(1845- 1904) алатын орны ерекше. А?артушы а?ын, жа?ашыл композитор бір басына осындай сирек дарын ?он?ан Абай ?аламынан ?аза?ты? музыка тілін абайлы? стильмен байыт?ан тамаша ?ндер туды.
?зіні? ?ажайып поэтикалы? творчествосымен ?атар музыкалы? шы?армаларында да Абай дарыныны? ерекше ??діреттілігімен,ой сезімдері мен тол?аныстарыны? сан алуан ?ыры бар болмысымен танылады.
Абай ?ндері ?зіні? к?зі тірісінде ж?ртшылы?а ке? таралып, халы? с?йіспеншілігіне б?ленген.Алайда ел ішінде б?гінге дейін с?йкімін жо?алтпай келе жат?ан б?л туынды ?р ?аза??а, тіпті ?зге ?лт ?кілдеріне де жа?сы таныс.
Б?л ?ні? м?тініне м?н берсек, Абайды? ?йел затыны? хор ?ызындай с?лу?а ?ашы? бол?анын айтады. Осы?ан байланысты 1993жылы республикалы? «Парасат»,«?аза?стан ?йелдері» журналдарында б?л ?нге ?атысты бір ?атар ?алым ?дебиетшілеріміз пікірталастар ?рбітіп, оларды? м?ны «Абай жолынан» есімі елге таныс С?йендікті? ?ызы То?жан?а арнады деген байлам?а то?та?ан. Алайда б?л ?н ?лі зерттелуде. Б?л ?нді ?обыз?а лайы?тап, нота?а т?сірген 1889жылы Л. Хамиди.
Просмотр содержимого документа
«Музыкалы? шы?армамен ж?мыс. Абай ?ні: «Айттым с?лем ?алам?ас»»
Білім алушы: Бақтығалиева Рамина Асылбекқызы. Сабақтың мақсаты: Оқушының шығарма ойнау шеберлігін көрсету.Музыканы тыңдап сүюге тәрбиелеу. Нотаны бірден оқып ойнау техникасын дамыту. Динамикалық белгілерге көңіл бөлу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап алу. Оқушының қабылдау қабілетін қадағалау.
Сабақтың көрнекі құралдары: Қобыз аспабы,қобызға арналған оқулықтар, Абай Құнанбаевтің портреті,пульт. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Сабааққа қажетті оқу құралдарын тексеру,қобыз аспабының құлақ күйін келтіріп дайындау. II.Үй тапсырмасын тексеру: 1 .А.Варламов «Қызыл сарафан» 2.Қазақтың халық әні: «Ахау бикем» III.Жаңа сабақ: Қазақ халқының мәдени тарихында Абай Құнанбаевтың (1845- 1904) алатын орны ерекше. Ағартушы ақын, жаңашыл композитор бір басына осындай сирек дарын қонған Абай қаламынан қазақтың музыка тілін абайлық стильмен байытқан тамаша әндер туды. Абайдың халық көкірегіне ұялаған және жұртшылықа кеңінен тараған лирикалық әні-«Айттым сәлем Қаламқас»
Өзінің ғажайып поэтикалық творчествосымен қатар музыкалық шығармаларында да Абай дарынының ерекше құдіреттілігімен,ой сезімдері мен толғаныстарының сан алуан қыры бар болмысымен танылады. Абай әндері өзінің көзі тірісінде жұртшылықа кең таралып, халық сүйіспеншілігіне бөленген.Алайда ел ішінде бүгінге дейін сүйкімін жоғалтпай келе жатқан бұл туынды әр қазаққа, тіпті өзге ұлт өкілдеріне де жақсы таныс. Бұл әнің мәтініне мән берсек, Абайдың әйел затының хор қызындай сұлуға ғашық болғанын айтады. Осыған байланысты 1993жылы республикалық «Парасат»,«Қазақстан әйелдері» журналдарында бұл әнге қатысты бір қатар ғалым әдебиетшілеріміз пікірталастар өрбітіп, олардың мұны «Абай жолынан» есімі елге таныс Сүйендіктің қызы Тоқжанға арнады деген байламға тоқтаған. Алайда бұл ән әлі зерттелуде. Бұл әнді қобызға лайықтап, нотаға түсірген 1889жылы Л. Хамиди. Бұл шығарманың өлшемі 2/4 соль мажор тональдігінде, әуенырғағы бастан аяқ асықпай, толғана сабырлы мелодия сазында ойналады. Оқушыдан сұрақ-жауап аламын.
а) Музыкалық шығарманың өлшемі қандай? (2/4) ә) Өлшем қандай өлшемге жатады? ( Жай өлшем) б) Кілт жанында қандай белгі бар? (фа диез) в) Өлшем қалай саналады? (1-ге, 2-ге.) г) Шығарманың екпіні қандай? ( Асықпай әндете толғана) «Айттым сәлем Қаламқас»ты үнтаспадан тыңдату.Шығарманы оқушыға бірден талдап ойнату.Динамикалық бояуларға көңіл бөліп ойнауын қадағалау.
IV.Сабақты қортындылау: Оқушыға қосымша сұрақтар қойып, жауап аламын. V.Үйге: 1.Ля мажор, минор гаммасын арпеджиосымен бірге жаттап келу. 2. Абай әні «Айттым .сәлем Қаламқас»-тың ноталарын таза алып,нюанстарға көңіл бөліп, жатқа ойнап келу. Динамикалық бояулармен жұмыс жасау тапсырылады. VI. Оқушының білімін бағалау: Бүгінгі сабақта оқушының жаңа шығарманы қабылдауына, үйтапсырмасын орындау шеберлігіне баға қойылады.