын сұрау.


ІІ Жаңа сабақ

«Қазақстан камератасы»ансамбльі 1997 жылы құрылған.

Гаухар Мырзабекова Скрипка аспабы

Профессор Гаухар Мырзабекова консерваторияның ең мықты 16 түлегінен тұратын талантты жас музыканттардың басын қосып,камералық ішекті аспаптар ансамбльін жасақтады. Ансамбльдің атын «Камерата»деп атады.Камерета италияның «camera» деген сөзінен шыққан, яғни «бөлме»немесе «палата»деген ұғымды білдіреді. Бұл ансамбльдің ерекшелігі әрбір музыкант өте шебер орындаушы болып саналады. «Қазақстан камератасы» жас музыканттардың ұжымынан тұрса да,олар өздерінің жоғары кәсіби деңгейін көрсете білді.Ансамбль көне классикалық шығармалардан бастап,жаңа заман туындыларын орындап келеді. Оркестр әртістерінен ең жоғарға орындаушылық шеберлік талап етіледі. ХVІІІ ғасырдың көне скрипкаға арналған шығармаларын орындау үшін ансамбль музыканттары ақсүйектер заманынан жеткен аса сыпайылық пен тәрбиелілікті ұстана отырып,сол уақыттағы музыка орындау шеберлігін көрсетуге талпынады.Тыңдаушылар мен көрермендер болса,ұлы Антонио Вивальди мен Йозеф Гайднның туындыларындағы ішкі сезім әлеміне бойлап, сол заманның көңіл-күйін сезіне білген. «Камерата»ансамбльінің репертуарында Тілес Қажығалиев, Мансұр Сағатов,Қуат Шілдебаев, Серік Әбдінұров сынды қазақ композиторларының шығармалары бар.Ансамбль бүгінгі заманның туындыларын үлкен ықыласпен орындап келеді. Қазақ композиторларының шығармалары тек Қазақстан тыңдармандарын ғана емес,шет мемлекеттер тыңдармандарында қызығушылығын арттыруда. «Қазақстан камератасы»ансамбльінің жоғары деңгейдегі орындау мәдениеті оларды тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген мемлекеттерінде танымалдылыққа жеткізді. АнсамбльВенгрия,Чехия,Германия,Македония,Түркия,Ұлыбритания,Франция, Жапония мемлекеттерінде өнер көрсетіп,үлкен абыройға ие болды.

ХVІ –ХVІІІ ғасырларда Еуропа мәдениетінде «Камералық музыка»дейтін ұғым ақсүйектерге ғана қатысты болған. «Камералық музыка»екі немесе оданда көп музыкант орындайтын аспаптық және вокалдық музыка.

ІІІ Музыка тыңдау

  • Балалар бұл ансамбльде қандай аспаптар бар екен?

  • Скрипка аспабы

  • Скрипка аспабы қандай аспаптар қатарына жатады?

  • Ішекті ыспалы аспап

  • Басқа қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

  • Ия дұрыс айтасыңдар домбыра, қобыз, сырнай, щаңқобыз т/б

  • Балалар домбыра аспабының құрылысын білемізбе?

  • Күй атасы кім?

  • Құрманғазы Сағырбайұлы

  • Құрманғазы Сағырбайұлы туралы не білеміз?

  • Ал енді мен сендерге қазақтың ұлттық музыка аспабы домбыра аспабында Құрманғазы Сағырбайұлының «Алатау» күйін орындап беремін.Ал сендер күй орындалып болғанша, күйге байланысты сурет салып үлгерулерің керек. Құрманғазы Сағырбаев «Алатау» күйі

/Күй орындау, сурет салу/Балалардан өз ойларын сұрау.

ІV Музыка сауаты –

  • Балалар күй қандай жылдамдықта орындалды? Балалар біз қандай музыка тыңдасақта олардың өзіндік ерекшеліктері бар.Мысалы: Ұзақтық дыбыстар және өлшемдер. Қандай ұзақтық ноталарды білесіңдер?

  • Ал өлшем дегеніміз – Нота сызықтарының басында орналасады. Яғни скрипка кілтінен соң орналасады. Өшемдер 2-ге бөлінеді. Жай өлшем және күрделі өлшем. Біз солардың жай өлшемдері туралы өтеміз. Жай өлшемдер – 2/4, 3/4, 4/4.

2/4 өлшемі- әр тактта 2 төрттік , 3 төрттік, 4 төрттік нота бар дегенді білдіреді. Енді мен сендерге бірнеше тапсырмалар дайындап келгенмін, орындап көрейік.

  1. Мақал – мәтел

1.Жақсы өз басынан көреді

Жаман жолдасынан көреді. / ре нотасы/

2.Сиырмен дос боламын десең бұзауын аймала /си нотасы/ 3.Елге електе керек шелекте керек. / ре нотасы/

4.Әке бәйтерек, бала-жапырақ /ре нотасы/

5.Ат аяғынан семірер,

Адам құлағынан семірер. / ре нотасы /

6. Жаңбырмен жер көгерер,

Алғыспен ел көгерер. / ре нотасы/

  1. Нотасы бар сөздерді табу.

Долана /до/ Рекорд /ре/

Хамит /ми/ Фантан /фа/

Сольфеджио /соль/ Вентилятор /ля/

Сиыр /си /

  1. Ребус шешу /композитор, Ш.Қалдаяқов, Ана туралы жыр/

1.Композитор – өз жанынан ән-күй шығаратын дарынды тұлға.

2. Шәмші Қалдаяқов – Қазақстанның халық әртісі. Ән жанрында аты шыққан әйгілі композитор. Шәмші әндері республикамыздың барлық өңірлеріне кең тараған. Оның «Ақмаңдайлым», «Қайықта», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Менің Қазақстаным», «Әнім сен едің» т/б көптеген әндері бар.

V Ән үйрену

Ендеше Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін үйренеміз. Бұл ән қалай дүниеге келді. 1958 жылы Шәмшінің анасы Сақыпжамал дүниеден өтеді. Бұл кезде Шәмші Алматыда болатын. Оған жедел хат жібереді. Бірақ қаражаты болмаған Шәмші анасын жерлеуге келе алмайды. Ол анасының қырқына бір ақ келеді. Әрине уақытында келіп анасының қабіріне топырақ салалмағанымен, ол анасына арнап «Ана туралы жыр» әнін дүниеге әкеледі. Ендеше Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін үйренеміз .

Ана туралы жыр

Ш.Қалдаяқов

Әлемнің жарығын, Өтеуге борышым,

Силадың сен маған. Анашым,жан сырым.

Даланың әр гүлін, Іздедім сен үшін,

Жинадың сен маған. Әлемнің асылын.

Сен бердің құстардың, Әлемнің байлығын,

Қанатын самғаған. Сыйлар ем, кеш мені.

Балалық құштарым, Сыйлар ем,Ай,Күнін,

Өзіңе арнаған. Қолыма түспеді.


Қайырмасы

Әлдилеп, аялап,

Өсірген жемісің.

Самал жел сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңліңді көктемдей,

Көзіңнен танимын


VІ Қорытынды.

Шық шыңына биіктің

Сұрақтар арқылы қорытындылау

  1. «Қазақстан камератасы» ансамбльі қай жылы құрылды? 2. «Қазақстан камератасы»ансамбльін кім құрды? 3. «Камерата» сөзінің баламасы қалай аталады? 4. «Қазақстан камератасы» ХVІІІ ғасырдағы композиторлардың қандай аспаптарға арналған шығармаларын орындады? 5 «Қазақстан камератасы» қай мемлекеттерге танымал болды?



VІІ Үйге тапсырма.

«Ана туралы жыр» әнін жаттау














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
« ?нерін ?рлеткен топ» ашы? саба?

Автор: Исаева Жумакуль Шириновна

Дата: 05.05.2016

Номер свидетельства: 324306

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Өнерін өрлеткен топ ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(34) "onierin_orlietkien_top_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "409902"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492496658"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства