kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыны? техникалы? шеберлігін арттыру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

1-дамытушылы?.

?рт?рлі жатты?уларды? к?мегімен о?ушыны?  техникалы?  шеберлігін арттыру.

2-т?рбиелік.

О?ушыны? ойлау ж?не есте са?тау ?абілетін дамыта отырып,

к?йлерді? т?рлері мен  ойнау т?сілдерін т?сіндіру.

Саба?ты? т?рі:  Аралас.

Саба?ты? барысы:

?йымдастыру кезе?і:

  1. О?ушымен с?лемдесу.
  2. О?ушыны орналастырып, домбыраны? ??ла? к?йін келтіру.

Жатты?улар ойнатып  о?ушыны? ?олдарын машы?тандыру.

  1. О?ушыны? дайынды?ын тексеріп, ?ткен та?ырыптарды ?айталау.

Кіріспе б?лім:

1.Жатты?улар не ?шін ?ажет ж?не жатты?уларды? т?рлері

 

  1. Сол ?олды?  ?имылдауына арнал?ан ж?не бас  барма?ты? ауысу ?лгілеріне арнал?ан жатты?улар. Сауса?тарды? еркін ?имылдауына к?п ?сер етеді
  2. Форшлаг- я?ни іліп алу. Лига- екі нотаны? арасын ?збей ойнау ж?не бірінші нотадан екінші нота?а бір ?а?ыс ар?ылы ?ту болып екіге б?лінеді. Б?ндай белгілер шертпе к?йлерде немесе к?рделі шы?армаларда к?п кездеседі.
  3. Фложелетто -нотаны жартылай басып жа??ыры? дауыс шы?ару. Глиссандо- ?дістері ?р т?рлі   шы?армаларда к?п ?олданылады.

         Сонды?танда сол?а арнал?ан б?л жатты?улар?а к?п к??іл  б?лген д?рыс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыны? техникалы? шеберлігін арттыру.»

Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы:

Оқушының техникалық шеберлігін арттыру.


Сабақтың мақсаты:

1-дамытушылық.

Әртүрлі жаттығулардың көмегімен оқушының техникалық шеберлігін арттыру.

2-тәрбиелік.

Оқушының ойлау және есте сақтау қабілетін дамыта отырып,

күйлердің түрлері мен ойнау тәсілдерін түсіндіру.


Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушымен сәлемдесу.

  2. Оқушыны орналастырып, домбыраның құлақ күйін келтіру.

Жаттығулар ойнатып оқушының қолдарын машықтандыру.

  1. Оқушының дайындығын тексеріп, өткен тақырыптарды қайталау.


Кіріспе бөлім:

1.Жаттығулар не үшін қажет және жаттығулардың түрлері


  1. Сол қолдың қимылдауына арналған және бас бармақтың ауысу үлгілеріне арналған жаттығулар. Саусақтардың еркін қимылдауына көп әсер етеді

  2. Форшлаг- яғни іліп алу. Лига- екі нотаның арасын үзбей ойнау және бірінші нотадан екінші нотаға бір қағыс арқылы өту болып екіге бөлінеді. Бұндай белгілер шертпе күйлерде немесе күрделі шығармаларда көп кездеседі.

  3. Фложелетто -нотаны жартылай басып жаңғырық дауыс шығару. Глиссандо- әдістері әр түрлі шығармаларда көп қолданылады.

Сондықтанда солға арналған бұл жаттығуларға көп көңіл бөлген дұрыс.


2. Күйлердің түрлеріне байланысты оң қолдың қимыл

әрекеттеріне арналған жаттығулар.


  1. Жеке ішекте тремола қағыс.

  2. Қос ішекте тремола қағыс.

  3. Екі ішекте алма-кезек қағылатын қағыстар

  4. Бас бармақпен сұқ саусақтың кезектесіп келетін қағысты триоль деп атаймыз.

  5. Пицикато-бас бармақпен ойнау және арпеджиатто (қос ішекте

саусақтармен қатар-қатар тізбектеп қағу арқылы қолданылады)

Осы жаттығулардың барлығы екі қолдыңда еркін қимылдауы үшін өте қажет. Қосымша қол машықтандыруға жақсы көмегі тигізетін ол гамма, арпеджиолар болып табылады.


3. Этюд дегеніміз не?

Этюд дегеніміз жаттығу тәріздес белгілі бір аспапта машықтануға арналған көркем шығарма болып табылады.

Этюдтың да неше түрлері болады. Мысалы әр түрлі бағыттағы күйлерге арналған немесе белгілі бір шығармаларға арналған этюдтар кездеседі.


4.Күйлердің тіүрлері және апликатурасының айырмашылықтары мен динамикалық ерекшеліктері.


Күйлер -шертпе, төкпе және жәи күй болып үш топқа бөлінеді. Төкпе күйлер екпінді, жігерлі болып келсе, шертпе күйлер сазды әуенді болып келеді. Ал жәй күйлер бірде ойлы, бірде ойнақы бірде тебіренте күңіренген үн шығаратын күйлер болып табылады.

Үш бағыттағы күйлердің апликатурасы динамикалық шартты белгілермен ерекшеленеді.

Мысалы төкпе күйлерде қос ішектегі тремола қағыстармен триоль қағыстары көп кездеседі.

Шертпе күйлерде қос ішекте алма кезек ойналатын қағыстармен арпеджиатто қағыстары ойналады.

Жәй күйлерде димамикалық белгілер өте көп кездесетіндіктен, тремола қағыстарынан басқа қағыстардың барлығы қолданылып жатады.

Ескерте кететін жағдай, техникалық шеберлік дегеніміз бір төкпе күйді басынан аяғына дейін төгіп ойнап шығу ғана емес.

Үш бағыттағы күйлердің немесе қандай да бір шығарма болсын олардың әр қайсысы өз шығу тарихына байланысты техникалық шеберлік талап етеді. Сондықтанда жоғарыда көрсетілген жаттығулардың барлығын міндетті түрде білуіміз керек.


Негізгі бөлім

Жаңа сабақты түсіндіру.

Боранқұл Қошмағамбетов «Кең жайлау»


1. Музыкалық шығарманы талдау,күйдің шығу тарихымен композитордың ойын, тілін, түсіндіру.

2. Шығарманы талдап композитор жөнінде, аспаптарға лайықтап өңдегендер жөнінде оқушыға түсіндіріп беріп, аспапта ойнап көрсету және тыңдату.

  1. Күйдің қай бағытқа жататындығын анықтап, шартты белгілермен динамикалық ерекшеліктерін анықтау.

  2. Шығарманы оқушыға ойнатып қандай жаттығулармен дайындалу керек екендігін ескерту


Қортынды бөлім.

Сабақты бекіту сұрақтары.

  1. Жаттығулар не үшін қажет.

  2. Үш бағыттағы күйлердің айырмашылығы.

  3. Апликатура дегеніміз не.


Сабақты қортындылау.

Мыңдаған жылдарды артта қалдырған халқымыздың тарихымен бірге туған еліміздің мәдени асыл мұрасы күй өнерін түсіну «Домбыра» атты киелі де құдіретті аспапты меңгеру әрбір қазақ баласының міндетіне айналса, дарынды шәкірт тәрбиелеуден ұлағатты ұстаздар жалықпаған болар еді.


Үй тапсырмасы

1. Боранқұл Қошмағамбетовтің «Кең жайлау»күйін нота бойынша ойнау.

2. Жаттығулар мен апликатуралармен жұмыс жасау.

3. Күйдің шығу тарихымен күйшінің өмір баянын білу.


Дүйсенбеков Аманжол Тұрсынбекұлы

Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы

«Балалар шығармашылығы орталығы»

Домбыра сыныбының мұғалімі










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
О?ушыны? техникалы? шеберлігін арттыру.

Автор: Д?йсенбеков Аманжол Т?рсынбекович

Дата: 05.04.2016

Номер свидетельства: 315189


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства