Саба?ты? ма?саты: Баланы ??діретті музыка ?леміне жетелеп,музыка ты?дау?а,?н айту?а баулу. Саба??а деген ?ызы?ушылы?ын тудыру.Музыкалы? іс-?рекет ар?ылы (эмоциясын) ояту.
Саба?ты? міндеті:1.Музыка ты?дау,?н айту ережелерін ?йрету. 2.?з ойын еркін жеткізе с?йлей білуге ?йрету.Есту есте са?тау ?абілеттерін дамыту.3.Отанды с?юге,мейірімділікке адалды??а т?рбиелеу.
Саба?ты? барысы: Саба? ??рман?азы Са?ырбаев к?йіні? ?уенімен басталады. М??алім ал?аш?ы музыка саба?ын к?й атасы ??рман?азыны? ас?а?,шабытты, шат к??ілді к?йімен бастап жа?сы тілектер айтып, балалармен жа?сы байланыс орнатып,психологиялы? дайынды? жаса?аны ж?н.
Музыка ты?дау: «?н саба?ы ».Музыкасын жаз?ан К.?уатбаев
Біз б?гінгі музыка саба?ында та??ажайып музыка ?леміне сая?атымызды бастаймыз, -деп о?улы?та?ы шартты белгілермен таныстыру, оларды? міндеттерін т?сіндіру.
Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«?н айтамыз, ойнаймыз ж?не о?имыз»
Алматы облысы,Панфилов ауданы ,Қожбанбет би атындағы орта мектептің музыка пәні мұғалімі Абидоллаева Мерует Әшімқызы
1 сынып . 1 тарау Музыка әлеміне саяхат
Сабақтың тақырыбы : Ән айтамыз,ойнаймыз және оқимыз.
«Менің Отаным» Ө.Байділдаев –үйрену .
Сабақтың мақсаты : Баланы құдіретті музыка әлеміне жетелеп ,музыка тыңдауға ,ән айтуға баулу . Сабаққа деген қызығушылығын тудыру .Музыкалық іс-әрекет арқылы (эмоциясын ) ояту.
Сабақтың міндеті :1.Музыка тыңдау,ән айту ережелерін үйрету . 2.Өз ойын еркін жеткізе сөйлей білуге үйрету .Есту есте сақтау қабілеттерін дамыту .3.Отанды сүюге ,мейірімділікке адалдыққа тәрбиелеу .
Сабақтың барысы: Сабақ Құрманғазы Сағырбаев күйінің әуенімен басталады . Мұғалім алғашқы музыка сабағын күй атасы Құрманғазының асқақ ,шабытты, шат көңілді күйімен бастап жақсы тілектер айтып , балалармен жақсы байланыс орнатып ,психологиялық дайындық жасағаны жөн .
Музыка тыңдау: «Ән сабағы » .Музыкасын жазған К.Қуатбаев
Біз бүгінгі музыка сабағында таңғажайып музыка әлеміне саяғатымызды бастаймыз , -деп оқулықтағы шартты белгілермен таныстыру, олардың міндеттерін түсіндіру .
Оқулықтың беттеріндегі суреттермен таныстырамыз. Көрнекіліктермен ,аспаптармен аспаптардың суреттерін көрсетеміз. Ой қозғау сұрақтар қою арқылы музыкаға қызығушылығын оятамыз . балалардың пікірлерін тыңдаймыз .
Оқулықпен жұмыс. Сурет бойынша шағын ңгіме ұйымдастаралады : 1.Біздің Отанымыз қалай аталады ? 2.Қазақстанның табиғаты қандай ? 3.Саған туған жеріңнің табиғаты несімен ұнайды ? 4.Суреттен кімді көріп тұрсың ,оның қолында қандай аспап бар ? «Оқы ,немесе оқып бер » бөліміндегі мәтін оқылады .
Сергіту сәті : Қимылдар жасау арқылы ,әуенге билеу .
Алғашқы сабақтан бастап ақ оқушыларға ән айту ережелері түсіндіріледі .
Ән үйрену : Ө.Байділдаевтің «Менің Отаным » әні – көңілді ,шат сезіммен ,асқақтата ,орташа екпінде орындалады . Әннің мазмұны не туралы , саған ұнадыма ? деген сұрақтар қою арқылы үйретіледі .
Шығармашылық жұмыс : «Отан » сөзінің мағынасын әңгімеле .---Өзіңнің ауылың , ата-анаң достарың сен үшін не болып саналады ? Менің Отаным тақырыбына сурет салу .
Қорыту: Сыныпта ән айта алатын балалар «Әнші болғым келеді » ойынын ұйымдастырады , өз өнерлерін ортаға салады .