kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.Макатаев "Кайран Карасазым-ай"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашы? саба?ты? ма?саты ар о?ушыны? бойында?ы санасына ту?ан еліне, ?скен жеріне, таби?атына деген с?йіспеншілік сезімдерін дамыту. Адамгершілікке, имандылы??а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.Макатаев "Кайран Карасазым-ай"»

Мұқағали Мақатаев: Қайран – Қарасазым-ай!

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Туған ел, туған жер және оның әсем табиғаты туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Әр оқушы бойындағы, санасындағы туған еліне, өскен жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Кіріктіру (музыка+ана тілі)

Сабақ түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Көрнекілік: 1.«Ауылым-мақтанышым» слайдтар.

2.Үнтаспа «Қайран, Қарасазым-ай!» әнін тыңдау

Сөзі: М.Мақатаев. Әні: Т.Шапай

3.Жаңа сабаққа байланысты суреттер. «Қарасаз ауылы»

4. Музыкалық тест

Сабақ барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі:

(Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындаудан басталады.)

  • Балалар ,сендер ана тілі пәнінен:

  • «Туған жер – тұғырым,

Өскен елім – өзегім » - атты үлкен бөлімді өттіңдер.

  • Осы бөлімде қандай белгілі ақындарымыздың туған жер туралы шығармаларымен таныстыңдар?

  • Қасым Аманжоловтың «Туған жер», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Туған еліме».

(Оқушылар осы жаттаған өлеңдерінен үзіндіні жатқа айтады.)

М.Мақатаев қазақтың аса дарынды, дүлдүл ақыны. Ақын өлеңдерін тебіренбей оқу мүмкін емес.

Ақын (1931-1976 ж.ж.) өзінің қысқа өмірінде артына үлкен мұра қалдырды. Оның өлеңдерін біз мақтанышпен оқимыз. М.Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында өмірге келген. Сонда мұражай үйі бар. Алматыда М.Мақатаевқа ескерткіш орнатылған. Ақын атында мектеп, көше бар. Мұқағали өлеңдеріне көптеген сазгерлер ән жазып, ел арасында кеңінен орындалып жүр. Соны бір бүгінгі жаңа сабағымызда танысқалы отырған «Қайран, Қарасазым-ай!» өлеңі.

-Балалар, өздерің жаңа ғана танысқан М.Мақатаевтың «Қайран, Қарасазым-ай!» өлеңіне сазгер Т.Шапай ән жазған. Әнді үнтаспадан белгілі әншілер Р.Стамғазиев пен Ұ.Қабаеваның орындауында тыңдайық. Әнді мұқият тыңдаңдар, соңынан алдарыңдағы музыкалық тестпен жұмыс жүргізесіңдер. (Тест жиналып, соңынан бағаланады.)

Сергіту сәті: «До мажор гаммасы».

Әр топ өлең мазмұнына сәйкес сурет салады. Дайын суреттер тақтаға ілінеді.

Ойын. «Сиқырлы таяқ». (Балаларды ойын тәртібімен таныстыру.)

Ойын мақсаты: Туған жер туралы мақал – мәтел айту.

  • Балалар, Мұқағали атамыздың «Сәлемдеме» деген өлеңімен танысып, әнін үйренеміз. Әнін жазған белгілі сазгер А.Қоразбаев (Әр оқушының алдына өлең сөзі таратылған.)

«Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» - дейді. Сендер өз туған жерлерің туралы не айтар едіңдер?

Олай болса балалар, сендермен бірге «Атамекен» әнін бірге орындайық. (Слайдтан ауылымыздың көрікті жерлері көрсетіледі.)

Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса осы сабақтан алған әсерлеріңді алдарыңдағы жұлдызшаларға жазып, тақтадағы күннің шуағына әкеліп іліңдер.

Қорытынды: Енді сабағымызды қорытындылайық. Бүгінгі сабақта қысқа ғұмыр кешсе де, сол ғұмырын «Туған елім, Отаным» деп өткен ұлы ақынымыз М.Мақатаевтың «Қайран, Қарасазым-ай!» атты тағы бір тамаша өлеңімен таныстық. Сабаққа белсене қатысып, өзін жан-жақты көрсете білген оқушыларды бағалайық.

Ибраимов Дархан Асқарұлы

Музыка пәнінің мұғалімі

Алакөл ауданы

Жыланды орта мектеп-лицейі


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
М.Макатаев "Кайран Карасазым-ай"

Автор: Ибраимов Дархан Аскарович

Дата: 27.04.2016

Номер свидетельства: 323198


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства