kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Музыкалы? дыбыстарды? домбыра пернелерінде орналасуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Музыкалы? дыбыстарды? домбыра пернелерінде орналасуы»

Саба?ты? ма?саты:

  1. О?ушыларды? музыкалы? сауатын ашу, есту, есте са?тау ?абілеттерін жетілдіру.
  2. Домбыра пернесіндегі ноталарды о?ушылар?а д?рыс ме?герту

Саба?ты? т?рі:  Ашы? саба?

Саба?ты? ?дісі: С?ра?-жауап, т?сіндірмелі

К?рнекілігі: домбыра аспабы, та?та, домбыра аспабыны? сызбасы, ?ажетті кітаптар.

І. ?йымдастыру кезе?і

а) С?лемдесу

?) Саба??а ?атысушыларды т?гендеу

б) ?йірме м?шелеріні? саба??а ?ажетті ??ралдарын тексеру, назарларын саба??а аудару.

ІІ. ?й тапсырмасы

О?ушылардан ?й тапсырмасын с?рау.

ІІІ. Жа?а саба?:      

Соль ішегіні? бойында орналас?ан ноталармен танысу.

Жа?а саба?ты бастамас б?рын о?ушыларды? т?зу отырып, домбыраны д?рыс ?стауына к??іл б?лу керек. Сондай-а? бірінші ж?не екінші октава ноталарыны? орналасуын еске т?сіріп, ?айталау.

Соль ішегіні? бойында орналас?ан ноталарды ?йрену ?шін домбыраны? мойынында?ы пернелерді рет - ретімен санап, онда?ы ноталарды ойнап ?йренеміз.

 Мысал?а                                                                                

                                                                                            1.  Ашы? соль-нотасы

2-ші пернеде ля-нотасы

4-ші пернеде си -нотасы

(1-ші октава)

5-ші пернеде до-нотасы

 (2-ші октава)

7-ші пернеде ре-нотасы

9-шы пернеде ми-нотасы

10-шы пернеде фа-нотасы

12-ші пернеде соль-нотасы

14-ші пернеде ля-нотасы

16-шы пернеде си-нотасы

17-ші пернеде до-нотасы

(3-ші октава)

19-шы пернеде ре-нотасы

Енді осы дыбыстарды рет-ретімен  басып, домбырада тартып ?йренеміз. Сол ?ол сауса?тарыны? пернені аса ?атты баспай, сол пернені сауса? басымен сезіне алуына к??іл б?лу керек. Сондай-а? пернені бас?анда сауса?тар ?те тік басылмауы тиіс. Пернеден - пернеге ауысарда сауса?тарды с?л босатып, ішекті бойлай сыр?ыта жылжыту керек.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

IV. ?орытынды.  С?ра?-жауап ар?ылы саба?ты ?орытындылау.

  1. Домбыра ішектеріні? аталуы?
  2. Домбырада неше перне бар?
  3. Бесінші пернедегі  до нотасы ?ай октава?а жатады?
  4. Он жетінші пернедегі до нотасы ?ай октава?а жатады?
  5. Домбыра пернелеріндегі сол ?ол сауса?тарыны? ?ойылымы ?алай ж?ргізіледі?

V. ?йге тапсырма

1-ші ж?не 2-ші октава ноталарыны? орналасуын ?айталау.

Соль ішегіні? бойында орналас?ан ноталарды жаттап, домбырада ойнау.

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Музыкалы? дыбыстарды? домбыра пернелерінде орналасуы»

Нарманова Сәуле Әбдіғалиқызы

Қызылорда қаласы

264 мектеп-лицей

Домбыра үйірмесінің жетекшісі


Қазақтың ұлттық аспаптары


Мақсаты:

Оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту;

Әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуын түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;

Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;

Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.


Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар суреті, аспаптар, кітаптар көрмесі, буклет.


1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар! Біз бүгінгі тәрбие сағатында қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып, олардың түрлерімен, ойнау әдісі мен жасалу жолымен танысамыз.

2-жүргізуші: Балалар, қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер?

-Домбыра, шертер, қобыз, шаңқобыз, жетіген, сыбызғы, сазсырнай, тұяқтас, асатаяқ, дабыл, адырна.

1-жүргізуші: Аспаптардың шығу тарихы жайлы не білеміз?

Зарлықова Жібек: Біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев.

Алматы консерваториясының ұстазы Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды 1960 жылдан бастап жинаған. Оның үйі ерекше мұражайға айналды. Жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті.



Нағашыбай Перизат: Алдарыңызда көріп отырғандарыңыз – домбыра аспабы.

«Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл - сәл кем бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.

Домбыра аспабының қалай пайда болғанына байланысты қазақ халқының ортасында сақталған аңыз аса мол.

Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы - маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек – қарынын алып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішек - қарынын қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. (күй тыңдату Құрманғазы «Адай» орын: Мұрат Әбуғазы)


Сапар Меруерт: Шертер - қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы. Шертер - қазақ халқының көне ішекті музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады.

Сырт келбеті қобызға жақын, көлемі жағынан домбырадан кіші. Шертер аспабы ағаштан ойылып, шанағы ешкі терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы тағылады. Ойнау тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері мен ішектердің қалыңдығына байланысты. Бастапқы кезде аспапта перне болмаған. Көп ұзамай перне орналастырып аспаптың беткі жағы біраз өзгеріске ұшыраған.


Кенжеғұл Мөлдір: Қобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 - 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қобыздың сарыны үзілмей келеді. Қобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның қобыз аталуы да сондықтан. Қобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «Нар қобыз». Қобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын - шайтан жоламайды деп ырымдайды. (үнтаспа «Қылқобыз сарыны»)


Келдібай Арайлым: Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс - тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі - берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған.

Жетіген туралы аңыз. Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып, «Қарағым» күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші ішек тартып, «Қанат сынар» деген күй шығарады, үшінші ұлы Жанкелдіге ол «Құмарым» күйін, төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», Жұлзарға «Күн тұтылуы» атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші ішекті тартып, «Жеті баламнан айрылып құса болдым» атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер одан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй - пьеса түрінде бізге «Жетігеннің жетеуі» деген жалпы атпен жеткен. «Жетіген» деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән» - «жетіген» деген ұғымды береді.


Бодан Айғаным: Адырна - қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б. з. б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48 - 50 см., қалыңдығы 8 - 10 см, 7 - ден 13 - ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады.



Қожахмет Сұлтанбек: Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 см не 700 - 800см болады. 3 - 4 ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Бұл аспаптың жетілдірілген түрі фольклорлық - этнографиялық ансамблдер мен оркестрлерде қолданылады.



Андағұл Дарын: Сазсырнай - үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның “ми - бемоль”, “фа”, “соль” ноталары.


Шраздин Мадияр: Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды. Шаңқобызға арналған «Қыз зары», «Қыз ұзату», «Қыздың мұңы» әуендері мен «Шаңқобыздың толғауы» сияқты күйлер де бар.


Орынбасар Рақымжан: Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұзатылуына 3 - 4 күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін тұяқтаспен сүйемелдеп отырады. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. Бүгінде бұл аспап музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады.


Зарлықова Жібек: Асатаяқ - тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңыраулар күміс, алтын, қорғасын сияқты асыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады.


Бөрібай Думан: Дабыл – бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабыл ұрып ойналатын аспап. Даусы күркіреп шығады.


Күй – «Жас домбырашылар» ансамблі – Дәулеткерей - «Қосалқа»


Ән: Келдібай Арайлым – «Ата дәстүр»


Мәнерлеп оқу – Бөрібай Думан – «Қобыз»


Өзбек биі – «Көркем-ай» би тобы


Күй – «Жас домбырашылар» ансамблі – «Ерке сылқым»


Мәнерлеп оқу – Зарлықова Жібек – «Домбыра үні»


1 – жүргізуші: Ұлы жазушы М. Әуезов «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген екен.

2 – жүргізуші: Ендеше ән мен күйге құмар болып, қызығушылықтарың арта түссін деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Музыкалы? дыбыстарды? домбыра пернелерінде орналасуы

Автор: Нарманова С?уле ?бді?али?ызы

Дата: 16.02.2016

Номер свидетельства: 294441


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства