kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Музыка мектебінде баян аспабын үйретудегі тиімді тәсілдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Музыка мектептеріне келген оқушылардың алғаш аспаппен танысу, баян аспабының дыбыс ерекшелігіне қызығу мұғалімнің басты міндеті. Ұстаз аспапта шебер ойнап қана қоймай, балаға үйретуде көптеген тиімді  әдіс тәсілдер қолданған дұрыс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Музыка мектебінде баян аспабын үйретудегі тиімді тәсілдер»

Музыка мектептеріндегі баян аспабын үйретудегі тиімді тәсілдер

Алғаш оқушылармен жұмыс жасауда қиыншылықтар кездеседі. Сабақ барысында музыкалық материалдарды яғни, мектеп әндерін орындау, нотаны бірден оқу талаптары туындайды. Сонымен қатар музыка сабағында теориялық және практикалық білімдерді, музыкалық материалдарды терең  игеруі қажет (аспаптың шығу тарихы мен дамуын).Баян аспабының шығу тарихы мен дамуы. Біздің елімізде сырнай аспабы кеңінен танымал. Бұл аспапты интернационал десек те болады. Ол үлкен концерт залдарында, мәдениет сарайларында, көркем-өнер ұжымдарында, әр түрлі профессионал оркестрлерде орындалады. 19 ғ басында Ресейде гармон аспабы пайда болған, кейбір деректерге қарасақ одан да бұрын, яғни 18 ғ аяғында пайда болған дейді. 19 ғасырдың екінші жартысында баян аспабы халыққа кеңінен танымал бола бастады. Ресейдің көптеген қалалары мен губернияларында «баян» аспабы жасалған, бұл туралы гармондардың аттарынан байқауға болады. Мысалы: «Тульская», «Саратовские», «Янецкий», «Вятский», «Сибирский» және т.б. 1907 жылы атақты гармонист орындаушы Я. Орнанский титаренко аты аңызға айналған әнші-орындаушы «Баянның» құрметіне орай шебер  П.Стерлиговке баян аспабын жасауға тапсырыс береді. «Баян» аспабының аты осылай шықты.

Ұлы Қазан революциясынан кейін, гармон аспабын орындау ерекше дамып, әр түрлі байқаулар мен конкурстар өте бастады. 19 ғасырдың екінші жартысында көпұлтты Ресейдің баян аспабы көптеген аймақтарына тарап, Қазақстан жеріне де жетті. Ежелгі қазақ халқының «сырнай» аспабына үндес келген гармошканы «сырнай» деп атаған. Қазақ халқының есінде гармоникте орындайтын ақын-әншілер сақталған. Атап айтар болсақ, Жаяу Мұса баян аспабымен Петербургте, Казан, Чехияға, Польшаға қазақ әндерімен қатар, орыс әндерін орындау шеберлігімен әйгілі болған. Баян аспабының керек екендігінің айғағы, Республиканың түкпір-түкпіріне кең таралғанын аңғартады. Гармонима (сырнай) баян ежелден бері қазақтың музыкалық дәстүріндк кеңінен қолданып келе жатыр. Мысалы: Нартай ақын, Шашубай және Майра, бертін келе Садық Кәрімбаевтардың творчествосы бұған дәлел бола алады. Өзінің қарапайымдылығына, икемді, дыбыстың үнінің құлаққа сүйкімділігімен және интонациялық ладтың (миномдиялық, нонейлық) шоғырына байланысты бұл аспап ауыл араларында кең өріс жайған. Сондықтан болар мектептерде мұғалімдер оны педагогикалық оқу барысында көп пайдаланады. Бұның себебі өте қолайлы аспап.

мажор мен минор гаммалары, олардың арпеджиосы мен аккордтары.

Баян аспабы бойынша 1-2 класста негізгі теориялық білім қалыптасады. Одан кейінгі класстарда қиынырақ шығармалар алынып, баян техникасымен жұмыс істелінеді,сонымен қатар гаммалар, аккордтар, арпеджиолар ойналады.

Барлық гаммалар, арпеджио, аккордтар баян сабағында күнделікті тез екпінде орындалып отыру керектігін естен шығармауымыз керек. Гамма мен арпеджиоларды барлық клавиатурада әр түрлі штрихтармен (легато, стаккато) ойнау керек. Клавиатураны жақсы меңгеру дыбыс мәдениетімен жұмысты жақсарту, бұлшық етті буынмен саусақтарды машықтандыру, әр түрлі штрихтарды орындауға дыбыстану техникасын жақсарту үшін, триольдар, пунктирлық ырғағы толы жаттығуларды ойнаған абзал. Осы жаттығуларды әрі қарай қолдану үшін керекті тональдікке транспорт жасау керек. Бұл бір жағынан оқушының транспорт қабілетін қалыптастырады. Әр түрлі тональдікте гамманы үйрену үшін арнайы жаттығулар беріледі. Мысалы: 1. Кейбір жаттығулар әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстардың суреттерін дамытуға, клавиатурадағы оң қол мен сол қолды дұрыс қолдануға арналады. Осы жаттығуларды қолданғанда бастапқы екпінді сақтап қалу керек. Басқа жаттығулар екі ноталарды дамытуға арналады. Жаттығуларды көрсетілген барлық өлшемдерде ойнап, саусақтардың синхрондық жұмысына қол жеткізу керек.

Гамма, арпеджио жаттығуларымен жұмыс болашақ музыка маманының техникалық орындау шеберлігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Орындау шеберлігін жетілдіре түсу үстінде күнделікті жаттығулардың маңызы ерекше. Мұның өзі көркем шығарманың мазмұны мен мұның толық ашуға мүмкіндік туғызады. Бұл мәселенің төңірегінде белгілі орындаушы – виртуоз Г. Нейгауз: «Орындау шеберлігін кез келген түрде дамыту дегеніміз-өнердің өзін дамыту, олай болса оның мазмұнын ашуға жәрдемдеседі» – деп жазады. Биік деңгейдегі орындау шеберлігі ең алдымен гамма, арпеджио жаттығуларымен жүйелі түрде жұмыс жасаған кезде қалыптасады.

Этюд.

Этюдтармен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшелігі болады. Орындау шеберлігін жетілдіру үстінде гамма, арпеджио және арнайы жаттығулардан басқа этюдтердің де маңызы ерекше зор. Педагогикалық тәжірибеде әр түрлі орындау ерекшеліктеріне лайықтап жазылған этюдтер кездесе береді. Кейде олардың қайсы біреулеріне музыкалық шығармалар қатарына да қоюға болады. (мысалы, Р.Шуманның этюдтері.)

Этюдтермен жұмыс үстінде оқытушы бір ғана техника, орындау шеберлігін жетілдіру мақсатын көздемесе керек. Техникалық шеберлік оқушының орындаушылық мәдениетімен аспапта дыбыс шығару, музыкалық ой-фразаларды дұрыс бөлу, реттеу сияқты процестермен де тығыз қабысып жатады.

Этюдтермен жұмыс мына бағытта жүргізілуге тиіс: ең алдымен, орындағалы отырған этюдтың құрылысына тоқталып, техникалық ерекшеліктерін анықтап алу қажет. Одан әрі нота текстімен жұмыс жүргізіп, аппликатурасын басқа да орындау ерекшеліктерін жетілдіре түскен абзал.

Екіншіден, этюдты бөлшектеп талдаған кезде ғана оның ішкі ерекшеліктеріне еркін енуге болады. Орындауға қиын соғатын тұстарын бірнеше рет қайта орындап, талдап, содан соң барып шығарманың басқа тұстарымен жалғап отырудың да өзіндік мәні зор. Нота тексті айқындала бастаған кезде барып түрлі динамикалық- агогикалық белгілермен орындау тәсілдері, мехты уақытылы ауыстырып отыру сияқты процестерге мән берген жөн.

Үшіншіден, этюдты әр түрлі жылдамдықпен орындағанның да методикалық негізі бар. Нота текстін жаттап алу процесі этюдтың техникалық және көркемдік мазмұнының, орындау ерекшеліктерімен қатар жүргізілуі тиіс.

Классик композиторларының шығармалары.

Әрбір сыныпта  классик композиторларының бір шығармасы беріледі. Білімін әлем мәдениетімен таныстыру қажет.

Орыс және шетел классикасымен таныстыру. Негізінен біз Варламов, А.Алябьев, М.Глинка, П.Чайковский, Р.Шуман, Ф.Шуберт, В.Моцарт, И.Бах және басқалардың шығармаларын орындаймыз.  Орындаушы-музыканттардың музыкалық шығармаларымен жұмыс істеудің белгілі бір жалпы принциптері қалыптасқан. Музыкалық шығармалармен жұмыс істеудің негізгі үш этапын көріп шығайық.

I-этап – Музыкалық шығармамен жалпы танысу.

II-этап – Шығармалармен құрылымдық деңгейде жеке-жеке жұмыс істеу.

III-этап – Шығарманы жалпылай толықтырып қажетті деңгейге жеткізу.

I-этап – бұл этапта берілген шығарманы жаттауға ұмтылу, және оқушының сол шығармаға қызығуын ояту негізгі мәселе болып табылады. Сондықтан таныстыру процесі қызықты болып, шығарма туралы жарқын образдық түсініктер береді. Осы түсініктер жұмыстың кейінгі этаптарында жететін ерекше дыбыстық мақсаттарына қызмет етеді. Шығармалардың ерекшелігі, оның түрі және орындалатын шығарманың әуен ерекшеліктерімен музыкалық мәнерлерін, сонымен қатар  басқы музыкалық компоненттер туралы түсініктер берілуі қажет.

II-этап – шығармалармен жұмыс істеудің ұзақ және қомақты түрі болып табылады. Шығарманы орындау үшін орындаушылық әуенін, фразаларын, және периодтарын сонымен қатар шығарманы орындауда кездесетін техникалық қиындықтарды жеңуде белгілі бір бағыттарға ие болуы қажет.

Бұл жұмыста шығарма құрылымында фразаның ең басты аяқталған құрылымы екендігі есте болуы тиіс. Ол артикуляция, штрих, динамика, мехпен жұмыс істеу сияқты процестерді қамтиды. II –этаптың басты мәселесі- жай темпте жұмыс істеу.

III- этаптағы жұмыс шығармадағы фраза, период, және күрделі құрылымдағы логикалық келісім бойынша құруды қамтамасыз етеді, сонымен бірге бейне дамуының біркелкілігін қалыптастырады. Басқаша айтқанда барлық элементтері белгілі бір мазмұнды жүктемені орындауда бүтін бір көркем бейнені көрсететін, аяқталған музыкалық форманы келтіріп шығарады.III-этаптағы негізгі жұмыс істеу әдісі – бұл шығарманы жалпы және қажетті темпте орындау. Мұндай орындау кезінде жеке кемшіліктер, жетерлі дәрежеде орындауды қамтамасыз ете алмай сияқты жағдайлар кездеседі. Соның салдарынан оларды толық құру қажеттігі пайда болады. Айта кететін жағдай, шығарманы үйрететін жаттығулар кезінде жұмыстың техникалық және көркемдік жақтарын ажыратуға болмайды. Олар өзара тығыз байланыста болып барлық үш этапта музыкалық шығармалармен өткізілетін жұмыс арқылы іске асады. Рондо-бұл формада бір тема үш реттен кем өткізілмейді. Классик шығармалары баян аспабына өңделген түрінде беріледі. Мысалы: В.Моцарттың «Түрік маршы», Ф.Кулаудың «Рондосы», Гендельдің «Фугеттасы». Осы шығармаларды талдау барысында біз белгілі бір ережелерге сүйенеміз: Тональдік анализге, көлеміне, өлшеміне, фактурасына. Әннің негізін скрипка кілтінде оқу, сол қолдағы бас партиясын оқу және екі қолды бірге қосып оқу. Шығармамен жұмыс істеу  III – этаптан тұрады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Музыка мектебінде баян аспабын үйретудегі тиімді тәсілдер

Автор: Алпысбаева Ару Нұрланқызы

Дата: 28.09.2022

Номер свидетельства: 613996


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства