kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Музыкалы? бейне к?рінісі.??рман?азы Са?ырбай?лы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Музыкалы? бейне к?рінісі                                                                                                  ??рман?азы Са?ырбай?лы

Ма?саты:Музыкалы? дыбыс ар?ылы к?ркемдік бейнені сезіне білуге ?йрету. Музыкалы? шы?арманы ты?дай отырып, оны? мазм?нын  ашу?а ?йрету. К?йші-композитор ??рман?азы Са?ырбай?лы жайында ма?л?мат беру.

Міндеттері: 1. Музыканы? шы?арманы? мазм?нын ашу?а  ?йрету, к?йші-   композитор ??рман?азы Са?ырбай?лы жайында ма?л?мат беру.                 2. Есту, есте са?тау, музыкалы?, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту. 3. К?йші-композиторды? к?йлері ар?ылы ?з хал?ыны? ?лтты? музыкасына, ?нер иелеріне ??рметпен ?арау?а т?рбиелеу.  К?й ?неріне деген с?йіспеншілік сезімдерін арттыру.

Саба?ты? т?рі: жа?а білімді ме?геру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Музыкалы? бейне к?рінісі.??рман?азы Са?ырбай?лы »

Сабақтың тақырыбы: Музыкалық бейне көрінісі Құрманғазы Сағырбайұлы

Мақсаты:Музыкалық дыбыс арқылы көркемдік бейнені сезіне білуге үйрету. Музыкалық шығарманы тыңдай отырып, оның мазмұнын ашуға үйрету. Күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлы жайында мағлұмат беру.

Міндеттері: 1. Музыканық шығарманың мазмұнын ашуға үйрету, күйші- композитор Құрманғазы Сағырбайұлы жайында мағлұмат беру. 2. Есту, есте сақтау, музыкалық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Күйші-композитордың күйлері арқылы өз халқының ұлттық музыкасына, өнер иелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Күй өнеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру

Әдіс-тәсілдері: әңгіме, түсіндіру, тыңдау, ән айту, қызығушылығын ояту, ізденіс, ой шақыру, .

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, күйші портреті, сырнай, «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» кітабы, үлестірмелер

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Музыкалық шығармалар: С.Тұрысбеков «Көңіл толқыны» - тыңдау; Қ.Сағырбайұлының күйлері – тыңдау; И.Нүсіпбаев «Домбырасыз сән қайда» - орындау.





Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі Музыкалық сәлемдесі. Гимнді орындау. Оқушыларды түгендеп сабаққа дайындық деңгейлерін анықтау.Бөлме тазалығы.

  2. Мақсат қою кезеңі «Көңіл толқыны» күйін тыңдау – Бұл қандай шығарма? - Күй туралы не білесіңдер? (Балалар жауабы) Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Музыкалық бейне көрінісі. Құрманғазы Сағырбайұлы» деп аталады. Бүгін біз күй өнері жайлы, қазақ халқының ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығы жайында мағлұмат аламыз.

  3. Материалды түсіндіру Галереяны шарлау. Бірінші бөлмеде күй өнері.

Қазақтың домбыра,қобыз,сыбызғы,шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады. Күй – қазақ халқының аспаптық музыкасы. Күйде табиғат құбылыстары, тарихи оқиғалар, халық мерекелері, жан-жануарлар, аңыз-ертегілер, жеке адамдар, адам сезімдері т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Домбыра күйлері төкпе және шертпе болып екіге бөлінеді. Төкпе күйлер оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Шертпе күйлер болса жалғыз дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады. Мысалы «Көңіл толқыны» шертпе күй болса, «Адай» күйі төкпе күйге жатады. (Екі күйдің үзінділерін тыңдату.)

Екінші бөлмеге келетін болсақ күйші жайында Қазақ халқы ән, күй десе ішкен асын жерге қояды, ол күйді де, күйшіні музыкалық тақырыпқа аса зейін қойып, күймен бірге тебіренеді, күймен бірге жылап, бірге күледі. Сайып келгенде күй музыкасы қара халықтың қамын жеп оны жарқын болашаққа, бақытқа, әділетті заман мен шұғылалы өмірге ұмтылдыратын рухани күш берген. Күйді халық музыка аспаптарында орындаушы адам күйші деп аталады. Қазақ халқының мақтан тұтар күйшілері көп. Айтар болсақ Тәттімбет, Дәулеткерей, Дина, Қорқыт, Боғда, Сейтек, Дайрабай, Қазанғап, Ықылас, Кербұға т.б. көптеген күйшілерді атауға болады. Осы күйшілердің ішіндегі қазақ музыка мәдениетіне орасан зор үлес қосқан, теңдесі жоқ күйші Құрманғазы Сағырбайұлы. Олай болса үшінші бөлмеге кірелік.

Үшінші бөлме Құрманғазы Сағырбайұлына арналады.

Қазақ халқының аса дарынды да теңдесі жоқ ұлы күйшісі, өз заманындағы қоғамдық-әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық-зомбылыққа қарсы күресіп өткен Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жерінде дүниеге келген. Күй атасы Құрманғазы нағыз «сегіз қырлы, бір сырлы» адам болған. Композитор өзі күйші болғанымен қоймай ақындық, мергендік, палуандық өнерімен де көзге түскен. Табиғатынан ешкімге тәуелсіз, жаратылысынан революционер, азат ойлы, намысқой адам болғандықтан, оттай жанған мінезімен талай рет сол заманның күштілеріне еріксіз қарсы келіп, қуғында, қыспақта, түрмеде, айдауда өмір кешкен. Ашу мен ызасын, күйзелісі мен толғанысын, қуанышы мен жұбанышын, өмірінде кездескен түрлі оқиғалардың барлығын күй өнерімен өрнектеген. Көзкөргендердің айтуынша, Құрманғазы ат жақты, қараторы, көзі сәл қиғаштау біткен, құсмұрынды, ұзын шашты, келбетті, бойшаңдау, төртпақ кісі болған. Арқасында жалы бар. Басына қыста қаракөл бөрік киіп, жаздыгүні орамал байлаған.Әкесі ағырбай бүкіл өмірін байдың жалшылығында өткізген момын адам болса, анасы Алқа еркекшоралау, бірбеткейлеу, мінезді кісі болыпты. Алқа тойларда күреске шығып палуан әйел атанған. Сағырбай кедейшіліктің кесірінен 40 жасында үйленген. Балаларын кеш сүйген. Алқаның ағалары төкпе ақын, әнші, топтан озып жүлде алған палуан адамдар екен. Құрманғазы да нағашыларына тартып, өнерге жақын өскен. Бала жасынан-ақ қорқу, үрку, жасқану дегенді білмеген. Тағдыр тауқыметін ерте сезген Құрманғазы жастайынан байдың малын баққан. Бірақ соған қарамастан, өзі қолдан жасап алған домбырасын күні бойы жанынан тастамайтын. Ал кешқұрым мал ауылға құлаған әйгілі Ұзақ күйші келіп, Сағырбайдың үйіне ат басын тірейді. Құрманғазы ұлы күйшінің орындаған күйлерін бұлжытпай қайталап тартып береді. Оның болашағының зор екенін Ұзақ күйші бірден байқады. Біраз уақыт өткен соң өктем күштердің озбырлығына төзе алмай, байдың бір атын мінеді де ауылдан қашып кетеді. Осылайша Құрманғазы музыкаға біржолата бет бұрады. Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге бдлатындай, Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер – халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Күйлері: «Сарыарқа», «Серпер», «Тремұрат», «Жігер», «Итог», «Кішкентай», «Ақбай», «Машина », «Охота», «Кедей зары», «Қуаныш», «Байжұма», «Лаушкен», «Не кричи, не шуми», «Бұлбұл», «Көбік шашқан», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Аман бол шешем, аман бол», «Адай», «Балбырауын» т.б.

Күйлерінен үзінділер тыңдау

Құрманғазы атамыз немесе жоғарыда аталған күйшілеріміздің өнерлеріне тәнтә болған ақын-жазушыларымыз, әнші-сазгерлеріміз аз емес. Мысалы өздерің сияқты оқушылар мен кішкентай бүлдіршіндерге көптеген әндер жазған еліміздің композиторы Ибрагим Нүсіпбаев атамыз «Домбырасыз сән қайда» әнін жазған екен. Олай болса келесі бөлмеміз ән бөлмесіне кіреліе.

Төртінші бөлме ән бөлмесі

Дауыс жаттықтыру а) әннің сөзін оқыту ә) өлеңнің мағынасын түсіндіру б) ырғағын табу в) топпен орындау

Сергіту сәті «Кім жылдам?»

4.Жаңа сабақта түсінгенін тексеруА) «Бұл кім?» оқушылар интербелсенді тақтадан әнші, күйшілерді табуы тиіс. Ә) «Кубизм» стратегиясы (Ортаға алты оқушы шығып біріне бірі кубикты лақтыра отырып, сұрақтарға жауап береді) 1.Құрманғазы Сағырбайұлы кім? 2.Қай жерде дүниеге келген? 3.Күй дегеніміз не? 4.Күйші деген кім? 5.Құрманғазы Сағырбайұлының алғашқы ұстазы кім болған? 6.Құрманғазының тырнақалды күйін атаңдар

В) «Шатаспақ» ойыны (Оқушыларға Құрманғазының күйлері жазылған үлестірмелерді тарату. Шатасқан әріптерді тез арада ретімен жинаса күйдің аты шығады)



5.Бекіту кезеңі



Әнді қайталау

Қазақтың аспаптық музыкасының биік шыңы болып есептелінетін Құрманғазының «Сарыарқа» күйін ақын Ілияс Жансүгіров былай жырлаған екен

Кейде күй талмаураған, талықсыған Кейде өжет, кейде долы албырсынған Кейде паң, кейде дархан,кейде сергек Шаршы өрге кейде шапшып шауып тынған.

Күйдің басынан аяғына дейін көптеген аспаптардың үнімен қатар домбыра аспабының ерекше дыбыс бояуы естіліп отырады. Бұл күйді Құрманғазы Сарыарқаны басып, Сыр бойына бет алып бара жатқан кезінде кең даланың кербез көркі мен сұлу табиғатына тамсанып, шаттанып шығарған күйі екен. «Сарыарқаның» жүйрік аттың шабысын, шаттық, думан, қуанышты суреттейтін ырғағы мен екпіні адамға үлкен күш, қуат, рух береді. Олай болса сабағымыздың соңында Құрманғазы атамыздың «Сарыарқа» күйін үш нұсқада тыңдайық.

«Сарыарқа» күйін үш нұсқада тыңдау (Жеке домбыра дауысында, ұлт аспаптар оркестрінің орындауында және «Ұлытау» тобынынң орындауында)



  1. Үйге тапсырма беру кезеңі

Тақырыпты әңгімелеу, әнді қайталау. Оқушыларды бағалау. Музыкалық қоштасу.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Музыкалы? бейне к?рінісі.??рман?азы Са?ырбай?лы

Автор: Искакова Фарида Булатовна

Дата: 17.01.2015

Номер свидетельства: 156823


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства