Пән мұғалімі: Ахметқали А.Б.
Сабақтың тақырыбы | «Әнін көкке қалықтатқан – Ғарифолла Құрманғалиев» |
Мақсаты | Ғарифолла Құрманғалиевтің шығармашылығымен танысу. |
Міндеттері | Мұхиттың «Үлкен айдай» әнінің шығу тарихымен танысу. Ән айту қабілетін, музыкаға деген қызығушылығын дамыту. Адамгершілікке, ұжымдыққа, дос болуға тәрбиелеу. |
Оқытуда күтілетін нәтижесі | Ғарифолла Құрманғалиевтің шығармашылығын білді. «Үлкен айдай» әнін білді. Дауыс ояту жаттығуларын білді. Әнді өздері еркін айтты. |
Сабақ түрі | Жаңа сабақ, ашық сабақ. |
Сабақта қолданылатын 7 модульдің идеясы | -сыни ойлауға бағыттау -АКТ-ды пайдалану -оқыту мен оқу үшін бағалау. -оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдер. |
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс - әрекеті | Ұйымдастыру | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру | Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару. -Балалар, мына түрлі түсті ноталарды таңдау арқылы топқа бөлінеміз. Әртүсті нотаның өз кілті бар, сол кілт сәйкес келсе, сол орынға отырамыз. | Оқу – құралдарын дайындау, тақырыпқа байланысты топқа бөлінеді. | Психологиялық дайындық: Армысың сен әлем, Армысың сен жарық күн, Армысың, армысың Абзал адам армысың! Здравствуй, мир Здравствуй, свет Здравствуй, добрый человек! | Формативті | Интербелсенді тақта Слайдтар |
Өткен тақырыпты Берілген тапсырманы тексеру | -Үйге қандай тапсырма берілді? - Халық әні «Құралай» Ал, олай болса, 1 топ – әннің бірінші шумағын, 2 топ – қайырмасын, 3 топ –екінші шумағын, 4 топ – ырғақпен (қолды шапалақтау арқылы) -Жарайсыңдар! Қане, енді бәріміз бірге қайталайық. -Әннің аты? - Әннің авторы? | Тақырып бойынша білімдерін ортаға салады. Бір – бірінің жауабын толықтырады. -Құралай -Халық әні | Топпен жұмыс | Формативті мұғалім тарапынан түзетулер қолдау мадақтау өзін – өзі және өзара бағалау | Интербелсенді тақта |
Кіріспе Ой толғау Сергіту | 1.Жаппас неше жасынан домбыра тартуды үйренеді? 2.Қобыз күйлерін Жаппас кімнен үйренген? 3. Жаппас кімдердің күйлерін сақтап жеткізген? | Бір – бірінің жауабын толықтырады. | Топпен жұмыс | Мұғалім қойған сұрақтарға нақты жауап алуға ұмтылуы. | |
Жаңа сабақ | Жаңа сабақ «Әнін көкке қалықтатқан – Ғарифолла Құрманғалиев» тақырыбын түсіндіру. Батыс өңіріндегі әншілік дәстүр өкілдері жайлы мағлұмат беру. Ән тыңдау. Мұхиттың әні «Үлкен айдай». Көңіл – күйді еске түсіру. Әннің көңіл – күйі қандай? -Ал, онда мен әр топқа жеке – жеке сұрақ қоямын. Дайын болыңдар! 1 топқа Ғарифолла кім? 2 топқа Мұхит әндерін бізге жеткізген кім? 3 топқа Мұхиттың қандай әнін білесіңдер? 4 топқа Үлкен айдай әні қалай шықты? | Мұқият тыңдау. Жақсы Түсіндірілген мәліметтер бойынша сұрақтарға нақты жауап береді. | Балалар, енді біздің бүгінгі өтетін әніміз «Дос болайық бәріміз». Сонымен, енді балалар, сендерге тапсырма 1.«дос» деген ұғымды қалай түсінесіңдер? -Мен әр топқа парақ беремін сол параққа өз түсініктерің бойынша дос дегенді қалай түсінеміз соны жазып, болған соң, тақтаға шығып, қорғаймыз. (әр топқа парақтар үлестіріледі) Постер құру - 2 тапсырма: «Достық» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды бір ғана суретпен бейнелеп беру, 1 минут уақыт беріледі. (әр топқа тағы да парақтар үлестіріледі) - 3 тапсырма: 5 саусақты қолғап беремін, ол қолғапқа алдарыңызда тұрған ұзын парақшаларға өздеріңіздің тобыңыздағы достарыңыздың есімін жазып саламыз. -Яғни, бұдан шығаратын қорытынды: «Бес саусақ бірікпей, ине қолға ілікпейді». Жарайсыңдар, балалар! Сергіту сәті: | Мұғалім қойған сұрақтарға жауап беру. | Постер маркер магнит 5 саусақты қолғап кесілген парақтар |
Әнді үйрену | Әнді тыңдап алайық. И.Нүсіпбаевтың «Дос болайық бәріміз» әні. Ән көтеріңкі көңіл күйде орындалады. «Дос болайық бәріміз» әнін үйренейік. | Әнді үйрену «Дос болайық бәріміз» Әні: И.Нүсіпбаев Сөзі: Х.Талғаров 1. Әрқашан дос біргеміз, Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер. Ту ғып ұстап бірлікті, Еңбекті сүйіңдер. Қайырмасы: Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. | Дауыс ояту жаттығуы: До-ре-ми-фа-соль-ля-си-до; до-си-ля-соль-фа-ми-ре-до. До - до– ре- до. До-ре-ми-ре-до.. До-ре-ми-фа-ми-ре-до. До-ре-ми-фа-соль-фа-ми-ре. До - соль, до – соль, до. | Дауыстарын ояту | баспалдақ |
Ой толғаныс | Ой толғаныс 1. Ғарифолла неше жасынан бастап домбыра тартып, ән салады? 2. Ғарифолланың ұстазы кімдер? 3. Ғарифолланың шәкірттері кімдер? 4. Мұхит кімнен бата алған? 5. Не ебепті Мұхиттың әні «Үлкен айдай» аталып кеткен?
| Сұрақтарға жауап беру | Енді ,сабағымызды қорытындылау үшін, мен тақтаға мынадай сурет салдым сол суретке әрбір топ ақылдасып, бір ғана сөзбен «Дос» сөзінің мағынасын ашып, жазамыз. ДОС Өздеріңнің сабақтан алған әсерлеріңді стикерге жазып, тақтадағы себетке апарып ілу. | | маркер магнит |
Бағалау | Мұғалімтоптық және жұптық жұмыс арқылы кейбір оқушыларды жекелей бағалайды. Сабақтың мақсатына орай қандай нәтижеге жеткенін қол жеткенін, өзін – өзі бағалайды. | Ғарифолла Құрманғалиевтің шығармашылығын білді. «Үлкен айдай» әнін білді. Дауыс ояту жаттығуларын білді. Әнді өздері еркін айтты. | | Критерийлер бойынша топтар өзін – өзі бағалайды. | Өзін – өзі және өзара бағалау. |
Үйге тапсырма | Ғарифолла Құрманғалиев оқып келу. И.Нүсіпбаевтың «Дос болайық бәріміз» әнін жаттап келу. «Дос» туралы 5 жол өлең шығарып келу. |
Рефлексия | Стикерге: келесі сабаққа ұсыныс пікірлер. Талап тілектер. |