kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Нотаны бірден о?ып, ойнап кету ж?не ансамбль саба?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар саз мектебіні? домбыра класыны? 2 класс о?ушысымен ?ткен саба? жоспары. "Нотаны бірден о?ып, ойнап кету ж?не ансамбль саба?ы" та?ырыбында ?ткен саба?та о?ушы?а нотаны бірден о?ып, ойнап кету т?сілдері ?йретіліп, ансамбль с?зіне т?сінік беріледі. Арнайы маманды? класында о?ушыны нотаны о?ып т?рып бірден орындау?а ?йрету негізгі ма?саттарды? бірі болып табылады. Б?л ?шін о?ушы?а шы?арманы? т?тас игерумен ?атар, онда?ы сан-алуан динамикалы? белгілерді, дыбыс сапасына ?сер ететін штрихтарды, ыр?а?тарды ж?не т.б. бірден танып-сезініп орындауы ?йрету керек. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Нотаны бірден о?ып, ойнап кету ж?не ансамбль саба?ы" »

Сабақ тақырыбы: «Нотаны бірден оқып,ойнап кету және ансамбль сабағы»

Білімділік мақсаты: Оқушыға нотаны бірден оқып,ойнап кетуге үйрету

және ансамбль дегенді түсіндіріп,ойнату.

Дамытушылық мақсаты: Музыкалық шығармалар арқылы оқушының ой-

өрісін дамытып,музыкалық қабілеттерін:есте

сақтау,есту,ырғақты қабылдау және музыкалық

сауаттылығын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыға музыкалық білім беру арқылы ,баланың

эстетикалық талғамын тәрбиелеу.


Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Оқушының үйге берілген бағдарламасын тексеру, пысықтау.

ІІІ.Сабақта өтілетін бағдарламамен жұмыс жасау.

ІҮ.Бекіту.

Ү.Үй тапсырмасы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушымен амандасу.Аспаптың бұрауын келтіру.Оқушының назарын сабаққа аудару.

Жаттығулар:№21-24 орындату.

ІІ.Оқушының үйге берілген тапсырмаларын тексеру,пысықтау.

1.И.Хабибулин «Этюд»

2.А.Даргомыжский «Казачок»

3.Дәулеткерей «Қыз Ақжелең»

1. Сұрақ-жауап алу.

-Этюд дегеніміз не?

-Этюд машықтану мағынасын білдіреді.Этюд музыкалық аспаптарда орындалатын оң қол және сол қол техникасын өсіру үшін шағын шығарма.Кейбір этюдтер өз алдына дербес көркем шығарма ретінде де қабылданады.

Енді И.Хабибулин «Этюдты» өз екпінінде ойнап бер.

2.А.Даргомыжский :»Казачок» қайталау,пысықтау.

-Домбыра тарту өнерінің бір саласы күй болса,екінші саласы қандай?

-Екінші саласы фортепиано сүйемелдеуімен орындалатын шығармалар.

-Енді осы А. Даргомыжский «Казачок» шығармада қандай штрих кездеседі?

-Тремоло штрихы.Тремоло итальян сөзі tremolo- дірілдеу деген мағынаны білдіреді,бір немесе бірнеше дыбыстың өте жиі қолдануы.Ол дыбыстың ұзақ ұстап тұру үшін немесе әуенді әрлеу үшін қолданылады.


-Негізгі қанша түрі бар?

-Негізгі екі түрі бар.

1.Жеке сұқ саусақпен орындалатын тремоло.

2.Сұқ саусақпен бармақ арқылы ойналатын тремоло.

Енді А. Даргомыжский «Казачок» шығармасын орындап бер.

3.Дәулеткерей «Қыз Ақжелең» қайталау.

-Күй дегеніміз не?

-Күй дегеніміз-домбыра.қобыз,сыбызғы т.б. халық асаптарында орындалатын музыкалық жанр,Орындалу мәнеріне қарай екі топқа бөлінеді,Төкпе күй және шертпе күй.

-Дәулеткерей «Қыз Ақжелең» қандай мәнерлі күйге жатады?

-Төкпе күй мәнеріне жатады.

Енді Дәулеткерей «Қыз Ақжелең» екеулеп орындап көрейік ,жәй екпінде,одан өз екпінінде.

ІІІ. Сабақта өтілетін бағдарламамен жұмыс жасау.

Бүгінгі сабақтың негізгі оқушыға нотаны бірден оқып,ойнап кетуіне үйрету және ансамбль дегенді түсіндіріп,ойнату.

Арнайы мамандық класында оқушыны нотаны оқып тұрып бірден орындауға үйрету негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.Бұл үшін оқушыға шығарманың тұтас игерумен қатар, ондағы сан-алуан динамикалық белгілерді,дыбыс сапасына әсер ететін штрихтарды,ырғақтарды және т.б. бірден танып-сезініп орындауы үйрету керек. Ол үшін баланың орындауына ә дегенде жеңіл шығармалар ұсынып,ойнату керек. Орындап отырып оқушы өз екпініне жақындата,кідіріс жасамай ойнайтындай дәрежеге жетуі керек. Оқушы шығарманың формасын,өзіндік сипатын бірден байқап,орындау кезінде алдағы бірнеше тактіні өзі көріп отыратын,мелодияны іштей ести білудің,мәнін түсінетін болуы қажет.Ол мамандық сабағына қоса музыкалық-теориялық сабақтарды да бағдарлама талаптарына сай меңгеруге тиіс.

1.Қазақтың халық әні «Санамақ»

2.Қазақтың халық әні «Соқыр теке»

3.Беларус халық әні «Перепелочка»

Осы шығармаларды оқушыға класта ойнату.

Әр оқушы нота текстін өздігінен тез,әрі сауатты оқи білуі, мұғалім оқушымен ансамбль ойнауы қажет деп ойлаймын.

Ансамбль дегеніміз.Музыкалық шығарманың бірігіп орындауы ансамбль, француз сөзінен ensemble-аударғанда бірге деген мағынаны білдіреді.Ансамбль құрамындағы әр орындаушының өзіндік жеке әуен-сазы болады.Орындаушының санына байланысты ансамбль мынадай түрлерге бөлінеді.

Дуэт-екі орындаушы

Трио-үш орындаушы

Квартет-төрт орындаушы

Квинтет-бес орындаушы

Секстет-алты орындаушы

Септет-жеті орындаушы

Октет-сегіз орындаушы

Нонет-тоғыз орындаушы

Дицимет-он орындаушы


Домбыра,фортепиано,қобыз және түрлі ансамбль,оркестр,хорларға арналған шығармалар екі немесе одан да көп нота желілеріне жазылады.Осы нота желілерінің басын қосатын сызықты акколада француз сөзінен accolade- біріктіру деген мағынаны білдіреді. Оның түзу сызықты және бейнелі сызқты акколада дейтін екі түрі бар.

1.Қазақтың халық әні «Қарлығаш»

2.Қазақтың халық әні «Әлди-әлди»

3.Қазақтың халық әні «Еркем-ай»

І-партияны оқушы орындайды.

ІІ-партияны мұғалім орындайды.

Ансамбль ойнаған оқушы дыбыс үндестігін,әр түрлі партияның көркемдігін сапасына айрықша сезімтал болуға үйретеді.Сонымен қатар,оқу жоспарына қосылып күй тартуды да енгізу қажет деп білем.

ІҮ.Бекіту

Оқушының нотаны бірден оқып,ойнап кету,ансамбль ойнау шеберлігі,шығармашылығына көп әсер беріп,біртіндеп сатылап өсіреді.Оқушымен сабақта өткенді қайталау.

Ү.Үй тапсырмасы

1.И. Хабибулин «Этюд» жаттау

2.А. Даргомыжский «Казачок» тремоло штрихына дайындалу,жаттығулар ойнау

3.Дәулеткерей «Қыз Ақжелең» күйін жаттау

4.Ансамбль шығармаларын: қазақтың халық әні «Қарлығаш», Әлди-әлди», «Еркем-ай» І-ІІ партияларын ойнап келу.

































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Нотаны бірден о?ып, ойнап кету ж?не ансамбль саба?ы"

Автор: Толегенова Акмарал Баймухановна

Дата: 18.10.2015

Номер свидетельства: 240942


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства