Просмотр содержимого документа
«?нерін ?неге еткен Н?р?иса Тілендиев »
Умырбаева Бибігүл Тулегеновна
Маңғыстау облысы ,Қарақия ауданы,Жетібай ауылы
№3 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі
Музыка сабағы 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев
Н.Тілендиев «Асыл әжем»
Сабақтың мақсаты: Дарынды композитор,домбырашы Н.Тілендиевтің өмірі мен
шығармашылығына тоқталу.Композитордың жазған әнін үйрету.
Әнді мәнерлі етіп айтуға баулу.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
2,Дауыс жаттығуы
3.Үй тапсырмасын сұрау.
4.Жаңа сабақ
Нұрғиса Тілендиев (1925-1998)
Нұрғиса Тілендиев-дарынды композитор,дирижер және домбырашы.Ол фольклорлық- этнографиялық «Отырар сазы» оркестрін құрып,көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды.
Н.Тілендиев-халыққа кеңінен танымал «Алатау», «Құстар қайтып барады», «Әже туралы ән", «Өз елім», «Әке туралы жыр», «Саржайлау», «Кел,еркем,Алатауыма»,Абайдың сөзіне жазылған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» ән-романстарының, «Ата толғауы», «Көш керуен» сияқты көптеген күйлердің авторы.Оның оркестрге арналған «Махамбет», «Арнау» , «Жеңіс салтанаты» сияқты көлемді поэмалары бар.
5.Жаңа ән «Асыл әжем»
-әнді фраза бойынша үйрету
-әнді акапелла үйрету.
6.Бекіту сұрақтары
-Композиторлар Л.Хамиди мен Н.Тілендиев шығармаларын ата.
-Романс дегеніміз не?
- «Бейбітшілік туы берік қолда» кімнің әні?
- «Әке туралы жыр» кімнің әні?
7.Бағалау
8.Бекіту сұрақтары:
-Каденция,фактура дегеніміз не?
-Н.Тілендиевтің қандай әндерін білесің?
-Композитордың күйлерін ата.
-Композитордың өзі құрып, дирижерлік еткен оркестрі қалай аталады?