kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Музыкада?ы таби?ат к?рінісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:   Сазгерлерді? ?мірі мен шы?армашылы?ына то?тала отырып таби?ат ??ымыны? м?нін ашып, т?сіндіру.

Міндеттері:

       1  Музыкалы? шы?армаларда?ы бейнені т?сініп, ?абылдау?а ?йрету.

2  Есте са?тау, ойлау ?абілеттерін дамыту.

3  Музыканы? ?серлі мазм?ны мен сипаты ар?ылы ту?ан жерге, таби?ат?а деген с?йіспеншілігін арттыру.

Саба? т?рі:                       Аралас.

Саба? ?дісі:                      Музыка ты?дау, ?н ?йрену, ??гімелеу.

П?наралы? байланыс: ?дебиет, д?ниетану,бейнелеу.

К?рнекіліктер:               Интербелсенді та?та, на?ыл с?здер,плакат, аспап.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Музыкада?ы таби?ат к?рінісі »

К. Ушинский атындағы №7 мектеп.






Музыкадағы табиғат көрінісі.





Музыка пәні мұғалімі: Л. Ч. Умиртаева.






Талдықорған қаласы – 2015 жыл.


Сабақ тақырыбы: Музыкадағы табиғат көрінісі.


Сабақтың мақсаты: Сазгерлердің өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып табиғат ұғымының мәнін ашып, түсіндіру.


Міндеттері:

1 Музыкалық шығармалардағы бейнені түсініп, қабылдауға үйрету.

2 Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

3 Музыканың әсерлі мазмұны мен сипаты арқылы туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.


Сабақ түрі: Аралас.

Сабақ әдісі: Музыка тыңдау, ән үйрену, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, дүниетану,бейнелеу.

Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, нақыл сөздер,плакат, аспап.


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі: Музыка тілінде амандасу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Дауысқа жаттығу, (дауыс ырғағын қалыпқа келтіру).

Мемлекеттік әнұран.

Үй тапсырмасын қайталау.

1. Дыбыс ұзақтығын ата? - (О, О, О, О)

2. Саналу тәртібін еске түсірейік.

3. Табиғаттың дыбыстары дегеніміз не?

4. Табиғат туралы не білеміз?
5. Ән орындау: «Желсіз түнде жарық ай».


Шығармашылық тапсырма: Дыбыстар – физикалық құбылыс, бір дененің екінші бір денемен үйкелісінен дыбыс шығады.

(Қосымша берілген тапсырма беру.)


Жаңа тақырып: Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта, жайлы мекен, ырыс – даулет.

Табиғат – адам үшін қажетті: ауа, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялататын аяулы Ана! Табиғат өзінің қайталанбас сұлулығымен, таусылмас қызығымен, мың жаратылысымен, асқақ та өрлігімен, шексіздігімен, нәзік үнімен қайран қалдырады. Сөйте тұра, қажет болса орнымен қатал да бола алады. Табиғатты сүю – Отаныңа адал болу. Табиғаттағы заңдылықтар мен құбылыстар үйлесімді келеді. Табиғат бұл адам бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын беретін сұлулық пен әсемдік әлемі.

Қорқыт ата – күй атасы. Өзі ойлап тапқан қобыз аспабында табиғат, жан – жануарлардың дыбысын керемет сазды әуенмен сарнатқан. Аңызда Қорқыт ата Сырдарияның бетіне суға батпайтын кілем жайып, үстіне отырып күй тартқанда керемет дыбыс күші пайда болады екен.

Қазақ кәсіби мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосқан өнер тұлғаларының туындыларына тоқталып өтейік. Қазақтың ұлы ақыны Абай өз әндерінде табиғат сұлулығын, адамның көңіл – күйін әсерлі әуенмен бейнелеп жеткізеді. Сондай туындыларының бірі. «Желсіз түнде жарық ай...»- Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Абай кейіпкерлерінің сезім толғаныстарын айналада болып жатқан жалпы суреттер арқылы бейнелеген. Санадағы сәуле - желсіз түн, жарық ай, тасыған өзен суреттері. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түн... жан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сөзіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзен дыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән.  Ақын  түнгі табиғаттың әсем көрінісін нәзік поэзия тілімен өрнектейді.

19- 20 ғасырдың Құрманғазы, Нұрғиса сынды дүлдүл күйшілер арасындағы байланыс – біздің алтын қазынамыз, шежіреміз. Рухани қайнар бұлақтың ішінде күй өнерінің алатын орны ерекше. Құрманғазы қазақ халқы өзінің арманын, көңіл күйін, өсу жолдарын, өмір сүрген қоғамға, табиғатқа деген көзқарасын, туған жерге деген сағынышын домбыраның қос ішегінен шыққан құдіретті үнмен жеткізе білген шығармасының бірі «Сарыарқа»,

Күләш Байсейтова –(1912-1957) қазақтың бұлбұл әншісі. Өзінің қысқа ғұмырында актерлік, әншілік өнерде өзіндік дәстүр қалыптастырып кеткен әйгілі өнер шебері.

Шара Жиенқұлова – қазақтың атақты бишісі. Алматы қаласында дүниеге келген. Ол қазақтың халық билерін шебер орындаған, би тақырыбына сай дене қимылдарын қою арқылы би элементтерін дамытқан. Табиғат тақырыбындағы би қимылдарында кең даланың самал желі, тербеле соққан желге жарыса тербелген толқындар, сұлу табиғатты әсем өрнектеген.

Би қимылдарынынан табиғат көрінісінен үзінді көрсету.


Шәкен Айманов (1914 -1970). Қазақстанның халық әртісі, актер, режиссер, білікті ұстаз. Ол режиссерлік еткен ( «Дала қызы», Алдар көсе, Атаманның ақыры») –фильмдерінде қазақ табиғатының сұлулығын бейнелеген.

Н.Тілендиев - дарынды композитор, дирижер және фольклорлық – этнографиялық «Отырар сазы» оркестрін құрды. Сазгер туған жер табиғатының көркем көрінісін, елдің шат көңілін, бақытты балалық шақты әсем де әсерлі суреттей білген «Сарыжайлау» әнінен түсінуге болады. Н.Тілендиев «Жан сәуле», «Алатау», «Құстар әні» атты үш жинақтың авторы.

Музыка тыңдау: «Сарыарқа», «Сарыжайлау», «Аққу», «Қасқыр» - күйлерінен үзінді тыңдау. (Мағынасын түсіну).

«Ойланып жауап бер»

айдарымен берілген мақалдарды беру арқылы жауап береді.


  1. 1. «Табиғат – .........» ( тал бесік)
    2. «Адам – табиғаттың ......» (бір бөлігі)
    3. «Табиғат біздің ........» (анамыз)
    4. «Таза болса табиғат –..........». ( аман болар адамзат)
    (Осы тапсырмаларды сурет арқылы бейнелеу.)



  1. Сөздердің орнын ауыстырып, орнына қой.

1. Сағынам сені, мекенім, туған жерім гүл бағым.

Өзіңде әнін тыңдадым бұлбұлдың алғаш.

Естіп әлдиін анамның өзіңде алғаш.

Жырладым өзіңде жастықтың алғаш.

  1. Тау жадырап жұтайыншы самалын.

Аңсағаным сағынып, еді ғой осы.

Шыршаларым, гүлдерім, аршаларым.

Ән мен бәріне бүгін саламын арнап.

  1. Түкті көк, жасыл кілем жайлау кілем.

Күлемін көп кілемде көк ойнаймын көп.

Сипап өткен самалды маңдайымнан.

Алақаны деп білемін қазағымның.


Қорытынды: Табиғатқа өз қарым - қатынасың қалай? Ал музыкамен табиғаттың байланысын қалай түсінеміз? Ауаның, жер мен судың табиғи таза қасиеттерінің өзгеріске ұшырауы – қоршаған ортаның ластануы. Сондықтан әрқашанда табиғатты аялау, қорғау адамзаттың міндеті болып табылады. Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялататын аяулы Ана!



Бағалау парағын тарату.

Нені білемін?

Нені білдім?

Не үйредім?

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Музыкада?ы таби?ат к?рінісі

Автор: Умиртаева Лязат Чадетовна

Дата: 19.05.2015

Номер свидетельства: 213339


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства