kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ойнай білмеген, ойлай білмейді" ән-әуез пәні үйірмесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Бұл сабақ жоспары ән-әуез пінңнен жүргізілетін үйірме сабағында өтуге пайдалануға болады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ойнай білмеген, ойлай білмейді" ән-әуез пәні үйірмесі»

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы

Төребай би ауылындағы № 199 орта

мектебінің ән-әуез пәні мұғалімі

Жалғасбаева Света Жақсылыққызы


«Ойнай білмеген ойлай да білмейді»

(Ән-әуез пәні үйірмесі)


Мақсаты: а) Ойын арқылы оқушылардың әуез пәніне деген қызығушылығын арттыру,

музыкалық мұраны сақтап, жалғастыра білуге тәрбиелеу,

ә) оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа, еріктілікке, тапқырлыққа

баулу,

б) музыкалық ырғақты, жылдамдықты, шығарманың мінез- құлқын ажырата білуге

үйрету

Көрнекілігі: даналық сөздер, карточкалар, басқатырғылар, үнтаспа

Түрі : сайыс

Даналарымыздың тамаша сөздері бар: «Ой жетпейтін жер болмайды» (Б.Момышұлы), «Болашақ қайраткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады» (Макаренко), «Ойын бала үшін ойын емес, шындық» (К.Д.Ушинский). Яғни, ойын шығармашылық жұмыстың бастауы болып табылады. Ойын – еңбекпен, оқумен бірге адам қызметінің негізгі түрлеріне жатады және адам өмірінің ерекше феномені болып саналады. Ойын қабілеті төмен балалар үшін де қызықты және қолайлы іс-әрекет. Өйткені ол ойын барысында алғашқылардың қатарында болуы мүмкін.Ән-әуез сабағында, сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларды ойын арқылы біріншіден ұйымшылдыққа баулып, достықтарын нығайтуға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелесе, екіншіден ойындар оқушылардың қызығушылығын арттырудың, шығармашылықпен жұмыс жасауға талпындырудың, музыканы түсініп тыңдай білуге , шығармаға анализ жасай білуге үйретудің тиімді жолы болып табылады.

Әуез пәні мұғалімдеріне пайдасы тиеді деген оймен ән-әуез пәні үйірмесінің жүргізілген «Ойнай білмеген ойлай білмейді» атты сайысты ұсынып отырмын.

Сайыс кезеңдері:

І. «Не?Қайда?Қашан?» музыкалық викторина

  1. Қазақ халқының аспапта ойналатын шығармасы (күй)

  2. Ертеде күйшілер ағаштан қандай жануарлар жасап, домбыра күйіне қосқан?(ортеке)

  3. «Бұрынғы өткен заманда,

Дін мұсылман аманда

Жиделі Байсын жерінде

Қоңырат деген елінде

Байбөрі деген бар екен

Байбөрі малға бай екен...» қай жырдан үзінді? (Алпамыс батыр жыры)

  1. Абылайдың ақылшысы, кеңесшісі болған жырау кім? (Бұқар жырау)

  2. Музыкада дыбыстың қатты, ақырын орындалуын көрсететін белгілерді қалай атайды? (динамикалық белгілер)

  3. Қорқыттың күйіне арқау болған аңыздағы ит?(Ұшар)

  4. Қырғыздар жырды қалай атайды? (ыр)

  5. 2-ші сызықтағы нота (соль)

  6. «Нар идірген» күйінде маяны иіткен кім? (шал)

  7. Кенен Әзірбавтың қайтыс болған екі баласына арнап шығарған әні?(Базар-Назар)

  8. «Орман. Алаңда ұйықтап жатқан қоян» деп басталатын қай шығарма? («Жыл басы кім болады?» музыкалық ертегісі)

  9. Алпамыстың зынданда жатып жасаған аспабы (Сырнай)

  10. Ән мен күйдің өлшемін қолдың қимылымен көрсету (дирижерлеу)

  11. Күй тартыста Құлшардың тартқан күйі?(«Қыз қамаған»)

  12. Ерлердің жіңішке даусы (Тенор)

  13. Қ.Мусиннің «Жайлауда» симфониялық поэмасындағы халық әні? (Ақ дариға)

  14. «Қыз Жібек» операсының авторы (Е.Брусиловский)

  15. «Біржан-Сара» операсындағы айтыс өткен жер? (Қоянды жәрмеңкесі)

  16. «Біржан-Сара» операсында қазақтың қандай әдет-ғұрпы көрсетілген? (Үйлену тойы)

  17. Абайдың Лермонтовтан аударған әні? («Қараңғы түнде тау қалғып»)

(сайыстың бірінші кезеңінде ең сұраққа көп жауап берген 4 оқушы келесі кезеңге қатыстырылады)

ІІ. Музворд шешу.

А) «Музыкалық аспаптар» Әріптерді тізбектей оқығанда бірнеше аспаптардың аты шығады (сыбызғы, домбыра, шаңқобыз, шертер, асатаяқ, жетіген)

с

ы

з

ғ

ш

е

р

ы

б

а

ы

ш

а

т

а

с

р

д

о

ң

е

т

а

ы

б

м

қ

р

а

н

е

ж

е

о

б

я

қ

г

і

т

з

ы

ә) «Жыраулар» Әріптерді тізбектей оқып жыраулардың аттарын табу керек «Нартай, Базар, Бұқар)

й

б

а

р

а

а

з

б

т

н

р

ұ

р

а

а

қ

Б) «Ребус»


Н ,

’ ’ ’ ’ ,

,

Ребусты шешкенде «Симфония» сөзі шығады

ІІІ. Бала тілімен

А) –онда құлақ бар, бірақ есімейді,

- ішегі бар,

- аузы бар,

- ол кейде адамды жылатады, кейде күлдіреді,

-Ол қазақтардың көбінің үйінде бар, үнемі төрде тұрады. (домбыра)

Ә) – ол отын болады,

- Онымен неше түрлі нәрселер жасауға болады,

- өзі кішкентай, бірақ көп адамдарға айтқаны істетеді (дирижер таяқшасы)

Б) – оның бірнеше түрі бар,

- ол ұзын да, қысқа да болады,

- оны санауға да болады,

- ол сызықтардың үстінде, астында, арасында тұра береді (нота)

ІV. «Егесін тап» ойыны

Бірнеше операның аттары жазылған парақтар оқушылардың алдына қойылады. Опералардың авторлары, кейіпкерлері бөлек-бөлек парақтарға жазылып, араластырыла тасталады. Оқушылар әр операның авторын, кейіпкерлерін тауып, топтастыруы керек.

V. «Әнші» сайысы

Сайыскерлер ойын алаңының бір басынан екінші басына жеткенше адымдай жүріп өзінің басаған әнін жаңылмай айтып шығуы керек.Олар әр түрлі әнді бір мезгілде қатар бастап, орындайды. Сайыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушыларды бірнеше дауыста ән айта білуге үйрету.

VІ. «Байқампаздар» сайысы

Мақсаты: мәтіндегі қате сөздерді табу

А) «Қорқыт көп ойланып, жүз толғанады. Шыршаны әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай не істерін білмей қиналады. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп түс көреді. Түсіне кемпір кіреді. Ол: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың 6 жасар жылқының жілігіндей екен. Енді оған сиырдың терісінен жасалған шанақ, қошқардың мүйізінен ойылған тиек, бесті биенің құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен»,-дейді. (қарағай, періште, нар атан, нар түйе, ортеке, айғыр)

Ә) «Ертеде бір қойшы жігіт болыпты. Сол жігіт биік төбенің қиясын, қалың жиденің арасын тұрақ еткен қасқыр-түлкіні аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып биік таудың қиясынан теңбіл ортеке атып алады да, оны етекке түсіру үшін ішек-қарнын ақтарып алып тастайды. Біраз уақыт өткеннен кейін аң аулауға бұрынғы жерге келсе, құлағына ызыңдаған дыбыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан ортекенің ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болуы керек, алма ағашының бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді...» (аңшы, тау, қарағай, марал, марал, марал, қарағай)

VІІ. Музыкалық басқатырғы.

Хорға қатысқан ұлдардың ¼-і, қыздардың 1/3-і айғайлап айтады. Әнді айғайлап айтатындардың барлық саны -8. Айғайлап айтатын қыздардың саны ұлдардан екеуі артық. Хорда барлығы қанша бала бар? (Барлығы 27. Ұл-12, қыз-15)

Сайыс қорытындысында ұпайы көп оқушы «Ойлы оқушы» атанады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Ойнай білмеген, ойлай білмейді" ән-әуез пәні үйірмесі

Автор: Жалғасбаева Света Жақсылыққызы

Дата: 16.01.2017

Номер свидетельства: 379875


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства