kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Музыка сабағынан "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестрі сабақ жоспары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың фольклорлық-этнографиялық оркестр туралы ұғымдарын кеңейту; музыкалық білімдерін жетілдіру; музыкалық сауаттылыққа үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Музыка сабағынан "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестрі сабақ жоспары.»

Екібастұз қаласы.

Сарықамыс жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.

Рымкеш Жумабаевна Базарбекова.





Пәні:Музыка. 3-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Отырар сазы» фольклорлық – этнографиялық оркестрі.

Күтілетін нәтиже.

а) Білімділік:

Оқушылардың фольклорлық – этнографиялық оркестр туралы ұғымдарын кеңейту; музыкалық білімдерін жетілдіру; музыкалық сауаттылыққа үйрету.

ә) Дамытушылық: Фольклорлық – этнографиялық оркестрдің аспаптары туралы білімдерін арттыру; есту,тыңдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелік: Әсемдікке, ұқыптылыққа,ұлт музыкасына құрметпен және сүйіспеншілікпен қарауға, музыкалық аспаптарды құрметтеуге тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: күй табақ, оркестрдегі аспаптардың суреттері, домбыра, қобыз, сазсырнай, жетіген, шертер, сыбызғы, шаңқобыз аспаптары.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.

Оқу үрдісінің тәртібі:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

1) оқушыларды сабаққа дайындау.

2) Психологиялық әзірлік

Әрбір адам – досым, сыныптасым,

Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық,

Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.

-«Отырар сазы» оркестірін құрған кім?

-Оркестрге қандай аспаптар енгізілді?

2. Үй жұмысын тексеру, пысықтау:

- Болат Сарыбаевқа бата берген кім?

- Ол қандай көне музыкалық аспаптарды қайта жаңғыртты?

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс: «Отырар сазы» фольклорлық – этнографиялық оркестрі. мәтіні оқылып, талданады.

- Белгілі музыкатанушы, өнер ғылымының докторы, профессор Болат Сарыбаев қазақтың көне аспаптарын тек жинап, зерттеп қана қоймай, баға жетпес мәдени мұра болып есептелінетін қазақтың жиырмадан аса музыкалық аспаптарын біздерге ғасырлар қойнауынан жеткізіп, халық игілігіне айналдырды. 1982 жылғы 2 қазанда Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрі дүниеге келіп, тұңғыш фольклорлық ансамбль құрды. Осыдан бастап Қазақстанда көптеген фольклорлық ансамбльдер пайда болды. Болат Сарыбаев осылай «Отырар сазы» фольклорлық – этнографиялық оркестрінің негізін қалады. Оркестрге домбыра, қобыз түрлерімен қатар, сазсырнай, жетіген, шертер, сыбызғы, шаңқобыз аспаптары енгізілді. Әсіресе, бұрын – соңды ансамбльдің құрамына енбеген мес қобызды қолдану жаңалық болды. Сонымен қатар ұрмалы-дауылпаз, асатаяқ, қоңырау,  қайрақ секілді аспаптарды барынша пайдаланды. Белгілі композитор, оркестрдің алғашқы бас дирижеры, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық Қаһарманы, белгілі қоғам қайраткері, Нұрғиса Тілендиев «Отырар сазы» оркестіріне арнайы шығармалар жазды. Әсіресе, композитордың «Ата толғауы» және «Әлқисса» күйлері халықтың ең сүйіп тыңдайтын шығармаларына айналды. Сөйтіп, қазақ музыка мәдениетінде фольклорлық – этнографиялық оркестр пайда болды. Бүгінде ұрпақтар сабақтастығын паш етіп, оркестрге Н.Тілендиевтің қызы - Динара Тілендиева жетекшілік етеді. Оркестр Қазақстанның қалаларында ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шет елдерде де концерттер берді. Атап айтқанда - Иракта, Мароккода, Вьетнамда, Солтүстік Кореяда, Германияда, Испанияда, Түркияда, Сауд Аравиясында, Иорданияда 1996 жылы «Отырар сазы» оркестрі Жамбыл атындағы халықаралық қор сыйлығының лауреаты болды.

4. Сергіту сәті.

«Отырар сазы» оркестрінің орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдау.

Сұрақтар:

1. «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі дирижері кім болды?

2. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі мен «Отырар сазы» оркестрінің арасында қандай айырмашылық бар?

3. Нұрғиса Тілендиевтің қандай күйлерін білесің?

4. Ансамбльдің құрамына қандай аспаптар енгізілді?

5. Ән орындайық. «Құстар әні». әні орындау.

Әнді мәнерлеп орындаймыз.

Әнді орындағанда бәріміз бірдей бастап, бірдей аяқтаймыз.

«Құстар әні».

Әнін жазған: Нұрғиса Тілендиев
Сөзін жазған: Тұманбай Молдағалиев

6. Қорытыңды:

Ойлан да айт.

- Қазіргі оркестрдің жетекшісі кім?

7. Бағалау.

8. Үйге тапсырмасы: «Отырар сазы» оркестрінің орындайтын шығармаларынан сөзжұмбақ құрау















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Музыка сабағынан "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестрі сабақ жоспары.

Автор: Базарбекова Рымкеш Жумабаевна

Дата: 29.11.2017

Номер свидетельства: 441435


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства