kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Музыка-халы?ты? рухани

Нажмите, чтобы узнать подробности

То?санды? та?ырыбы:      Халы?  музыкасы.

Саба?ты?  та?ырыбы:  :    Музыка-халы?ты? рухани ?азынасы.

Саба?ты?  ма?саты:    Саз  ?нері  туралы ??гімелеу,

                                           т?рмыс-салт,?деп  ??рып  жырларын 

                                           баланы?   бойына сі?іру.

 

Білімділік  м?ні:      Халы?  ?ндерін ,  к?йлерін  ты?дау , талдау,

                                    насихаттау.

Дамытушылы?ы:   ?нді с?йемелдеумен ?ндету ?дісін дамыту,

                                    музыкалы?  сауаттылы?ын  ашу, есту  ,

                                    есте  са?тау  ?абылеттерін  дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Музыка-халы?ты? рухани »

Мерзімі: Сыныбы:

Тоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы.

Сабақтың тақырыбы: : Музыка-халықтың рухани қазынасы.

Сабақтың мақсаты: Саз өнері туралы әңгімелеу,

тұрмыс-салт,әдеп ғұрып жырларын

баланың бойына сіңіру.


Білімділік мәні: Халық әндерін , күйлерін тыңдау , талдау,

насихаттау.

Дамытушылығы: Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту,

музыкалық сауаттылығын ашу, есту ,

есте сақтау қабылеттерін дамыту.


Тәрбиелік мәні: Оқушыларға халық музыкасы арқылы

ықпал ету, мәдениетін көтеру ,

ой - өрісін кеңейту.

Сабақ типі: Жаңа сабақ., аралас сабақ.

Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,

ән тексті, суреттемелер, карточкалар.

Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих , жаратылыстану , т. б.


Пайдаланған әдебиеттер: Музыка оқулығы 5 сынып

«Атамұра» бағдарламасы бойынша.


Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж..Еңсепов ,Ж.Сәрсембенов

Сабақ барысы

уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу,түгелдеу.

2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Халық музыкасы.

3

Жаңа сабақты түсіндіру

8 минут

Қазақтың халық музыкасы.

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

«Кішкентай» күйі

5

Әндету

8 минут

«Елім - ай »әні .

6

Шығармашылық жұмыс

3 минут

Өзімдік жұмыс.(реферат)

7

Музыкалық ойындар

7 минут

Әуенді тыңда !

8

Қорытындылау

5 минут

«Қазақтың халық музыкасы».

9

Бағалау

3 минут

«5», «4», «3».

10

Үйге тапсырма

2 минут

Халық әні «Елім – ай».



Иә, саламатсыңдарма балалар! Бүгінгі біздің өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы: « Қазақтың халық музыкасы».


Өнер – халық тарихының шежіресі.Өнерде өмір , тіршілік құбылыстары , адамның күйініш - сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді.

Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры ,салт – дәстүрі ,өмір сүрген ортасы мен әдет – ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан - ұрпаққа жалғысып,тарих арнасына айналды.Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.

Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып , тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс - тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы ән мен күйі.

Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, азамат тіршілігіндегі оқиғалары , алуан түрлі ойларды ән - әуенмен жеткізе білген.

Сондай- ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын көтере жүріп , бесік тербеткен аналар да өздеріне алдымен әнді серік еткен. Қыз ұзату, үйлену тойлары,халықтық ойын – сауықтар барлығы да ән – күй аясында өтеді.

Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмірді көксеген Қорқыт , ұлы ғұлама ғылым әл – Фараби , бейбіт , тыныш өмірді аңсап , Желмаясын желдіріп, дүниені кезген Асанқайғы бабалармыз үміт- армандарын музыка тілімен жеткізді.Одан бергі Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Қазанғап, Дина, Сүгір және тағы басқа дарын иелері халқының бастан кешкен тауқымет – тағдырларын музыкамен суреттеп өтті.

Сөйтіп , халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс- тіршілігімен жұптаса

жалғасып келеді. Сендер, балалар, бүгінгі күннің ұрпақтары, сол ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларды көкейге тоқып , бойға сіңіріп өссеңдер,тарих тағлымы жалғаса бермек.


Музыкалық шығарма тыңдау:


Құрманғазының күйі « К і ш к е н та й »


Құрманғазының бірінші тырнақалды күйлерінің бірі – «Кішкентай» отызыншы жылдардың аяқ кезінде

шығады. Құрманғазы бұл күйді «кішкене інісінің үлкен ағасы - Исатайға арнауы» депті.

Сондықтан күй «Кішкентай» атанып кетсе керек.



Дауыс ашу жаттығуларын орындау.

* Дұрыс тыныс алу - әншілік өнердегі басты

алғышарттардың бірі, оларды үнемі орындау қажет.





Әндету:

Елім – ай.

1. Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Елім – ай, елім – ай!


2. Қарындастан айырылған жаман екен ,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді ,

Елім – ай , елім – ай!


3.Мына заман қай заман? Қысқан заман .

Басымыздан бақ – даулет ұшқан заман .

Елім – ай, елім- ай.


4. Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман .

Еліма – ай , елім – ай.

5. Бауырынан айырылған жаман екен ,

Күн бар ма екен көрісер есен – аман!

Елім – ай , елім –ай !

Қорытындылау:


* Тарихи оқиғаларға арналған ән – күйлерді ата.


* Аңызға құрылған қандай ән – күйлерді білесің?


* Халықтың тұрмыс – тіршілігіне , салт – дәстүріне

байланысты шыққан ән – күйлерді есіңе түсір.


Үйге тапсырма:


Халық әні «Елім – ай » жаттау, әндету.

Халық музыкасы дегеніміз не?

Қандай халық күйшілерін білесің?

Қазақ халық аспаптарын ата.


Бағалау: «5» - «4» - «3» -



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Музыка-халы?ты? рухани

Автор: Дайырова Анеля Абай?ызы

Дата: 31.01.2015

Номер свидетельства: 164681


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства