Просмотр содержимого документа
«Нота сауаты. оң, сол қол қойылымдарымен жұмыс.»
Бөкей Ордасы ауданы білім беру бөлімінің аудандық балалар музыка мектебі
АШЫҚ САБАҚ
«Нота сауаты. Оң,сол қол қойылымдарымен жұмыс»
Өткізген: Қобыз сыныбының оқытушысы
Бисембаева Жасмина Ерланқызы
2025 жыл
Сабақтың тақырыбы: «Нота сауаты. Оң,сол қол қойылымдарын жұмыс»
Сабақтың мақсаты: Оқушының қол қойылымдарын дұрыс қою.Аспапта таза ойнауын қадағалау. Аспапты еркін игеру,нота сауатын жетілдіру. 1,2 сыныптар арасында ансамбль құру.
Білімділік: Білім алушыларды халық музыкасымен, дәстүрлі қазақ музыкасының негізгі жанрларымен таныстыру, білімін арттыру, музыкалық танымдарын арттыру.
Дамытушылық: Білім алушылардың өз ойларын жеткізу қабілеттерін арттыру,музыкалық қабілетті, төзімділікті дамыту.
Тәрбиелілік: Эстетикалық тәрбиелерін қалыптастыру. Көркемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Қабілетті дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті.
Амандасу. Психологиялық ахуал тудыру.
1-сыныпқа арналған жатығу ойнау. Әр дыбыс пен штрихты дұрыс ойнау. Үй тапсырмасы Б.Ғизатов «Біз өмірдің гүліміз» шығармасын ойнату. Оң, сол қол қойылымдарын қойып, қобызды ойнату. Ысқышты дұрыс жүргізуін,орнында тұруын қадағалау. Ашық соль, ре, ля,ми ішектерінде ысқышты жүргізіп,аспапта ойнайды. Нота ұзақтығы мен паузаны карточка көресту арқылы сәйкестендіру.
Сергіту сәті.
Жаңа мәліметті түсіну.
Динамикалық белгіні түсіндіру. Карточка арқылы жазылуларын көрсету. Ойналуын қобыз аспабында ойнау арқылы түсіндіру.
Халық әні «Ләтипә» шығармасының ноталарымен танысу. 8 тактіні талдау.
Әр оқушыға бірінші нотаны айтқызып, содан кейін ойнау.
Ысқышты оң қолмен дұрыс ұстау қобызшының алғашқы үйренер тәсілінің бірі. Ертеде ысқышты оң қолдың алақанымен ұстайтын яғни қазіргі контрабас смычогын неміс тәсілімен ұстағандай. Мысалы, қарындашты ысқыш орнына ұстап үйрену. Ысқышты он қолдың барлық саусақтарымен бос ұстау керек. Басбармақ жартылай бүгіліп, тырнақ ұшымен таяқшадағы тұтқаны аздап тиіп тұрады. Ысқыштың тұтқа жағында ойнаған кезде басбармақ сәл бүгіліп тұрады, ал ысқыштың ортадан ұшына дейінгі қозғалысына қарай ол жүргізіледі. Басбармақты қатайтып ұстауға болмайды, себебі аспапта ойнағандықтан оқушының қолы шыршағыш болады. Сондай–ақ басбармақтың үнемі бүгіліп тұрғандығынан басқа саусақтар да қатайып, тырысып қалады. Саусақтардың еркін болуы штрихтарды орындағанда және ысқышты ауыстырғанда жеңіл көмекші қозғалыстарды жүзеге асыру үшін өте маңызды. Бұндай еркіндікке қол жеткізу үшін, яғни басбармақ басқа да таяқшадағы саусақтардың жиынтығында өте қозғалмалы болуы ысқыштың кез–келген бөлігінде емін–еркін жылжуына байланысты. Егер басбармақты белгілі бір қалыбында ұстап қалса, онда барлық саусақтар өз қимыл–қозғалысында шектеліп қалады. Демек, басбармақ басқа да саусақтардың ысқыштағы емін–еркін қозғалысына өзінің әсерін тигізеді. Осындан келіп, басбармақтың икемді және жұмсақ болып, таяқшаны қатты қыспауы қажет екенін білуге болады. Ышқышты ұстай білу, оны ішекте жүргізу арқылы дыбыс шығару, оң қол мен сол қолдың дұрыс қойылуын үйрету бірте-бірте жүзеге асатын күрделі жұмыс. Оқушының қобыз тартып уйрену кезінде денені босатып, иық пен шынақтарын дұрыс ұстап, қол буындарын жұмсақ иілтіп, ішек үстінде еркін әрі батыл жүргізуін мұғалім үнемі қадағалап, түзетіп отыру қажет. Ысқышты оқушыға дұрыс ұстап жүргізу тәсілдерін үйрету үшін, алдымен оқушыға оның жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөліктері болып үшке бөлінетіні жайлы айтып түсіндіру керек. Ысқыштың үстіңгі жағы сәл иіліп келген ағаш таяқша,оның астыңғы жағында жарыса,жылқының біркелкі құйрық қылы керіледі.Таяқшаға бекітілген қылды тиісінше қатайтып не босаңсытып ұстап тұратын бұрандалы тетігі(қалып) болады. Оң қолдың дұрыс қойылуын үйретуде бірінші,екінші,үшінші,төртінші саусақтардың буындарының икемділігін қалыптастыру үшін төрт саусақты төмен иілтіп,жоғары көтеріп,ысқышсыз жаттығу жасау керек. Сол қолдың алақанына қарандашты қойып,оны оң қолымен көтеріп алып көрсету арқылы да ысқышты ұстау тәсілін оңай үйретуге болады. Ысқышты ұстағанда оң қолдың алақаны төмен қаратылып,ортаңғы саусақ бас бармаққа қарама-қарсы келіп,ысқыштың сабын (қалыбын) қысып тұрады. Қалыптың ағашы сұқ саусақтың бірінші буынында орналасады да, ортаңғы саусақтан кейінгі үшінші саусақ оған көмекші қызмет атқарады.Төртінші-ең кіші саусақ қалыптың үстінде дөңгелене иіліп ысқышты төмен басып,оны ішектің үстінде түзу жүргізуге септігін тигізіп тұрады.
Сергіту сәті. Асық арқылы оқушылардың ырғағын жетілдіру. Саусақ моторикасын дамыту.