kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл ашық сабақ музыка мектептеріндегі сольфеджио мен теория сабақтарында оқушылардың музыкалық сауаттылығын арттырудың  негізгі тақырыптарының бірі болып табылады.  Оқушылар тұрақты және тұрақсыз дыбыстарды ажырата білу, теориялық алған білімдерін аспапта ойнау кезінде қолдана білу болып табылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар»»

«Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар»

  • Сабақтың тақырыбы

  • Тәрбиелік

  • Сабақтың түрі

  • Үй тапсырмасын тексеру

  • Интервал атауы Белгіленуі Басқыш саны Тондық құрамы

  • Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар

  • Сабақты қорытындылау, үй тапсырмасы

  • Бағалау


Ашық сабақ
Күні: 1 10.2015ж

Пән: Сольфеджио

Мұғалім:Ргелова К.Б.

Сынып: 4 бөлімі: ХАБ



Сабақ жоспары

- Ұйымдастыру 2мин

- Үй тапсырмасы 15мин

- Жаңа тақырып 45 мин



- Қорытындылау, бағалау 3мин

Сабақтың тақырыбы: «Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар»
Мақсаты: Сольфеджио пәніндегі аса қажетті тақырыпты терең меңгеру.
Білімділік: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың «Интервал» деген тақырыпқа қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, дүниетанымын кеңейту, салыстырмалы тыңдау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас

Керекті құралдар: тақта, магнитті тақташалар, кестелер, плакаттар, оқулықтар, фортепиано, лото-интервалдар, карточкалар.

Сабақтың жүру барысы
Ұйымдастыру: Сәлемдесу, тізім бойынша оқушыларды тексеру.
Керекті құралдар: тақта, магнитті тақташалар, кестелер, плакаттар, оқулықтар, фортепиано, лото-интервалдар, карточкалар.

Сабақтың жүру барысы
Ұйымдастыру: Сәлемдесу, тізім бойынша оқушыларды тексеру.


Үй тапсырмасын тексеру:


  • Балалар, үйге берілген тапсырма қандай?


  • Топпен №27 жаттығуды әндету (алдымен, жаттығу тональдігіне түсу, гамма, Т53 әндету)

Үй тапсырмасын тексеру:

  • Балалар, үйге берілген тапсырма қандай?

  • Топпен №27 жаттығуды әндету (алдымен, жаттығу тональдігіне түсу, гамма, Т53 әндету)

  • Екі топқа бөлініп, №296 жаттығу-канонды әндету

Балалар, біз өткен сабақта «Мажорлы және минорлы тональдіктер» деген тақырыпты өттік. Үйден ережені жаттадық па? Олай болса біз қазір екі топқа бөлініп, сабағымызды қызығырақ болуы үшін топ-топпен жарысып көрейік.

Өткен тақырыпты бекіту үшін, әр топқа бір кестеден беріліп, дұрыс жауабын табу. Оқушылар стрелкамен белгілеп көрсету керек. Әр дұрыс жауапқа сәйкесінше қызыл карточкадан беріледі



1-топқа:


Соль мажор



As-dur


Ля бемоль мажор


H-dur


Си бемоль мажор


B-dur


Си мажор


G-dur


2-топқа:


До минор




fis-moll


Фа диез минор


es-moll


Си минор


c-moll


Ми бемоль минор


h-moll





Жаңа сабақ:

-Бүгінгі біздің танысатын жаңа тақырыбымыз «Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар». Мажор сөзіне түсінік берсек. «Мажор» - итальян сөзі – «үлкен, қатаң» деге мағынаны білдіреді. Мажор ашық, көңілды саз. Әріптік жүйеде dur сөзімен белгіленеді. Оның тондық құрамы манадай:



Тон – тон –жарты тон -тон - тон -тон – жарты тон немесе

2 тон – жарты тон – 3 тон – жарты тон
Осы жерде бұрын өткен материалды еске түсірейік. Қойылатын кіріспе сұрақтар:

- Интервал деген не? (кез келген 2 дыбыстың аралығы)


ИНТЕРВАЛДАР


Интервал атауы


Белгіленуі


Басқыш саны


Тондық құрамы


Таза прима


т1


1


0 тон


Кіші секунда


к2


2


0,5 тон


Үлкен секунда


ү2


2


1 тон


Кіші терция


к3


3


1,5 тон


Үлкен терция


ү3


3


2 тон


Таза кварта


т4


4


2,5 тон


Таза квинта


т5


5


3,5 тон


Кіші секста


к6


6


4 тон


Үлкен секста


ү6


6


4,5 тон


Кіші септима


к7


7


5 тон


Үлкен септима


ү7


7


5,5 тон


Таза октава


т8


8


6 тон

- Интервалдың сапасына қарай қандай түрлерін білеміз? (таза, кіші, үлкен)



- Интервалдың жалпы неше түрі бар? (сегіз: прима, секунда, терция, кварта, квинта, секста, септима, октава)

- Олардың қайсысы тек қана таза болып бөлінеді? (т1, т4, т5, т8)

- Ал кіші және үлкен болып бөлінетін интервал түрлерін атап шығайық (секунда, терция, секста және септима).

- Жарайсыңдар, өткен материалды ұмытпапсыңдар!

Енді тақтадағы кестеге назар аударайық.

Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар


мажор


I


II


III


IY


V


VI


VII


к2






*


*






*


ү3


*








*






т4


*


*


*


*


*


*


*


т5


*


*


*


*


*


*




ү6


*


*




*


*






ү7


*






*







Бұл кесте бойынша сол қатарда жазылған интервалдарды берілген басқыштарда (оң қатарда) құрылады. Бұл кестеге қарап, тондық құрамын есептемей-ақ, интервалды жылдам құра аламыз. Мысалы, үлгі ретінде До мажорда құрып көрейік. Сұрақ:

- До мажордың әріптік белгісі мен кілт белгісін кім айтады? (С-dur, кілт белгісі жоқ). Тақтаға кесте бойынша секунда және терция интервалдарын құрып көрейік.

к2 – III (ми-фа); к2 – VII (си-до)

ү3 – I (до-ми); IV (фа-ля) V (соль-си)

Біз жаңа секунда және терция интервалын құрдық. Әлі кварта, квинта, секста және септима интервалдары бар. Оларды үйден аяқтап құрып келеміз.


Тыңдау анализі

Қазір мен сендерге (екі топқа) магнит-тақташадан беремін. Ал сендер естіген интервалды өздеріңе үлестірілген лотомен тексеріп, тақтаға жабыстырасыңдар. Мен сендерге тек таза интервалдарды ойнаймын. Қай топта лото неғұрлым көп болса, сол топ жеңімпаз болады.

Алдымен, әр интервалға кішігірім талдау жасайық:

1) прима – бір дыбыстың қайталануы (оңай)



2) октава – бір дыбыстың келесі биіктікте естілуі (өте кең)

3) кварта – төрт дыбыстың аралығы (естілуі қатты, «Оян, қазақ!» өлең жолдарына сай келеді және домбыра аспабының екі ішегінің аралығын еске түсіреміз)

4) квинта – бес дыбыстың аралығы. (іші бос, әрі жұмсақ естіледі)


т1 т4 т5 т8 т5 т1

т4 т8 т5 т4 т1 т5
Сұрақ арқылы дұрыс, бұрыстығын тексеру.


  • Қай топта дұрыс жауап көп екен? (дұрыс жауап арқылы қызыл


карточкадан тарату)
Жаттығу талдау: Берілген жаттығуға талдау жасау: тональдігін анықтау, интервалды анықтау, аспаппен бірге әндету; (Тональдігі Соль мажор, ү3/ү2/к6/ү2/к7/т4)






Сабақты қорытындылау, үй тапсырмасы:


  • Балалар, бүгінгі сабақта біз қандай тақырып өттік? («Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар»)


  • Кесте бойынша ү7 нешінші басқыштардан құрылады екен?


  • Енді бүгін өткен жаңа тақырыбымызды бекіту үшін, тағы бір ойын


ойнайық. Ойынның шарты: әр топқа бір жаттығудан беріледі. Топтағы оқушылар сол жаттығудың ішінен соғұрлым көп интервал табу керек. Көп тапқан топқа қызыл карточка беріледі.
1-топқа:

2-топқа:


Бағалау: Екі топтан жеңімпаз топты анықтау. Сабаққа белсене қатысқан

оқушыларды бағалау.



Үйге тапсырма: Кесте бойынша кварта, квинта, секста және септима

интервалдарын дәптерге құру, ереже жаттау.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Баева Н., Зебряк Т., «Сольфеджио для І-II классов»: №296 / Москва «Кифара», 2003.

2. Давыдова Е. «Сольфеджио IYкл ДМШ»: №27 / Москва «Музыка» 1991

3. Калинина Г.Ф. «Сольфеджио, рабочая тетрадь 4класс» / Москва, 2013

4. Камаева Т., Камаев А., «Азартное сольфеджио» / ЦРТС «Доминанта»

5. Қазиева Б. «Музыка сауатынан практикалық көмек» / Алматы, 1995.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар»

Автор: Ргелова Кульгазы Бигазиевна

Дата: 26.10.2020

Номер свидетельства: 561271


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства