kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Музыка п?нінен 6 сынып?а арнал?ан саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дарынды сазгер, ?нші, а?ын к?йші М?хит Мер?лі?лыны? шы?армалары Батыс ?аза?станны? музыкалы? д?ст?рінде ?зіні? с?тті сазын тауып, ерекше орын?а ие болды. М?хитты? шы?армашылы? ?нерін с?з еткенде, белгілі ?нер зерттеушісі А.Затаевич “…?аза? ?ндері саласында М?хит халы? музыка элементтерінен ?зіндік ма?ынасы бар ?н мектебін ??рды”, - деп, д?л суреттеп жаз?ан. Ал ол М?хитты? ?зін “?аза?ты? Баяны” деп атап ?тті.
К?бінесе лирикалы? ?уенде келетін М?хит ?ндерінде адамны? Жан д?ниесін, ой – арманын, махаббат сезімін суреттеу, таби?атты тамашалау, адамны? жеке басына с?йсіну сезімдері мол бейнеленген. Оны? “Айдай”, “Бала Ораз”, “Алуаш”, “Иіс”, “З?уреш”, “Айнамк?з” т.б. ?ндері халы? арасына ке? тарап, Біржан, А?ан, М?ди, ?кілі Ыбырай сия?ты ірі ?нші –композиторларды? белгілі шы?армаларымен бірге халы?ты? ж?регін н?р?а толтырып келеді.
М?хит (М?хаметкерей) Мер?лі?лы ?азіргі Орал облысы, ?арат?бе ауданында?ы Жа?сыбай ?зеніні? бойында?ы А?ба?ай деген жерде 1841 жылы ау?атты жан?яда ту?ан. М?хитты? ту?ан а?алары Ш??герей, Са?ыпкерей, Жанша, Ж?сіптер домбырашы, ?ншілер бол?ан. Европалы? аспап – скрипкада да ойнау ?нерінде ме?герген. М?хит жас кезінен-а? ?нге, домбыра?а ?уес болып ?сті. Оны? дарыныны? Жан – жа?ты ашылып оянуына ?нерпаз а?аларыны? мол ?сері тиді. ?се келе М?хит елге билік ж?ргізетін т?реліктен, байлы? – д?улеттен бас тартып, бар ?мірін ?нерге ба?ыштайды. Ауыл?а келген ?нші, к?йші, а?ын –жырауларды? ?асында ж?ріп, ?нер ?йренеді. Ел аралап, ж?рме?келерге ?атысып, той – думанны? с?нін, халы? м?расын д?ріптеуші насихаттаушы болып, “?нші М?хит”, “сал М?хит” атанды. Орындаушылы? т?жірибесін шы?дай т?сіп, ?з жанынан да ?н шы?ара бастайды. Оны? шы?армасыны? ал?аш?ы кезе?інде шы??ан арнау ?ндері – “Айнамк?з”, “Алуаш”, “?илым” – адамны? Жан д?ниесі мен ?иял сезімін ?оз?ап, алыс?а ме?зейді. “Алуаш” ?нінде М?хит ?ыз жаныны? с?лулы?ын, сырт пішініні? сымбаттылы?ын шал?ыта суреттейді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Музыка п?нінен 6 сынып?а арнал?ан саба? жоспары»

Сабақтың тақырыбы: Ән құдіретін асқақтатқан – Мұхит сал 

Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі: Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит салмен таныстыру 

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену 

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту 

Сабақтың көрнекті құралдары: композитор суреті, аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі 

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу. 

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.

Дарынды сазгер, әнші, ақын күйші Мұхит Мерәліұлының шығармалары Батыс Қазақстанның музыкалық дәстүрінде өзінің сәтті сазын тауып, ерекше орынға ие болды. Мұхиттың шығармашылық өнерін сөз еткенде, белгілі өнер зерттеушісі А.Затаевич “…қазақ әндері саласында Мұхит халық музыка элементтерінен өзіндік мағынасы бар ән мектебін құрды”, - деп, дәл суреттеп жазған. Ал ол Мұхиттың өзін “қазақтың Баяны” деп атап өтті.
Көбінесе лирикалық әуенде келетін Мұхит әндерінде адамның Жан дүниесін, ой – арманын, махаббат сезімін суреттеу, табиғатты тамашалау, адамның жеке басына сүйсіну сезімдері мол бейнеленген. Оның “Айдай”, “Бала Ораз”, “Алуаш”, “Иіс”, “Зәуреш”, “Айнамкөз” т.б. әндері халық арасына кең тарап, Біржан, Ақан, Мәди, Үкілі Ыбырай сияқты ірі әнші –композиторлардың белгілі шығармаларымен бірге халықтың жүрегін нұрға толтырып келеді.
Мұхит (Мұхаметкерей) Мерәліұлы қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданындағы Жақсыбай өзенінің бойындағы Ақбақай деген жерде 1841 жылы ауқатты жанұяда туған. Мұхиттың туған ағалары Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер домбырашы, әншілер болған. Европалық аспап – скрипкада да ойнау өнерінде меңгерген. Мұхит жас кезінен-ақ әнге, домбыраға әуес болып өсті. Оның дарынының Жан – жақты ашылып оянуына өнерпаз ағаларының мол әсері тиді. Өсе келе Мұхит елге билік жүргізетін төреліктен, байлық – дәулеттен бас тартып, бар өмірін өнерге бағыштайды. Ауылға келген әнші, күйші, ақын –жыраулардың қасында жүріп, өнер үйренеді. Ел аралап, жәрмеңкелерге қатысып, той – думанның сәнін, халық мұрасын дәріптеуші насихаттаушы болып, “әнші Мұхит”, “сал Мұхит” атанды. Орындаушылық тәжірибесін шыңдай түсіп, өз жанынан да ән шығара бастайды. Оның шығармасының алғашқы кезеңінде шыққан арнау әндері – “Айнамкөз”, “Алуаш”, “Қилым” – адамның Жан дүниесі мен қиял сезімін қозғап, алысқа меңзейді. “Алуаш” әнінде Мұхит қыз жанының сұлулығын, сырт пішінінің сымбаттылығын шалқыта суреттейді.

Халық арасында “Бала Ораз”, “Жылқышы”, “Кіші айдай” болып та таралған келесі бір ән жайында А.Қ.Жұбанов былай деп жазады: “Өзі ақын, әнші Мұхит жасынан көркем сөзге үйір болды. Оның қызығып тыңдайтын жыры, толғауының бірі ақын Бала Ораздың шығармалары болса керек. Бір күні Мұхит Бала Ораздың аузынан шыққан “Жылқышы хикаясын” жадына түйіп алады…. Бұл аңыз Мұхиттың тұла бойын тегіс жібітіп, қатты толқытады. Қыршынынан қиылған екі жас, жанбай сөнген таза махаббат, екінші жағынан соққы мен сойылға сүйінген қара күш - әншінің асқақ қиялын аралап, тыныштығын кетіреді. Дарынды композитор сол арада домбырасын алып, қой ішегінің шегіне жеткенше қатты бұрап, Жан ашуының айқайындай дауыстың ең жоғарғы сағадан бастап, ащы да, айбарлы да дыбыс шығарады. Бала Ораздан есіткен аңыздың суретін көз алдына келтіре отыра сол оқиғаны дыбыс өнерімен өрнектейді. Ән салған жерден кульминациялық дыбыстардан басталып, сол дыбысқа қайталап үш – төрт реет төнеді. Ондай шығармашылық күш шығарушының бәрінде бірдей бола бермейді.” Мұхиттың жүрегінен жарып шыққан күйінішті шығармасының бірі - “Зәуреш әні”. Қайғылы көңілдің зарын, жоқтауын баян ететін бұл әннің әуені аса терең, үні мұңды. “…Медеттің үш әйелінен отыз ұл, бір қыз болады. Елге келген ауру –апаттан Медеттің отыз ұлы бірдей қайтыс болып, жалғыз Зәуре деген қызы қалады. Медет Орынборға жолаушылап кетіп, қайтып келгенінде, Зәуре де дүниеден өтеді. Тек шошайып моласы ғана қалады. Медет моланы құшақтап күңіренеді. Міне, осы трагедия Мұхитты қатты қобалжытады. Ол домбырасын алып, “Медет айтыпты” деген сөздерге ән шығарады. Әннің аты халық арасында “Зәуреш” болып тарайды. Мұхитты толқытып, оның шығарған әні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай сүйегін сырқыратады.” Философиялық тербеністерге толы Мұхиттың “Дүние – ай” әні музыкалық мазмұнының тереңділігімен ерекшеленеді.

Таланттылығы: Қазақтың көптеген ақындары сияқты Мұхит та өзінің талантының жан –жақтылығымен ерекшеленеді. Мұхит әнші, композитор, сонымен қатар домбырашы ретінде де танымал. Оның осы қасиеттері А.В.Затаевичтің “Қазақ халқының 1000 әндері” жинағында жазылған. Ол Мұхит күйлерін жазған алғашқылардың бірі болды. Осының бәрі Мұхиттың домбыра музыкасына жетік екенін дәлелдейді. Ән, күймен қатар Мұхит жақсы әңгімеші болды. Сонымен қатар, сол кездегі зейінді жігіттердің ұстаған өнерінің бірі – ою оюды ды машық еткен. Мұхиттың оюын зер төгетін қыздар көш жерден келіп алып кетеді екен. Бейнелеу өнері дамымай қалған жұрнақтары болса да іждағатты түрде зерттеп жию керек. Мұхиттың әншілігі, күйшілігі күшті орындаушылығы, шығармашылық қабілеті, өрнек өнерін де күйттегені оның өмірі мен шығармасын зерттеушілерге үлкен міндет артады, жауаптылық қояды.
Ол Боғда, Есбай, Абыл, Сәулебай күйлерін игеріп, өз жанынан да күй шығарған. Мұхиттың әншілік, күйшілік мұрасын біздің заманымызға жеткізген балалары Шоң, Нәу немесе Шайқы, Лұқпан, Ғұбайдолла Мұхитовтар мен Шынтас Қаратаев. Елуінші жылдардың ортасында Мұқит жөнінде Ж.Қосыбаев “Әнші Мұхит” атты кітап шығарды. Мұхиттың әншілік дәстүрін жалғастырып, халық арасына насихаттаушылар Ғ.Құрманғалиев, Т.Ибрагимова, Н.Әбілова тағы басқалар болды. Мұхит жүректі тебірентер сыршыл әндерімен бүкіл қазақ даласына танылған аса ірі тұлға, ғажайып дарында талант иесі.

Мұхит әндері:

Мұхит әндері: “Паңкөйлек”, “Қилаш”, “Әриайдай”, “Қоқыш”, “Айнамкөз”, “Кіші айдай”, “Үлкен айдай”, “Кербез қыз”, “Ақ иіс”, “Алуаш”, “Демалыс”, “Дүние – ау”, “Көк айдай”, “Жайма қоңыр”, “Еркем”, “Дүние”, “Дағанау”, “Зәуреш”, “Қыпшақ”.

Тыңдау: Мұхит «Үлкен Айдай»

Үйрену: К.Күмісбеков «Аяулы мекенім»

Муыкалық сауат: 

ІV. Мадақтау.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Музыка п?нінен 6 сынып?а арнал?ан саба? жоспары

Автор: Еркін Ахмет?лы

Дата: 11.01.2016

Номер свидетельства: 275210


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства