kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?н саба?ынан ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаба?шада?ы ортан?ы топтар?а арнал?ан о?у іс-?рекеті

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?н саба?ынан ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.


«Балдәурен» ересек тобы. 24.02.2016

Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 29.02.2016

Білім беру саласы: Шығармашалық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Бақшадағы ән- сауық»

Мақсаты: Музыкалық шығармашылыққа, қабілетттерін ұштауға баулу, әуенді тыңдап, сипатын ажыратуға үйретуді әрі қарай жалғастыру.

Көрнекілік: түрлі түсті шарлар мен залдың іші безендіріледі.

Сөздік жұмыс: қуыршақ мұңы, жас дәуір, түлек.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық-

қозғаушылық

«Біздің бала бақша» әні ойналып, балаларды залда қарсы алады.

Қанша бала,қанша қыз

Бір шоқ гүлміз баршамыз,

Ойын күлкі ортасы

Біздің балалабақшамыз!

Өлеңді айтып беріп, балаларға «Тату достар» әуеніне өз беттерінше би қимылдарын ойлап тауып, жұптасып билеуді ұсынады.

Балабақша туралы қандай тақпақ, өлеңдер білесіңде?

Балабақшада нені үйренесіңдер?-деген сұрақтар қою арқылы балабақша туралы әңгімелесу.

Аяғы бар жүгірмейді,

Ауызы бар,күлмейді

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді.

Бұл не?

Ойыншық қуыршақтарды алып,

Музыка тыңдау: «Қуыршақ мұңы» әуенін тыңдауды ұсынады.Әуенді тыңдатып, сипаты туралы сұрайды қуыршақтар туралы әңгімелеп беруін сұрайды.

«Қуыршақтар әуенін» тыңдатып екі әннің ерекшеліктерін сұрайды.

Дауыс жаттығуы: «Әлди-әлди» ән шырқайық орындалады. Дикцияның анық айтылуымен дауысты дыбыстарды ауызды "дөңгелете» айту әдісімен жаттықтыру.

Ән үйрету:

«Жас дәуірдің түлегіміз» әнін орындап мұқият тыңдауды ескертеді. Әннің мазмұны мен қысқаша таныстыру, көңілді, ойнақты әуеніне көңіл бөлу.

Әнді үйреткенде сөздерді анық айтуына бірге бастап, бірге аяқтауына назар аудару.

Қол ұстасып, өздері ойлап тапқан би қимылдарын жасайды.


Музыканың ширақ, ойнақты сипатын көрсете билейді.



Балабақша туралы өлең тақпақтар айтады.





Өз балабақшасы достары туралы әңгімелейді.





Шешуі:қуыршақ





«Қуыршақ мұңы» -мұңды, жабырқау. Әуенді тыңдап сезінеді,мағынасын түсінеді, әңімелейді.


Ойнақты, жеңіл музыкаға қуыршақтарын қозғап билетеді.

Дауыс жаттығуына қуыршақтарын ұйықтатып,әлдилейді.

Дауыстарын қатты және жай шығаруға дағдыланады.


Әннің көңілді жарқын сипатын сезініп, үйренеді.

Ырғағымен динамикасымен шапалақтап көрсету арқылы есте сақтайды.






Ұйымдастырушылық –ізденістік

Әуенді дидактикалық ойын. «Әуенді сағат» ойналады, өткен оқу іс-әрекетіндегі әндер ойналып, тыңдалып, ән мәтініне сәйкес бейнеленген суретті сағат тілімен көрсету.

«Әуенді сағат» үйлестірмелі карточкасын барлық балаға тарату. Ақ қала, жаңбыр, добым менің, аяз ата, қуыршақ т.б әндер орындалады.

Ойынды қызыға ойнап, ұйымшылдықпен белсене араласады.Балалар шапшаң қозғалуға, тез қимылдауға жүгіруге дағдыланады. «Құс қанаты», «Құс тұмсық» би элементтерін үйренеді.

Мәнерлеп орындайды.

Әндердә тыңдап, ажырата көрсетеді.

Үйренген әндерін еске түсіріп, әуенді сағатта бинеленген мазмұнынына сәйкес суретті тауып көрсету.


Рефлекциялық-түзетушілік

Сендер барлық өнер түрін балабақшада үйренесіңдер.

Сендерге балабақша ұнайма?

Сүйікті ойыншығың не?

Қандай өнер түрі ұнайды?

Жатқа білер дос атын

Күнде бізді тосатын

Балабақша-біздің үй

Басымызды қосатын.

Оқу іс әрекетін қортындылайды.

Балабақша, достары туралы тақпақ, өлеңдер, ән айтып сайысқа түседі.


Балалар сұрақтарға көңілді жауап беріп өз риашылықтарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әннің сипатын қабылдау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әуенге сай түрлі қимылдарды орындауы.

Игереді: музыка сипатына сай, әртүрлі «уенді ажыратуды, салыстыруды, жаңа әннің мәтіндік және музыкалық мағынасын түсінуді, «құс қанаты», «құс тұмсық» би элементтерін.

Меңгереді: өз беттерінше әуенге еркін қозғалуды, әуенді нақышына келтіре орындауды, екі түрлі сипаттағы әуенді салыстыруды, тыңдап сезінуді, әңгімелеуді.















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.


«Балдәурен» ересек тобы. 04.04.2016

Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 06.04.2016

Білім беру саласы: Шығармашалық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Жайлаудағы төлдер»

Мақсаты: музыканы тыңдап, сипаттарын ажырата білуге, әннің мәтініні бұзбай, дұрыс айтуға үйрету. Ойын арқылы балалардың эмоцияларын ояту.

Көрнекілік: бұзау, қозы, құлыншақ.

Сөздік жұмыс: сабырлы, көңілді, жігерлі.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық-

қозғаушылық

Жетекші балаларды көңілді қарсы алады. Амандасу жаттығуын айтуды ұсынады, дыбыстарды таза айтуға үйретеді.

Үнтаспада орындалған «Сәби күлкісі» әнімен балаларды залдың бойымен еркін жүруге, орындарында тұрып билеуге, өз жұптарын табуға үйретеді. Би ырғақтарын шумақ қайырмасына нақты келтіру керек, қимылдарды шатаспай есіне сақтау үшін сөзіне мән беріп, бірге қосыла айтып, қимылдарды жасауға үйретеді.

Балалар кіреді.

Амандасу жаттығуын айтады.

Балалар би қимылдарын еркін жасауға, жүруге өз орынына тұруға, өз жұптарын табуға тырысады.

Әннің сөзін тыңдап, есіне сақтауға, шумақтың, қайырманың қимылдарын білуге дағдыланады.







Ұйымдастырушылық –ізденістік

Б.Дәлденбай өңдеген «Хайләйлім» әнімен балаларды жайлауға баруға шақырады.

Құлындарым кісінеп,

Боталарым боздады.

Бұзауларым мөңіреп

Қойым ерте қоздады.

Балалрды жайлауға келдік, енді демалайық, -деп, музыкалық шығармалады тығдауға шақырады.

«Боталардың желісі» шығармасының сипатын түсіндіреді.

«Еркетайым» әні жылдам көңілді сипатта орындалады.

«Ана әлдиі» асықпай, сабырлы сипатта орындалады.





Жайлауға ұлдар мен қыздар қол ұстасып, ауыспалы адыммен жүріп билеп барады.



Шығармалады отырып тыңдайды.

Бірінші шығарманың сипаты жігерлі.

Екінші шығарманың сипаты көңілді.

Үшінші шығарманың сипаты сабырлы.

Рефлекциялық-түзетушілік

Балалардан қайда барғандарын сұрайды.

«Халәйләлім» шығармасының композиторы кім?

Шығармалардың сипаттары қандай болы?

Бүгін қандай ән үйрендік?


Жайлауға бардық

Композиторды тауып айтуға тырысады.

Сабырлы, жігерлі, көңілді.

«Шөжелерім», «Тұлпарым»


Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдап, сипатын ажыратуды. Әнді мәтінмен мәнерлеп айтуды.

Игереді: музыканы тыңдап, ойын арқылы төлдерді табуды.

Меңгереді: музыка әуенімен ауыспалы адым жасауды, «Шөжелерім», «Тұлпарым» билерін билеуді.

















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.


«Балдәурен» ересек тобы. 11.04.2016

Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 13.04.2016

Білім беру саласы: Шығармашалық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Құстар дауысы»

Мақсаты: музыканы тыңдап, жуан-жіңішке дыбыстарды ажырату. Әнді мәнерлеп айтқызу.

Көрнекілік: құс пен оның балапанының суреттері.

Сөздік жұмыс: қарқ-қарқ, бытбылдақ, бозторғай, көкек.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық-

қозғаушылық

Жетекші балаларды «Амандасу жаттығуын» айтып қарсы алады.

Көңілді әуен ырғағымен жұптасып жүруді үйретеді.

Өз орындарын тауып тұруға, ырғаққа байланысты жеңіл қимылдар жасай білуге үйрету.

«Құстар», «құстар шоқиды» әуенін тыңдап, құс сияқты ұшу жүруді көрсетеді.

Балаларға зал бойымен жүріп, ырғақты қимылдар жасауды, отырып тұмсықпен шоқуды, айналуды, аяқ ұшымен алға-артқа, оңға-солға қимылдар жасауды үйретеді.


Балалар залға кіреді.

«Амандасу жаттығуын» еркін айтуға тырысады.





Әуезді әуенмен қалықтап ұшуды, қанаттарын жоғары төмен майыстыра құс қимылдарын жасауға тырысады.




Ұйымдастырушылық –ізденістік

Музыка тыңдау: балаларды музыка тыңдауға шақырады.

Ән үйрену: «Кім қалай дыбыстайды?», «Бұлбұл», «Бөдене әні»

«Шөжелерім» биін қайталайды.

Ұлдардың қолдарына қамшы беріп, «Тұлпарым» биін үйретеді.

Балалар құстардың сайраған дыбыстарын сезінуге тырысады.

Балалар жуан жіңішке дыбыстарды түсінуге тырысады.

Қыздар би қимылдарын айтуға тырысады.

Ұлдар би үйренуге талпынады.

Рефлекциялық-түзетушілік

Жетекші балалардан қандай дыбыс тыңдағандарын сұрайды.

Құстың дауысы қандай?

Балапанның дауысы қандай?

Балаларды мақтайды, қоштасады.

Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдап, жуан-жіңішке дыбысиарды ажыратуды.

Игереді: дидактикалық ойынды текше арқылы ажыратуды.

Меңгереді: музыканы тыңдап, би қимылдарын жасауды.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.


«Балдәурен» ересек тобы. 02.05.2016

Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 04.05.2016

Білім беру саласы: Шығармашалық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Әуенді сандықша»

Мақсаты: музыкаға қызығушылығын арттыру, түрлі сипаттағы «ндерді орындауға үйрету, музыкалық фразалар арасына тыныс алуға, әуенге сәйкес би жанрларын ажыратуға баулу. Би қимылдарын ауыстыра білуге, аспаптарда ырғақты сезіне ойнауға үйрету.

Көрнекілік: ғажайып сандықша, сылдырмақтар, бубендер, жұмсақ ойыншықтар, қуыршақтар.

Сөздік жұмыс: сандықша, полька, вальс, марш.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық-

қозғаушылық

Балаларды көңілді қарсы алып, «Серуендейміз, демаламыз» әуеніне қыдыруға шақыру.

Қол ұстасып, зал ішінде еркін жүргізу. Әуен соңында тоқтап, шеңбер бойымен тұруларын сұрайды.

Ал, кәнекей тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Балалрға сандықшаны ашып, ішінен аспаптарды алады.

Аспаптарды алайық,

Біз оркестр құрайық,-деп «Барабаншы» әуеніне аспаптарда ойнауға үйрету.

Балалар қол ұстасып, зал ішінде еркін жүріп қыдырады.



Шеңбер құрып.





Сандықшаны көріп, қызығушылықтары артады.

Қалаған аспаптарын алып, оркестрде ойнауға дайындалады.

Әуенді, ырғақты сезіне отырып, аспаптарда ойнады.



Ұйымдастырушылық –ізденістік

Жарайсыңдар, балалар!

Енді аспаптарды жинайық, отырып демалайық! Жайғасып отырыңдар.

Әуенді сандықшаны ашып көрейік. Сандықша ашылып, әсем әуен естіледі.

Педагог сандықшаға құлағын тосып тыңдағандай болады.

Балалар,ғажайып сандықша «Әуенді тыңдап, ажырат»-деген тапсырма ұсынды. Әуенді мұқият тыңдап, сипатын анықтайық.

Музыка үйрену: «Жан сырым» әнін орындап,мұқият тыңдауларын сұрайды. Ән мазмұнын әңгімелеп, сипатын анықтауға ықпал етеді.

Әнді екінші рет орындап, ән әуеніне қосылуды және шапалақпен ырғақты көрсетуді сұрайды. Тағы да ғажайып сандықшаны ашып, әуенді тыңдатады.

Балалар аспаптарды жинайды,жайғасып отырады.




Сандықшаның әуенін тыңдап, елеңдейді.







Көңілді әнді тыңдап, мәтінін түсінуге тырысады.

Ән туралы әңгімелеп, өз ойларын білдіреді.

Рефлекциялық-түзетушілік

Ғажайып сандықша қандай тапсырмалар берді?

Әуені қандай екен?

Бүгін сендерге не ұнады?

Қойылған сұрақтарға көңілдене жауап береді, өз ойларын білдіріп, әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: түрлі сипаттағы әндерді орындауға, фраза арасында тыныс алуды, би жанрларын ажыратуға.

Игереді: сылдырмақ, бубен, қоңырау аспаптарына әуенге ілесе ойнауды, ойыншықтарымен қимыл-қозғалыс жасауды.

Меңгереді: әнді хормен айтуды, әннің сипатын беруді, ән ырғағын шапалақпен көрсетуді.

































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.


«Балдәурен» ересек тобы. 11.04.2016

Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 13.04.2016

Білім беру саласы: Шығармашалық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Ауылдағы той»

Мақсаты: әуеннің түрлі бөлімдерін ажырата білуге, дыбыс биіктігі мен тембрін ажыратуға дағдыландыру, күйді тыңдап, сезіне білуге баулу. Әуенге сай би қимылдарын ауыстыра білуге үйрету.

Көрнекілік: ұрмалы музыкалық аспаптар, аттың басы бейнеленген ойыншық таяқша-ат.

Сөздік жұмыс: күй, той.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық-

қозғаушылық

«Кеңес» күйі ойналып, педагог балаларды қарсы алып, ауылға, тойға баруға шақырады, балаларға шеңбер бойымен жүруді ұсынады. «Колхоздағы той» әуеніне қыздарға асатаяқта ойнап, ұлдарға «атпен» шабуды ұсынады.

Ұлдарға ат беріліп қыздардың қолына асатаяқ беріледі.

«Колхоздағы той» әуеніне қыздар асатаяқта ойнап, ұлдарға атпен шабуды ұсынады. Әуен екінші рет ойналғанда ұлдарға отырып, қол шапалақтау ұсынылады.

Ал қыздарға асатаяқпен би қимылдарын көрсетіп, үйретеді.

Балалар күйді тыңдап, шеңбер бойымен қалыспай жүруге үйренеді.


Ұлдар қуана «аттарға» мінеді, қыздар аспаптарды алады.









Қыздар залдың екі жақ шетінде тұрып, асатаяқта ырғақты келтіре ойнайды.

Ұйымдастырушылық –ізденістік

Балалар, тойымызға сән беретін әндер мен күйлерді тыңдауға шақырамын.

Музыка тыңдау: «Айжан қыз», «Қамажай», «Хайләйлім» әуендері орындалады. Балаларға әуендердің түрлі сипаттарын ажыратуды ұсынады.

Ән айту: «Домбыра» әнін қайталау.

«Еркем-ай» әнінің әуенін ойнайды. Әуен ырғағымен аспаптардың өз ретімен ойнауды қадағалайды.

Балалар күйді, әуендерді тыңдап, әсерленеді.


Түрлі сипаттағы әуендерді қызыға тыңдайды, екпінін ажыратып, әңгімелейді.

Аспаптардың үндестігін тыңдап, ойнауға талпынады.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қандай ән, күйлер тыңдадық?

Кімге қандай ән ұнайды?

Музыкалық аспаптардың қайсысын ұнатасыңдар?-деп сұрақтар қояды.

Қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әннің түрлі бқлімдерін және дыбыс биіктігін ажыратуды, әнді жеке және хормен мәнерлеп айтуды.

Игереді: ұрмалы ұлттық аспаптардың үндестігін тыңдап, бірігіп оркестрде ойнауды.

Меңгереді: ауыпалы әуенге сай би қимылдарын көрсетуді, әнді сипатына, көңіл күйіне сәйкес орындауды.

























































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталар


«Балдәурен» ортанғы тобы 25.04.2016

Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 27.04.2016

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Сылдырмақ»

Мақсаты: Сылдырмақты ырғаққа сай сылдырлатып үйрену, музыка әуеніне сай қимыл жасауға дағдылану.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сылдырмақтар салынған, безендірілген қорап.

Сөздік жұмыс: сылдырмақ, сылдыр-сылдыр, әні, сәні, әдемі.

Оқу іс-

әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Үнтаспада «Айгөлек» әні орындалып, балалрды көңілді қарсы алады.

Музыка жетекшісі балаларды көңілді серуенге шақырып, қол ұстасып жүрулерін сұрайды.

«Серуендейміз, демаламыз» әуені ойналып, 1-бөлімде қол ұстасып зал ішінде еркін жүрулерін қадағалайды. Әуеннің 2-бөлімінде бір орында тұрып, қол шапалақтайды.




Қуанышты көңіл күймен өз еріктерінше еркін қимылдап, билейді.

Балалар зал ішінде жұптаса, шашырап жүріп «серуендейді».

Ырғақты тыңдап, бірге шапалақтауға талпынады.

Ұйымдастырушылық-ізденеістік

Ән аяқталысымен залдың безендірілген қорап әкелініп, балалардың көңілін аударады.

Балалар, мынау әдемі қорапта не бар екен? Келіңдер, бірге ашып көрейік,-деп балалардың қызығушылығын аттырады.

Музыка жетекшісі қораптан сылдырмақтарды алып.

Қызыл, жасыл сылдырмақ

Үн қатады сылдырлап,-деп, қозғап, ойнап көрсетеді.

«Сылдырмақты серуен»

Сылдырмақты алайық,

Әсем әнге салайық!

Ән тыңдау: «Сылдырмақ»

Әннің 1-шумағын қайталап, балалардың сылдырмақты ырғақпен соғып кетулерін талап етеді.

Әннің шумағында балаларға сылдырмақтарын жерге қойып, қолдарымен беттерін жабуды ұсынады.

Ортада әлі ойын бар,

Кәне, шыға қойыңдар!-деп әндетіп, балаларды келесі ойынға шақырады.

«Сылдырмақпен ойын» педагогтің көрсетуімен ұйымдастырылады. Екі бөлімді әуенге өз еріктерімен қимылдарды ауыстыра білуге үйретеді. Балаларға ойын соңында шығыршықтарға кіріп, жасырынып үлгерту керек екенін түсіндіреді. Ойынды екі рет қайталауға болады.




Балалар қораптағы затты көрмек болып, қызығып, жақын келеді.

Балалар қуанып, қызығушылықтары артады, көңілдене түседі.

Педагогтың қимылын қайталайды, бірге жасауға талпынады.

Ұнатқан сылдырмақтарын таңдап алып, көреді, сілкіп дыбысын шығаруға тырысады.

Әуенді ұйып тыңдап, қосылып айтуға әрекеттенеді.

Ырғақты сезіне сылдырмақты сілкіп ойнап, шатанады.

Балалар тізерлеп отыра қалып, беттерін жауып жасырынады.



Шеңбер бойымен тұруға талпынады.

Сылдырмақтарын жоғары көтеріп, сілкіп ойнап, зал ішінде шашырап жүреді.

Арқаларына жасырып, ақырын басып ортаға жиналады. Әуен соңында шығыршықтарға тығылады.

Рефлексиялық –

түзетушілік

Апайларды тыңдаймыз,

Сылдырмақты жинаймыз!-деп, балаларға сылдырмақтарды қорапқа салуға көмектесулерін сұрайды.

Сылдырмақтың дауысы қандай?

Бүгінгі серуен ұнадыма?

Сұрақтар қойып, балалардың сөйлеп, жауап беріп дағдылауына ықпал етеді.

«Серуендейміз, демаламыз» ойналып, балалар қол ұстасып шығады.

Балалар сылдырмақтарды қорапқа салады.




Сылдыр-сылдыр.

Иә, ұнады.




Балалар қол ұстасқан күйі көңілдене шығып кетеді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: екеуден қол ұстасып жүруді, айналуды, көппен бірге әнге қосылуы.

Игереді: жылдам және жай әуендерді ажыратуды, әртүрлі сипаттағы әндерді әуенімен жеке және хормен айтуды.

Меңгереді: сылдырмақты ырғақпен сілкіп, қозғап ойнай алуды, ауыспалы әуенді тыңдай бәлуді.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
?н саба?ынан ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті

Автор: Аубакирова Жанат Алмазовна

Дата: 24.05.2016

Номер свидетельства: 329897


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства